4.Саяси жүйенің жіктелуі
Саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ.
У. Ростоу пікірінше адамзаттың даму тарихы мынадай бес сатыдан тұрады:
- Дәстүрлі қоғам (алғашқы қауымдық, рулық және феодалдық қоғамның бір бөлігі)
- Өтпелі қоғам (өндірістік революция)
- Алға басу қоғамы (70-80 жылдардағы капитализм)
- Индустриялдық қоғам (2000 жылдардағы капитализм)
Саяси жүйені оның тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық деп бөледі. Тоталитарлық саяси жүйеде жеке адам мен қоғам толығымен билікке бағынады. Авторитарлық саяси жүйеде билік басындағы жеке адам немесе адамдар тобы шексіз билікке ие болады. Демократиялық тәртіпте тұлға құқығы биік тұрады, билік жұмысын қоғам бақылауға алады.
Француз саясаттанушысы Ж.Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі. Либералдық демократия- ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады. Коммунистік жүйе- ол әлеуметтік игілікті тең бөлуге бағдар ұстайды. Дәстүрлі саяси жүйе - ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді. Дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады. Авторитарлық – консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады.
Батыс саясаттанушылардың арасында саяси мәдениеттің жағдайына қарай, құндылықтар негізінде саяси жүйені жіктеудің төмендегідей 4 түрі кең тараған: ағылшын – америкалық, құрлықтық – еуропалық, индустрияланбаған немесе жарым – жартылай индустрияланған, тоталитарлық. Тоталитарлық қызмет түрлерінің жиынтығы- саяси жүйенің аса маңызды тұғыры болып саналады. Қызмет түрлерінің жиынтығы дегеніміз, жүйенің тұрақтылығы мен өміршеңдігін қолдауға бағытталған кез- келген іс-әрекеті. Саяси жүйенің атқаратын қызметі қоғамға саяси басшылық жасау міндеттерін шешеді. Шындығында да қоғамды дамытудың мақсаттары мен бағдарламалары, жеке адамдар мен топтардың мүдделерін анықтау мен келісу, олардың талап-тілектерін білдіру міндеттері- саяси деңгейде талқыланып жасалады және айқындалады.
Адамдарда әлеуметтік- саяси қызметке тарта отырып және оларды үстем мұраттар мен құндылықтарға бағыттау арқылы саяси жүйе қоғамдық қатынастарды қайта жасаудың құралына айналады, әлеуметтік- қайта жаңғыру міндеттерін орындайды. Шындығында да, билік пен саяси тұрғыда қалыптасудың көмегімен ескірген нысандар мен ұстанған бағыттар жойылады да, оның орнына қоғамды алға бастыруға арналған қолайлы жағдайлар жасалынады.
Американдық ғалымдар саяси жүйелердің барлығын қуатты және әлсіз деп бөліп келген еді. Олар егер заңдылық, ұйымшылдық пен тұрақтылық біртұтас болса, онда сол жерде саяси жүйе де қуатты болады, ал бұл жоқ жерде- ол қуатынан айырылып, әлсірейді дегенді алға тартады. Ал енді басқа бір ғалымдар соның негізі етіп оларда өмір сүріп тұрған қоғамдық құрылысты, капиталдистік, социалистік және дамушы елдердің қоғамдық құрылымын алуға тырысады. Саяси жүйенің типологиясы билік сипаты мен қоғамның саяси өмірін ұйымдастыру қағидаты бойынша аса кең тарағаны рас. Бұдан басқа тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық саяси жүйелер де өзінше ерекшеленеді.
Тоталитарлық саяси жүйелер былайша сипатталады: басқару қатаң орталықтандырылады және бірыңғай билік орталығының бақылауында болады;
саяси істерге қатысуы, демократиялық іс-әрекеттерді(процедуралары) көбінесе формальды сипатқа ие болады;
билік құрылымдарының механизмі жеке дара басқаратын жетекшісі (лидер) бар бір партиялық негізде құрылады;
билік құрылымдары билеуші партияға және оның лидеріне бағынады;
әлеуметтік-мәдени жүйеде таптық, ұлттыұ немесе аймақтық құндылықтарға ие болады;
экономикалық өмір біртұтас орталықтан реттеледі
плюрализмнің, оппозицияның, барлық нысандарының жойылуы азаматтардың жеке өміріне араласуы;
біртұтас ресми идеологияны күштеп тықпалайды, жат пікірдегілер мен сынға қысым жасалады;
Авторитарлық саяси жүйенің негізгі сипаттары мыналар:
барлық саяси билікті бірыңғай орталыққа шоғырландыру;
азаматтардың саяси бостандығын шектеу, оппозицияны басып-жаншу;
атқарушы өкіметтің құзырын мейлінше кеңейту;
басшы кадрларды жоғары биліктің қалауы бойынша орналастыру мен олардың халық алдында есеп бермейтіндігі;
өкілетті органдардың сайланымдылығын жою және басқалар.
Демократиялық саяси жүйеге тән сипаттар:
қоғамды көпшіліктің басқаруы, азаматтарды саясатқа көптеп тарту;
өкіметті сынау мен оған оппозицияның болу бостандығы;
халықтың саясатқа қатысуының бәсекелес түрі және басқарудың көппартиялық нысандары;
басқарудың парламенттік нысаны;
заң шығарушы органдардың төменнен жоғары қарай сайлануы мен есеп берушілігі;
демократиялық саяси мәдениет.
Саяси жүйелердің типологиясы осы аталған үш түр арқылы шектеліп қалмайды. Үкіметті саяси партиялар арқылы құруға байланысты қазіргі таңдағы саяси жүйелердің типологиясы да кең түрде белгілі бола бастады. Осындай белгілер бойынша қоғамның бір партиялық , қос партиялық және көп партиялық саяси жүйелері болады.
Белгілі бір әлеуметтік- экономикалық және саяси құрылыстан екіншісіне өткен кезде пайда болатын ауыспалы саяси жүйе туралы да сөз етуге болады. Оған Қазақстан, Ресей Федерациясы мен бұрын КСРО – ның республикалары болған басқа де мемлекеттер мысал бола алады.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде демократиялық-саяси дамуы саясаттану теориясы тұрғысынан терең талдау-сараптауға өте бай материал берді. Еліміздің құқықтық, демократиялық мемлекет үрдісінде дамуының қол жеткен нәтижелеріне бұқаралық ақпарат құралдарында, ғылыми еңбектерде, сондай-ақ саяси партиялар мен олардың жетекшелері тарапынан әртүрлі, қайсыбір қайшылықты, кейде тіпті кеғар көзқарастар,бағам-тұжырымдар болса да басты, түбегейлі өзгерістер даусыз.
Біріншіден, оның басты негізі, бүгінде тәуелсіз мемлекетіміз халқының басым көпшілігі, яғни негізгі ұйтқы-тірегі болып табылатын қазақтардың жалпы ұлт ретіәндегі басты мінез-ұстанымы, мінез-тұрпатындағы салмақтылығы, табиғи саяси ұстамдылығы, әр қоғамдық құбылысқа, саяси партиялар мен қозғалыстардың қызметіне, мемлекет және қоғам қайраткерлері мен олардың іс-әрекетіне аса талапкершілікпен, ерекше сыншылықпен қарайтын көзқарасы, тумысынан болмысына тән тарихи сарапшылдық қадір-қасиеті.
Екіншіден, осы реформалардың қарсаңындағы еліміздегі бір шама қолайлы, байсалды да қалыпты қоғамдық әлеуметтік ахуал, яғни әлеуметтік жіктелудің, соншалықты тереңдемей, асқынбай, халықтың басым көпшілігінің әлеуметтік жағдайының құлдыраудан аман болып, яғни негізгі бұқара көпшілік үшін бір шама қалыпты күнкөрістік- тұрмыстық ахуалдың болуы, сондай-ақ, Қазақстан халқының сол мезгілдегі жалпы білім, рухани деңгейінің, саяси және құқықтың сауаты мен мәдениетінің едәуір жоғарлылығы.
1991 ж. басталған Кеңестік саяси жүйені қайта құрып жаңалаудың нәтижесінде Қазақстан Республикасының саяси жүйесі пайда болды. Жаңа Конституция, сайлау жүйесі қабылданды,Президент пен парламент сайлаулары өткізілді. Қабылданған заң актілеріне сәйкес демократиялық саяси жүйе жұмыс істей бастады. Саяси жүйе аса жағдайларда қалыптасты. Реформалау жағдайында азаматтық қоғамды қайта жаңғырту бастапқы кезде «жоғарыдан» басталды да, негізінен алғанда мемлекеттік құрылымдар арқылы жүзеге асырылды. Осы жағдайда мемлекеттік аппарат аса қисынсыз мөлшерде ұлғайтылды, оның бюрократиялығы күшейе түсті. Экономикалық проблемалар рет-ретімен жүйелі түрде жүзеге асырылмады, ақыр соңында мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру үрдістерінің сыңар жақты жүруі, халықтың табыссыз қалған бөлігінің көбеюі, әлеуметтік топтар мен қоғамдық таптың табыстарының ара жігінің алшақтауы осындай ауыртпалықтарға ұрындырды.
Қоғамның саяси құрылымдылығы жеткілікті деңгейде жүзеге асырылмады, саяси партиялар әлі де әлсіз еді және олардың нақты әлеуметтік нысаналары болмады, қоғамдық-саяси ұйымдардың қатары тым аз еді. Сонымен бірге халықтың саяси мәдениеті жеткілікті дәрежеге көтеріле қоймады.
Қазір Қазақстанның саяси жүйесі бірте-бірте әлемдік саяси қатынастар жүйесіне интеграциялануда. БҰҰ-ның, ТМД-ның шеңберіндегі Республика белсенділігінің артуы, арнайы халықаралық ұйымдармен және органдармен (ЮНЕСКО), Шанхай бестігі және басқалармен халықаралық достастығы осының айғағы бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: |