1 кесте Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің


Ведомствоаралық өзара іс-қимыл талдамасы



бет5/5
Дата23.02.2016
өлшемі395 Kb.
#2882
1   2   3   4   5

Таблица 3


Ведомствоаралық өзара іс-қимыл талдамасы


Қол жеткізу үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды талап ететін міндеттердің көрсеткіштері

Ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүзеге асырылатын мемлекеттік орган

Ведомствоаралық өзара байланыстар орнату үшін көзделіп отырған шаралар

Есептік кезеңде мемлекеттік органдар жүзеге асыратын міндеттердің көрсеткіштеріне қол жеткізу, іс-шаралардың нақты орындалуы



Есептік кезеңде қол жетпеген мақсаттар, міндеттер және міндеттердің көрсеткіштеріне қол жеткізбеу себептері

1

2

3

4

5

1-стратегиялық бағыт. Қазақстанды Орталық Азия өңірінің туризм орталығына айналдыру

1.1.-мақсат. Тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру

1.1.1-міндет. Ұлттық туристік өнімді қалыптастыру




Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік

Қазақстан облыстарының әкімдіктері, ККМ



1.Жол бойы инфрақұрылым объектілерін салуға жәрдемдесу


2011 жылы Көлік және коммуникация министрлігімен республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу және қайта қалпына келтіруді жүргізуде. Сонымен қатар, 2010 жылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасының тәжірибелі іске асырылуы басталды.

Қазақстан Республикасы бойынша дәліздің ұзындығы 2 787 шақырымды құрайды және 5 облыс аумағы бойынша өтеді.

2011 жылы жобаны іске асыруға 159,180 млрд. теңге көзделген (сыртқы қарыз есебінен - 135,980 млрд. теңге, бірлесіп қаржыландыру есебінен 23,199 млрд. теңге) көзделіп отыр.

Бүгінгі күні 2 452 шақырымнан қайта құру жұмыстарына жататын 1 616 шақырымда жұмыс жүргізілуде (Актөбе облысы – 317 шақырым, Кызылорда облысы – 812 шақырым, Оңтүстік Қазақстан облысы – 224 шақырым, Жамбыл облысы 263 шақырым).

Қызылорда облысында Қамбаш демалыс аймағын құру үшін Арал ауданының әкімдігімен Қамбаш көлінің жағалауынан 494,0 га жер учаскесі бөлінді және Қамбаш демалыс аймағының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленді.

Қалған 4 облыста нақты нәтиже жоқ, жер учаскелерін бөлу жөніндегі рәсімдер жүргізілді.






1.1.2-міндет. Ұлттық туристік өнімдерді халықаралық және ішкі нарықта жылжыту




СІМ

Дүниежүзілік туристік ұйым (ЮНДТҰ) өткізетін іс-шараларға қатысуға жәрдемдесу

2011 жылы 19-21 маусым аралығында Момбаса (Кения) қаласында ЮНДТҰ Дүниежүзілік туристік ұйым атқарушы кеңесінің 90-шы сессиясына министрлік өкілдерінің қатысуы қамтамасыз етілді.




2-стратегиялық бағыт. Халықтың дене тәрбиесі жүйесін жаңарту және Қазастандық спорттың әлем спорт аренасында бәсекеге қабілеттілігін арттыру

2-мақсат. Елде бұқаралық спортты дамыту

2.1.1-міндет. Халықтың қимылдау белсенділігі үшін мүмкіндікті қамтамасыз ететін жағдайлар жасау

1. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту, 2015 жылға қарай 25% -ға дейін көбейтіледі


Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдіктері

1. Тұрғылықты жері бойынша жеткіншектердің аула клубтары мен спорт клубтары желісін құрау;

2. Ведомствалық (салалық) спорт қоғамдарын (клубтарды) құру жөнінде бағытталған шараларды іске асыру;

3. Жергілікті деңгейде мемлекеттік спорт ұйымдарын спорттық мүкәммалмен және жабдықтармен жарақтандыру;

4. Қарапайым спорт құрылыстарын салу



Батыс Қазақстан облысының ақпаратты бойынша облыста дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылардың саны 111 000 адамды құрайды. Облыста 1 560 спорт ғимараттары жұмыс істейді, оның ішінде 1 240 ауылды жерлерде. «Жігер» спорт клубы ашылды.

Павлодар облысының ақпараты бойынша облыс тұрғындарынан 2011 жылы облыста дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылардың саны 166039, оның ішінде ауылды жерде 56105 адамды немесе 22% құрайды. 2010 жылдың қорытындысы бойынша 0,6% -ға артты.

Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне сәйкес жылдың басынан облыста 68 751 адамды қамти отырып, 689-дан астам бұқаралық іс-шаралар өткізілді, оның ішінде ауылды жерде 37 052 адамды қамти отырып, 435 іс-шаралар өткізілді.

Ақсу қаласында жасанды шөп жабынымен жабылған екі кіші футбол алаңдары салынды, құрылыстың инвесторы Ақсу ферроқорыту зауыты болып табылады. Сонымен қатар, Баянауыл ауданының Баянауыл кентінде және Майқайың ауылдарында жасанды шөп жабынымен жабылған екі кіші футбол алаңдары салынды.

Жамбыл облысында 4 аула клубтары бар. Жамбыл облысы Шу ауданының Төле би ауыл округінде балалармен жасөспірімдердің спорт мектебі, «Талас толқыны» спорт би мектебі ашылды. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың соңына дейін бокс клубын ашу жоспарланып отыр. Кіші футбол, волейбол және баскетбол алаңдарының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жамбыл облысының Тараз қаласында спорт сарайының құрылысы басталды.

Жергілікті деңгейде мемлекеттік спорт ұйымдарын спорттық мүкәммалмен және жабдықтармен жарақтандыру үшін

103 120,0 мың теңге көзделген.



Алматы қаласының ақпараты бойынша. Жылдың басынан 300-ден астам спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді, онда 70 мыңнан астам халық қамтылды. 2011 жылы жергілікті бюджеттен тұрғылықты жері бойынша балалар мен жеткіншектерге аула клубтарын ашуға қаржы қаражаттары салынбаған. Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының ведомстволық бағыныстағы кәсіпорыны мемлекеттік тапсырыстың жоспары бойынша спорттық мүкәммалдармен, қызметтік киім-кешекпен және жабдықтарымен жабдықталуда. Есептік кезеңде 28 000 мың теңге сомасына жабдықталған.

Бүгінгі күні қалада 1044 спорт ғимараттары (стадиондар, әмбебап спорт залдары, теннис корттары, хауыздар және басқалар) қызмет етеді. Сонымен қатар, жылдың соңына дейін басқа да өңірлерде де жасанды шөп жабынымен жабылған спорт алаңдарының құрылысы мен қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.






1. Дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылданатын оқушыларды қамту, оқушылардың жалпы санында



БҒМ

Білім беру ұйымдарында спорттық секциялары мен спорт клубтарын құру жөнінде шараларды іске асыру
Президенттік көп сайысты тапсыру жөніндегі нормаларды білім беру мекемелерінің оқытушылары мен студенттерінің орындауы жөніндегі шараларды іске асыру


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша Үстіміздегі жылы жалпы білім беру мектептерінде 24 мыңнан астам спорт секциялары жұмыс істейді, онда 540 мыңнан немесе 22%-дан астам мектеп жасындағы балалар шұғылданады. Оқушылардың дене тәрбиесінің дайындығын арттыру мақсатында 93% мектептерде дене шынықтырудың үшінші сағаты, ал, 49% - жеке ер балаларды және қыз балаларды оқыту енгізілді.

670 мыңнан астам жоғары оқушы Президенттік тесті тапсыруға қатысты. Оның ішінде 1,8% - Президенттік деңгейді, 6,7% - Ұлттық деңгейді орындады. Республикада 21 мыңнан астам өңірлік спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіліп тұрады, оған 1,5 млн. мектеп жасындағы балалар қатысты. Жазғы және қысқы спартакиадалардың ақтық жарыстарында 42,5 мыңнан астам оқушы, жас спортшылар қатысты. Жергілікті атқарушы органдары мен Білім беру ұйымдарында спорттық-бұқаралық жұмыстардың материалдық-техникалық базаларын жетілдіру жөнінде іс-шаралар қабылданып жатыр. Сонымен, 2011 жылы Алматы облысында білім беру мектептерінде спорт залдары мен спорт алаңдарын жаңартуға 293,0 млн. теңге бөлінді. Солтүстік Қазақстан облысының 8 ауданында дене қабілетін дайындау бойынша балалар мен жасөспірімдер клубын ашу жоспарланып отыр. Әр клубтың бюджеті орташа 7,4 млн. теңгені құрайды. Ақмола облысында қысқы спорт түрлерін дамытуға жалпы білім беру мектептерінде 5340,0 мың теңге көзделіп отыр. Ал, Астана қаласының «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығында шаңғы спорты бойынша нұсқаушының 12 бірлігі енгізілді.

Талдау жұмыстары және өзге де жұмыстар жүргізіліп жатыр. Білім беру органдардың басшыларына білім беру ұйымдарында мектеп спорт секцияларының желісін кеңейту, спорт-бұқаралық жұмыстарды жүргізгені үшін дене тәрбиесінің мұғалімдеріне еңбек ақы енгізу, сонымен қатар, спорт залдары мен мектеп спорт алаңдарының материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі жұмыстарын үнемі жүргізу ұсынылды.





2. Дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылданатын студенттерді қамту,

студенттердің жалпы санында



БҒМ

Білім беру ұйымдарында спорттық секциялар мен спорт клубтарын құру жөнінде шараларды іске асыру
Президенттік көп сайысты тапсыру жөніндегі нормаларды білім беру мекемелерінің оқытушылары мен студенттерінің орындауы жөніндегі шараларды іске асыру


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша Техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарында салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі жұмыстарды тиімді ұйымдастыру мақсатында жаттықтырушының бос уақыттың ұйымдастыруға көңіл бөлінеді. 2011 жылдың басында Техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарының 60 мыңнан астам оқытушы Президенттік тесті тапсыруға қатысты, оның ішінде 0,8% Президенттік деңгейде, 2,3% ұлттық деңгейде орындады. Техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарының оқытушылары өңірлік спорт-бұқаралық іс-шараларына белсенді қатысты, онда 16 жастан 18 жасқа дейінгі жастағы 270 мың адам қамтылды. Жазғы және қысқы спартакиадалардың ақтық жарыстарында 7 мыңнан астам адам қатысты.

Жергілікті атқарушы органдармен спорт алаңдардың, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарындағы Техникалық және кәсіби білім беру оқу орындары стадиондарының материалдық-техникалық базаларын жетілдіру жөнінде қосымша шаралар қабылданып жатыр. Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Астана және Алматы қалаларында қысқы спорт түрлерін (хоккей, шаңғы спорты, мәнерлеп сырғанау) дамытуға аса көңіл бөлінуде. Техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарында (волейбол, баскетбол, күрес, бокс, шахмат, теннис, гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы, туризм, ату) спорт секцияларының желісі кеңейтілуде, «қазақша күрес», «тоғыз құмалақ» ұлттық спорт түрлері бойынша спорт клубтары ашылуда. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарында мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарда «Дене шынықтыру», «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздік негізі» тақырыптарын оқыту көзделіп отыр. Аталған пәндер Техникалық және кәсіби білім берудің 894 оқу орындарында оқылып жатыр. Оқу уақытының көлемі 1-2 аптада 4 сағаттан кем емес және 3-4 аптада 2 сағаттан кем емес оқытылады, теориялық оқу кезеңінде бақылау қорытынды емтихан түрінде аяқталады. «Дене шынықтыру» дисциплинасы: типтік білім беру оқу бағдарламасы мазмұнының міндетті минимумы бар маманның дайындығы кезінде дене шынықтырудың ролі, оның салауатты өмір салтын қалыптастыру. Дене шынықтырудың әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздері. Физикалық және спорттық өзін-өзі жетілдіру негіздері. Кәсіби-қолданбалы дене дайындығы. «Президенттік тест» нормативтерін тапсыруға дайындық, қамтылған дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылданатын жоғары оқу орындарының студенттері 14 700 адамды құрайды, студенттердің жалпы санынан, күндізгі оқуда 329408 адамды немесе 4,5% құрайды.






2.2-мақсат. Жоғары жетістіктер спортын дамыту

2.2.1-міндет. Қазақстандық спортшылардың бәсекеге қабілетілігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту

1. Кешенді спорт іс-шараларында, республикалық чемпионат біріншілігінде және кубогында иеленген медальдардың саны


Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдіктері

1. Спорт объектілерінің салу және спорт объектілерін қайта қалпына келтіру.

2. Біліктілігін және біліктілігі жоғары спортшыларды дайындау сапасын арттыру үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізу;

3. Астана және Алматы қалаларындағы 7- қысқы Азия ойындарын дайындау және өткізу.


Есептік кезеңде қазақстандық құрама командалар Олимпиадалық спорт түрлері бойынша 115 республикалық, 272 халықаралық жарыстарға қатысты.

Жалпы Олимпиадалық спорт түрлері бойынша кешенді спорттық іс-шараларда, Әлем чемпионатында, Әлем кубогында, Азия чемпионаттарында және халықаралық турнирлерде ұтып алынған медальдар саны 286 медальді құрайды. Дене шынықтыру-бұқаралық, сауықтыру іс-шараларының күнтізбелік жоспарына және спортшылардың біліктілігін және жоғары біліктілігін арттыру үшін 2011 жылдың есептік кезеңінде 379 оқу-жаттығу жиындары өткізілді. Ү.ж. 30 қаңтардан 6 ақпанға дейінгі аралықта Астана және Алматы қалаларында бүгінгі күнге дейін Азия елдерінің тек үш елінде – Жапонияда, Қытайда, Кореяда өткен 7-ші қысқы Азия ойындары өткізілді. Қысқы Азия ойындарын өткізу құқығын иеленген Азия континентінде Қазақстан Республикасы төртінші ел болып саналады.

7-ші қысқы Азия ойындарында Азия континентіндегі жиырма жеті елден 1000 спортшы қатысты, он бір спорт түрі бойынша алпыс тоғыз медаль жиынтығы ойнатылды.

Командалық есепте Қазақстан құрама командасы 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медаль ұтып алып, бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Жапония, үшінші орынды Корея, төртінші орынды Қытай, бесінші орынды Моңғолия иеленді, соңынан Иран, Қырғызстан және Солтүстік Корея командалары орналасты.

Қазақстан командасы Азия ойындарында 11 спорт түрі бойынша 70 марапатты иеленіп, алтын медальдардың ұтысы бойынша ресми емес командалық есепте және ұтып алған медальдар саны бойынша 1 орынға ие болды.

Аталған ойында континенттің 8 елдері спортшыларының арасында 207 медаль таратылды, оның ішінде алтын медальді 4 елдің өкілдері ұтып алды. Бұл Азия ойындарының тарихында ойнатылған ең көп медальдар саны.

Ү.ж. 18-19 маусымда аралығында Алматы қаласында жеңіл атлетикадан «Г. Қосанова мемориалы»-атты халықаралық турнир өткізілді. Жарысқа Ресей, Өзбекстан, Қырғыстан командалары қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша құрама команда 16 алтын, 12 күміс 12 қола медальдарды ұтып алды.

Есептік кезеңде Қазақстан Республикасының құрама командалары Олимпиадалық спорт түрлері бойынша:

- Азия чемпионатында – 10 алтын, 6 күміс, 18 қола медаль;

- Азия кубогында - 7 алтын, 8 күміс, 12 қола медаль;

- Әлем кубогында – 1 алтын, 1 қола медаль;

- Әлем чемпионатында – 1 алтын, 1 қола медаль;

- Азия ойындарында – 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медаль;

- Халықаралық турнирлерде – 45 алтын, 34 күміс, 61 қола медаль ұтып алды.



Барлық ұтып алынған медаль саны -286.

Сонымен қатар, 2012 жылы Лондон қаласында (Ұлыбритания) жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін мынадай спорт түрлері бойынша оқ ату (1), жеңіл атлетика (6), бокс (1) лицензиялар ұтып алынды.

Жалпы лицензияның саны 8.

Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының дайындығы Дене шынықтыру-бұқаралық, сауықтыру іс-шараларының күнтізбелік жоспарына және 2011 жылға арналған негізгі республикалық және халықаралық жарыстарға сәйкес жүзеге асырылады.

Есептік кезеңде Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшылары олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша 99 медальді иеленді.

Азия чемпионатында – 16 алтын, 7 күміс, 11 қола медаль;

Әлем кубогында – 6 алтын, 16 күміс, 22 қола медаль;

Әлем чемпионатында – 9 алтын, 4 күміс, 8 қола медаль.






1. Кешенді спорт іс-шараларында, республикалық чемпионат біріншілігінде және кубогында иеленген медальдардың саны


Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдіктері

1. Спорт объектілерінің салу және спорт объектілерін қайта қалпына келтіру

2. Біліктілігін және біліктілігі жоғары спортшыларды дайындау сапасын арттыру үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізу;

3. Астана және Алматы қалаларындағы 7- қысқы Азия ойындарын дайындау және өткізу.


Батыс Қазақстан облысының есептік кезеңінде 11 спортшыға Қазақстан Республикасының спорт шебері, 8 адамға – халықаралық деңгейдегі спорт шебері, 2 төрешіге – Қазақстан Республикасының ұлттық деңгейдегі төрешісі, 2 жоғары білікті деңгей жаттықтырушы деген атақтар берілді.

Жылдың басынан Алматы облысында 8 адамға халықаралық деңгейдегі спорт шебері, 18 адамға спорт шебері, 194 спорт шеберлеріне үміткерлер, 109 адамға бірінші деңгейдегі спортшылар даярланды.

Павлодар облысында Қазақстан Республикасының 2 халықаралық санаттағы спорт шебері және 21 Қазақстан Республикасының спорт шеберлері дайындалды. Солтүстік Қазақстан облысында 23 халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері және 100 спорт шеберлері жұмыс істейді.

Облыстың мектеп интернатында, жалпы түлектердің саны – 38 адам, оның ішінде 5 спорт шебері, 24 спорт шеберлігіне үміткер. Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының 9 спорт шебері, 3 адамға - халықаралық деңгейдегі спорт шебері, 296 адамға спорт шеберіне үміткерлер, 89 адамға – бірінші деңгейдегі спортшылар атақтары берілді. Алматы қаласында 21 халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, 49 спорт шеберлері, 269 спорт шеберлерлігіне үміткерлер, бірінші дәрежесі бар 135 спортшы даярланды.






2.2.2–міндет. Спорт түрлерінен мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру

1. Шетелде оқып жүрген жас спортшылардың саны

БҒМ

13-14 жастағы футболшы-спортшыларды іріктеу және Бразилия Федеративтік Республикасының Риберан қаласындағы «Оле Бразил ФК» футбол академиясында оқуға жіберу


Бразилия Федеративті Республикасының «Оле Бразил» футбол академиясы мен министрлік арасындағы қазақстандық спортшыларды оқыту келісіміне сәйкес 26 жасөспірім футболшылармен және 2 жаттықтырушы ү.ж. 5 наурызда кезекті қысқы демалыстарынан кейін Бразилияға «Оле Бразил» футбол академиясына оқуын жалғастыруға кетті.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет