1 кесте Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің



бет2/5
Дата23.02.2016
өлшемі395 Kb.
#2882
1   2   3   4   5

* Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 жылғы қаңтар-қыркүйектегі деректеріне сәйкес Туризм саласында қызметтер көрсететін ұйымдардың жиынтық табысы 82 302,5 млн. теңгені құрайды 2010 жылдың талдамалы кезеңімен салыстырғанда (78 215,9) 5,2 %-ға көбейді.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің статистикалық деректеріне Туризм саласында қызметтер көрсететін ұйымдардың жиынтық табысы бойынша 2011 жылдың көрсеткіші 2012 жылдың бірінші тоқсанының соңында белгілі болады.

Жалпы туризм саласында қызметтер көрсететін ұйымдардың жиынтық табысы 2010 жылы 110,1 млрд. теңгені құрады, яғни 2009 жылмен салыстырғанда 32,8%-ға, ал, 2008 жылмен салыстырғанда 62,6 % (67,7 млрд.теңге) артты.



2-стратегиялық бағыт. Халықтың дене тәрбиесі жүйесін жаңғырту және қазақстандық спорттың әлемдік спорт аренасында бәсекеге қабілеттілігін арттыру

2.1-мақсат. Елде бұқаралық спортты дамыту



Аталған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың кодтары 006, 009, 104

Соңғы жету мерзімін (кезеңін) көрсете отырып, нысаналы индикаторлардың, міндеттердің және тікелей көрсеткіштері жетістіктерінің атаулары

Ақпарат көздері

Өлшем бірлігі


Есептік кезең

Қол жеткізбеу себептері

Жоспар

2011 жыл

Факт

1

2

3

4

5

6

Нысаналы индикатор
















  1. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтар 2015 жылы 25%-ға дейін қамтылады

Статистикалық деректер

%

18,8

20,0





2. Мамандарылған спорттық ұйымдарда шұғылданатын балалар мен жеткіншектер балалар мен жеткіншектердің жалпы санынан 2015 жылы 12 % қамтылады

Статистикалық деректер

%

10,0

10,6





2.1.1-міндет. Халықтың қимылдау белсенділігі үшін мүмкіндікті қамтамасыз ететін жағдайлар жасау

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері
















1. Дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын оқушылардың үлесі, жалпы оқушылардың санында

Ведомствалық статистикалық деректер

%

22,0

22,0*





2. Дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын студенттердің үлесі, студенттердің жалпы санында

Ведомствалық статистикалық деректер

%

24,0

24,0**





3.Дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын жасы 24 және одан да жоғары азаматтардың үлесі осы жас санаттағы жалпы санынан

Ведомствалық статистикалық деректер

%

12,0

13





4.Дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын мүгедектердің үлесі, мүгедектердің жалпы санынан

Ведомствалық статистикалық деректер

%

7,0

7,7





5. Спорт шараларына қатысатын мүгедектердің үлесі дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын мүгедектердің жалпы санынан

Ресми деректер

%

24,1

24,8






6. Шаңғы спорты түрлерімен айналысатын халықтың үлесі

Ресми деректер

%

0,8

1,7




7. Жоспарланған іс-шаралардың жалпы санынан үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) тартумен өткізілген спорттық-бұқаралық іс-шаралардың үлесі

Ресми деректер

%

40,0

40,0





8.Уақыт пен шығындарды қоса алғанда, бизнесті тіркеуге және жүргізуге байланысты операциялық шығындарды (рұқсат, лицензия, сертификат алу, аккредитация, консультация алу) 2011 жылы 15%-ға және 2015 жылы 2011 жылмен салыстырғанда тағы да 15%-ға азайту

Ресми деректер

%

15


15




Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар




2. Президенттік тестті тапсыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге бағытталған шараларды іске асыру

2011 жылғы мамырда республикамыздың барлық өңірлерінде Президенттік тестер бойынша нормативтерді тапсыру жөнінде іс-шаралар өткізілді.

Президенттік тестер бойынша нормативтерді тапсыру жөніндегі іс-шараларға

2 492 мың адам, оның ішінде ауылды жерлерден – 1 425,2 мың. адам қатысты. Іс-шараға 5 сыныптың – 210,2 мың оқушылары қатысып, – 4 263 нормативтер тапсырды, 9 сыныптың – 230 мың. оқушылары қатысып, 6,3 мың. адам – норматив тапсырды, 11 сыныптан – 155,4 мың. адам қатысып, 4,0 мың. адам – нормативтер тапсырды, 18-23 жас аралығындағы – 597,8 мың жастар қатысты, 19,6 мың адам – нормативтерді тапсырды.

24-30 жастағы жастар ұлттық даярлық деңгейі бойынша нормативтерді – 1270,4 адам тапсырды, оның ішінде 72,2 мың адам – өте жақсы, 444,8  адам – жақсы, 241,1 мың адам – орташадан жоғары, 317,8  адам – орташа, 145 мың. адам – орташадан төмен, 106,7 мың. адам – төмен, 72 мың. адам – өте төмен.

Ұлттық дайындық деңгейі бойынша 18-23 жастағы жастар нормативтер тапсырды.

5 сыныптан – 10,7 сыныптан – 11,4 сыныптан – 11,2 оқушы және 18-23 жастар арасында – 33,0 007 адам қатысты.






3. Жыл сайынғы «Президенттік миль» атты тесттерді (2,4 км) тапсыру арқылы 24 жастан бастап және одан да жоғары жастағы халықты дене дайындығын жыл сайын тестілеуді ұйымдастыруға бағытталған шараларды іске асыру

2011 жылдың қазан айында «Президенттік миль – Денсаулыққа жол » атты тесттер (2,4 км) өткізілді. Оған жалпы 1 504 5 88 адам қатысты, оның ішінде жалпы білім беру мектептерінен - 605 083, кәсіби техникалық мектептерінен – 55 087, гимназия мектептерінен – 55 696, мектеп-лицейлерінен – 21 776 оқушы, колледждерден – 103 132, Жоғарғы оқу орындарынан – 134 793 студенттер, әлеуетті құрылымдардың – 25 536, ұйымдармен кәсіпорындардың – 239088 өкілдері, халық өзге түрлері – 26 43 97 адам қатысты.




4.Кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер ұжымдарының күн тәртібіне өңдірістік гимнастиканы үнемі өткізуді енгізу

Кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің ұжымдарында үнемі өндірістік гимнастика өткізу үшін әдістемелік құралдарды әзірлеу және оны шығару жөніндегі қызметке мемлекеттік тапсырыстар жарияланды. 2011 жылғы қарашада қызметті жабдықтаушысы «НИССА» гендерді зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігімен «Алдаспан сауықтандыру әдістемесі» әдістемелік құралдар шығарылды, оның саны 800 дана.

Әдістемелік құралдар өңірлерге таратылды.






5. Бұқаралық спорт түрлері бойынша кешенді спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу

2011 жылғы қыркүйектте Шымкент қаласында БАҚ-ның қызметкерлері арасында С. Бердіқұловты еске алуға арналған спартакиада өткізілді. Облыстық 8 команданың өкілдері 140 астам адам қатысты. Үшінші жалпы командалық орынды Жамбыл облысы, екінші Оңтүстік Қазақстан облысы, бірінші орынды Алматы облысының командасы иеленді. Жарыс 5 спорт түрі бойынша (кіші футбол, волейбол, шахмат, шашки, үстел теннис) өткізілді.

Атырау қаласында орталық мемлекеттік органдар арасында республикалық спартакиада өткізілді. Спартакиадаға 6 спорт түрі: баскетбол, бильярд, волейбол, кіші футбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ бойынша 14 команда 584 адам (179 әйел) қатысты.

Бірінші жалпы командалық орынды Атырау облысының, екінші орынды Алматы облысының, үшінші орынды Шығыс Қазақстан облысының командалары иеленді.

Осы іс-шара федерацияның, қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен 6 спорт түрі бойынша өткізілді.

Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың жүлдесіне «Қазақстан Барысы»-атты қазақ күресі бойынша республикалық турнир өткізілді. Турнирдің қорытындысы бойынша бірінші орынды Қызылорда облысының спортшысы, екінші орынды Жамбыл облысының спортшысы, үшінші орынды Шығыс Қазақстан облысының спортшысы иеленді.

Осы іс-шара федерацияның, қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен қазақ күресі бойынша өткізілді.







5.1. Бұқаралық спорт түрлері бойынша жыл сайынғы салалық спартакиадалар

Астана қаласында жазғы спорт түрлері бойынша салааралық спартакиада өткізілді, онда республикамыздың министрліктері мен ведомстволарының қызметкерлері қатысты.

Спартакиада қорытындысы бойынша бірінші орынды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, екінші орынды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, үшінші орынды Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі иеленді. Жарыс 5 спорт түрлері бойынша өткізілді, олар: волейбол, кіші футбол, бильярд, стритбол, шахмат. 2011 жылы 4 желтоқсанда Астана қаласында қысқы спорт түрлері бойынша салааралық спартакиада өткізілді, онда Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарының қызметкерлері қатысты. Спартакиада спорттың үш түрі бойынша: 35 жастағы және одан жоғары жастағы ерлер мен әйелдер арасында шаңғы тебу; 35 жастағы және одан жоғары жастағы ерлер мен әйелдер арасындағы жастар тобы бойынша коньки тебу және отбасылық жарыстар өткізілді. Спартакиада қорытындысы бойынша бірінші орынды Төтенше жағдай министрлігі, екінші орынды Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, үшінші орынды Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік комитеті иеленді.

Осы іс-шара 2 спорт түрі Федерацияның қоғамдық бірлестіктерінің қатысумен өткізілді.





5.2. Ұлттық және мүгедектер спорт түрлерінің фестивалі, ойындары

2011 жылғы қыркүйектің 20-ынан 26-ына дейінгі аралықта Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Ұлттық спорт түрлері фестивалінің III қорытынды кезеңі өтті.

Осы фестиваль 3 кезеңде өткізілді: 1 кезең – ауыл округтерінің жарысы; 2 кезең – аудандық жарыстар; 3кезең – облыстық жарыс.

Фестивальға 14 облыстың, сондай-ақ, Астана және Алматы қалаларының 14 спорт түрінің (16 шаршы метрде қазақша күрес, аударыспақ, топ бәйге, 3 шаршы метрде саятшылық, көкпар, жорға жарыс, жекпе-жек, теңге ілу, қыз қуу, асық ату, тай жарыс, 7 шаршы метрде аламан бәйге, тоғызқұмалақ, құнан жарыс) ең күшті спортшылары қатысты.

Ақтық жарысқа 582 спортшы қатысты. Фестиваль Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің, Қазақстан халқының ассамблеясының, «Нұр Отан» халық демократиялық партиясының және Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қолдауымен өткізілді.

Фестиваль қорытындысы бойынша командалық орындарды Алматы облысының командасы бірінші орынды, Шығыс Қазақстан облысының командасы екінші орынды, үшінші орынды Астана қаласының командасы бөліп алды.

2011 жылғы қазанның 5-інен 9-ына дейінгі аралықта Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының ІІІ паралимпиадалық ойындары өткізілді. Жарысқа барлық өңірдің 452 спортшылары қатысты (Шығыс Қазақстан облысынан басқа). Алты (көздің қозғалтқыш демеу аппаратының бұзылуымен) жүзу, пауэрлифтинг қозғалтқыш демеу аппаратының бұзылуымен), оқ ату қозғалтқыш демеу аппаратының бұзылуымен), жеңіл атлетика қозғалтқыш демеу аппаратының бұзылуымен), үстел теннисі қозғалтқыш демеу аппаратының бұзылуымен) паралимпиадалық спорт түрлері бойынша 523 медаль топтамасы ойнатылды. Барлық өңірлерде мамыр қыркүйек кезеңінде ойындардың облыстық және қала кезеңдері өткізілді, оған 2000 спортшы мүгедектер қатысты.

Қазақстан Республикасының ІІІ Паралимпиадалық ойындарының қорытындысы бойынша бірінші орынды Алматы қаласы, екінші орынды Алматы облысы, үшінші орынды Қарағанды облысы иеленді.




5.3. Әртүрлі санаттағы спортшылардың республикалық спартакиадасы

I қысқы жастар ойындары

Ү.ж. наурызда Ақмола облысының Көкшетау қаласында І қысқы жастар ойындарының салтанатты ашылуы өткізілді. Ойындар спорттың 13 түрі бойынша республиканың төрт өңірінде өткізілді. Шығыс Қазақстан облысының командасы 1 орында, Астана қаласының командасы – 2 орынды, 3-ші орынды Астана қаласының командасы иеленді.



Қазақстан Республикасының III жазғы спартакиадасы

Ү.ж. ақпанда Қазақстан Республикасының ІІІ жазғы спартакиадасы басталды. Спартакиада республиканың 11 өңірінде 46 спорт түрі бойынша өткізілді. Есептік кезеңде Спартакиада 27 спорт түрі бойынша өтті, оның қорытындысы бойынша Алматы қаласының командасы 1-ші орынды, Оңтүстік Қазақстан облысы екінші орынды, Астана қаласының командасы үшінші орынды иеленді.






5.4. Шаңғы жарысы, коньки тебу спорты және флорболдан Қазақстанның Арнайы қысқы ашық Олимпиадасы.

2011 жылғы наурызда БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ), министрліктің, Астана қаласы әкімдігінің, Астана қаласының Салауатты өмір салтын жетілдіру орталығының, «Қазақстанда Конако Филипс» компаниясының, Қазақстанның Халық банкінің қолдауымен Қазақстанның 10-шы қысқы арнайы ашық олимпиадасы өткізілді. Алғаш рет Ресейден, республикамыздың 12 облысынан, Астана және Алматы қалаларынан интеллектуалды мүмкіндігі шектеулі 250 атлет коньки тебу, шаңғы және флорбол жарыстарына қатысты.





6. Азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен форумдар, дөңгелек үстелдер, конференциялар ұйымдастыру

2011 жылғы тамызда Астана қаласында «Бейбітшілік және келісім сарайында» бизнес, қоғам және мемлекет өкілдерінің қатысуымен І спорт форумы өткізілді. Форум шеңберінде ұйымдастыру конференциясы және «Ел Қайраты»-атты республикалық ауыл дене шынықтыру-спорт қоғамының тұсаукесері, «Қазіргі заманғы спорт: инновацияларымен, перспективалары» тақырыбы бойынша экспозициялық көрме, сондай-ақ, мынадай тақырыптар бойынша: «Спорт – жастарды тәрбиелеудің тиімді формасы, салауатты өмір салтына қосу, патриотизмді дамыту», «Спортқа инвестицияны тарту арқылы қазіргі заманғы спорт инфрақұрылымын дамыту», «Спорттың дамуына бизнестің, қоғамның және мемлекеттің өзара әрекетті: проблемалары және перспективалары», «Жоғары спорт жетістіктерінде ғылыми әдістемемен қамтамасыз ету. Спорт ғылымы мен медицинасы», «Спортты көпшілікке тарату және насихаттау мәселелерінде бұқаралық коммуникация құралдарының барлық әлеуетін жүйелі пайдалану» дөңгелек үстелдер өткізілді. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт Білім және ғылым, Денсаулықты сақтау, Ішкі істер, Қорғаныс, Байланыс және ақпарат, Ауыл шаруашылығы министрліктері, Астана қаласының әкімдіктері арасында Денешынықтыру және спорт саласы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Форумға шетелдік және ТМД елдерінің, еліміздің қоғамдық бірлестіктер, бизнес құрылымдарының өкілдерінің қатысты. Осы іс-шараға «Ел-Қайраты»-атты республикалық ауыл дене шынықтыру спорт қоғамы, «Жастар» республикалық қоғамдық бірлестіктері, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлерінің қауымдастығы, Спорт түрлері бойынша федерациялары қатысуымен өткізілді. 2011 жылғы 18 қарашада облыстардың, «Ел-Қайраты»-атты республикалық ауыл дене шынықтыру спорт қоғамының қатысуымен «Ауылды жерлерде дене шынықтыру және спортты дамыту проблемаларымен болашағы»-атты семинар-кеңестер өткізілді. 2011 жылы 4 желтоқсанда Астана қаласында жастар арасында «Жастар» Республикалық дене шынықтыру спорт қоғамының» кезектен тыс «Мен спортты таңдаймын»-атты есептік конференциясы өтті. Аталған конференцияға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, Астана және Алматы қалаларының өкілдері, Жоғары оқу орындарының және Орта оқу орындарының ректорлары қатысты. Күн тәртібінде «Жастар» Республикалық дене шынықтыру спорт қоғамы» жұмысының одан әрі белсенділігі және өңірлерде филиалдар ашу туралы мәселелер қарастырылды.




7. Тұрғылықты жерлері бойынша балалардың, жеткіншектердің аула клубтары мен спорт клубтарының желісін құру (ЖАО-мен бірге)

Тұрғылықты жерлері бойынша балалардың, жеткіншектердің аула клубтары мен спорт клубтарының желісін құру жөнінде іс-шараларды іске асыру жөнінде ведомстволық 2-ФК статистикалық есебіне сәйкес тұрғылықты жерлері бойынша балалардың, жеткіншектердің аула клубтары 2010 жылмен салыстырғанда – (2010жылы – 523) 2011 жылы 10,5% яғни 578 бірлікті құрайды. Спорт клубтарының желісі 2010 жылмен салыстырғанда (2010 жылы – 1725) 2011 жылы 1 840 бірлікті құрайды.

Бүгінгі күні жалпы білім беретін мектептерде дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын оқушылардың үлесі, жалпы оқушылардың санынан 22,0%-ды құрайды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің «Дене шынықтыру және спорт саласында балалар мен жасөспірімдердің қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 20 мамырдағы № 6970 тіркелді. Аталған бұйрық «Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланды.

«Ел Қайраты»-атты республикалық ауыл дене шынықтыру-спорт қоғамын құру мақсатында 2010 жылғы 22 қарашада «Туризм және спорт және Ауыл шаруашылығы министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы» меморандумға қол қойылды, сонымен қатар, республикалық ауылдық дене шынықтыру-спорт қоғамы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылғы 25 мамырда № 5199-1900-00 тіркелді.







8. Білім беру мекемелерінде спорт секцияларын және спорт клубтарын құру жөніндегі шараларды іске асыру (БҒМ бірге)

2011 жылғы ведомстволық статистикалық 2-ФК есебіне сәйкес Білім беру мекемелерінде балалардың, жеткіншектердің аула клубтары 8,5%-ға артты, яғни 575 бірлікті (2010 жылы - 530) құрайды, халықтың қызығушылық танытуы бойынша дене шынықтыру-сауықтыру клубтары – 6,2% - ға артты, яғни 1083 (2010 жылы - 1020) бірлікті құрайды.

2011 жылы тамызда Спорт және дене шынықтыру дамыту саласында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ынтымақтастығы туралы меморандум әзірленді. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде «Дене шынықтыру спорт қоғамы (спорт клубтары) қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 7145 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелді. Аталған бұйрық «Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланды.






9. Мүгедектерге арналған спорт клубтарын ашу (ЖАО-мен бірге)

Бүгін республикада мүгедектер спорты бойынша 8 спорт ұйымдары жұмыс істейді, Маңғыстау, Атырау облыстарында, Астана және Алматы қалаларында мүгедектер спорты бойынша 4 спорт клубы жұмыс істейді, Аламаты облысында мүгедектерге арналған 1 спорт клубы ашылды және Алматы облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 24 мамырдағы № 13757-1907-ГФ, 2 тіркелді. Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында арнайы спорт мектептері, сонымен қатар, Петропавловск қаласындағы «Қарасай» стадионы жоғары спорт шеберлерінің мектептерінде мүгедектер спортының 1 бөлімшесі жұмыс істейді, 80-нен астам спорт жаттықтырушы, оқытушылардың басшылығымен 2 500-ден астам спортшы мүгедектер жаттығады.

Дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын мүгедектердің үлесі, мүгедектердің жалпы санынан 7,7% құрайды (15 505 адам).







11. Ақпараттық-насихаттау баспа басылымдарын әзірлеу және шығару және телеарадио арналарда науқандарды және жобаларды өткізу

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін «КТК» телеарнасында «Қазақстан барысы»-атты қазақ күресі бойынша республикалық турнирдің өткізілуі туралы бейне ролик жарияланды. Республикалық телеарналарда бірінші спорт форумының, ұлттық спорт түрлері фестивальінің үшінші кезеңінің өткізілуі туралы бейне роликтер көрсетілді.

Шымкент қаласында өткізілген Қазақстан Республикасының үшінші Паралимпикалық ойындардың өткізілу туралы бейне ролик «Қазақстан», «Хабар», «Ел арна» телеарналарда көрсетілді.

Барлық спорт іс-шараларын өткізу кезінде өткізілген іс-шаралар туралы буклеттер әзірленіп, басып шығарылды. Қонақтарға, көрермендерге және іс-шараға қатысушыларға таратылады.

Барлық халықаралық және республикалық ірі жарыстар бұқаралық ақпарат құралдарында плакаттар, билбордатар, еліміздің қалаларының орталық көшелеріне ілінген. Аудандық, облыстық және республикалық газеттердің беттерінде радио және телеарналарда спортта және бұқаралық дене шынықтыру қол жетістіктері, проблемалары және болашағы бойынша материалдар жарияланды. Дене шынықтыру және спортты дамытуды ақпараттық-насихаттық қолдау жөнінде жұмыстар жүргізілуде: БАҚ жариялау, плакаттар, билбордатар, еліміздің жетекші спортшыларының фотосуреттері бар буклеттер және т.б. жарияланды. Министрліктің құзырындағы «Спорт & KS» спорт газетінің беттеріне өткізілген барлық спорт іс-шаралары туралы ақпараттар жарыққа шығады. Өткізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша жарыстардың нәтижелері кезеңді «Егеменді Қазақстан», «Казахстанская правда», «Спорт туралы» және басқада басылымдарда жарыққа шығады. Іс-шаралардың өткізілуі алдында БАҚ өкілдері үшін министрлік және комитет басшылары баспасөз конференциясы өткізіліп тұрады, республикалық баспа басылымдары үшін мемлекеттік және бас жаттықтырушылар, федерация өкілдері үнемі сұхбат беріп тұрады. 7-ші қысқы Азия ойындарының қорытындысы бойынша «Тримуф казахстанского спорта» - атты кітап жарыққа шықты. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігіне Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері», «Тәуелсіздік нышандары»-атты кітаптарға енгізу үшін Қазақстанның құрама команда делегаттарының және жеке Олимпиада және Азия ойындарына қатысу кезіндегі спортшылардың фото материалдары ұсынылды.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет