1. «Коменсализм» ұғымына анықтама беріп көрсетіңіз Комменсализм терминін 1876 жылы бельгиялық зоолог және палеонтолог Пьер-Джозеф ван Бенеден «мутуализм»


Нематодалар қандай ауру туғызады,сипаттама беріп түсіндіріңіз Т



бет39/63
Дата26.09.2023
өлшемі219.13 Kb.
#478629
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   63
1. «Êîìåíñàëèçì» ??ûìûíà àíû?òàìà áåð³ï ê?ðñåò³?³ç Êîììåíñàëèçì 3

57. Нематодалар қандай ауру туғызады,сипаттама беріп түсіндіріңіз Түкбасты құрт (қылбас құрт) адамның соқыр ішегінде және тоқ ішегінде (өте сирек) паразиттік тіршілік етеді. Ақшылдау түсті, аталығының ұзындығы 30-40 мм, аналығының - 25-50 мм. Денесінің алдыңғы жағы қылдай жіп тәрізді жіңішкерген, онымен ол ішектің кілегейлі қабықшасында бұрғылап терең енеді. Сондықтан да оны ішектен шығару өте қиын. Құрттар әлемде кеңінен таралған, кейбір жерлерде, мысалы, Орталық Италияда тұрғындардың бәрінде кездеседі. Trichinella spiralis - спиралъды трихинелла адамның қауіпті паразиті. Сонымен қатар шошқаның, егеуқұйрықтың және басқа да сүтқоректілердің паразиті. Аталығының ұзыңдығы 1,5 мм, аналығының - 4 мм. Ересек түрлері иесінің ішегінде, ал личинкалары солардың бұлшықеттерінде тіршілік етеді. Осыған сәйкес екі кезеңі байқалады: ішек трихинелласы және бұлшықет трихинелласы. Тіршілік циклінің барлық кезеңдері иесінің ішінде ғана өтеді, сыртқы ортаға шықпайды.Адамның трихинеллезбен зақымдануы шошқаның шала қуырылған (пісірілген) етін жегеннен болады. Шошқаның зақымдануы өлген егеуқұйрық тышқанның трихинеллалары бар етін жеуден,ал егеуқұйрықтылар трихинеллезбен ауырған егеуқұйрықты кеміру арқылы кеселге ұшырайды. Иесінің ішегіне түскен бұлшықет кезеңіндегі трихинеллалар өзінің капсуласынан босап, тез өсіп 2-3 күннен соң жыныстық дәрежесіне жетіп, ұрықтанады. Бұл ішек трихинеллалары. Аналығы өзінің екі ай тіршілік барысында 2000-ға жуық личинкаларын тірідей туады. Личинкалар ішек қабырғасын тесіп, лимфа және қан жүйесіне түседі де, қан тамырлары арқылы әр түрлі мүшелерге, әсіресе бұлшықеттерге тарайды. Осы мүшелерде өсіп, ақырында спираль тәрізді бүктетіліп, оның төңірегінде дәнекер тканінен құрылған капсула қалыптасады. Кейін капсуланың қабырғасына ізбест жиналып, ол ақ түсті болып тұрады. Бұл бүлшықет трихинеллалары. Осылайша, трихинелланың даму циклі иесінің ішінде ғана өтеді.Трихинеллез ауруын туғызады. Трихинеллезбен ауырған адамның беті ісіп, дене қызуы көтеріледі, денесі сыздап, ішегі, бұлшықеттері ауырады, өзін әлсіз сезінеді. Трихинеллезге қарсы профилактикалық шаралар ретінде шошқа етін үнемі тексеріп, трихинеллезді еттерді құрту, шошқаларды таза ұстау және оларға өлген кемірушіні жеп қоюға жол бермеу керек.
Адамның және сүткоректілердің ішегінде паразиттік тіршілік ететін түрлер жатады: адам аскаридасы - Ascaris lumbricoides, жылқы аскаридасы - Parascaris equorum, шошқа аскаридасы - Ascaris suum т.б. Туғызатын аурулары - аскаридоз. Адам аскаридасы бүкіл әлемде кең тараған және ең зиянды құрттардың бірі. Аналығының ұзындығы 20-40 см, аталығы - 15-25 см (80-сурет). Ересек түрлері адамның ащы ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Ұрықтанған жұмыртқалар нәжіс арқылы ішектен сыртқа шығарылып, суға, топыраққа түседі. Адамға аскариданың жұмыртқасы лас суды ішкенде немесе көкөністі жумай жегенде жұғады. Адам аузына түскен инвазиялық жұмыртқа ішекке өтеді. Алдымен ішектегі сөлдердің әсерінен жұтылған жұмыртқаның қабығы бұзылады да, одан дамып, қалыптасып тұрған личинка шығады. Личинка сол жерде қалып, өсіп, дамуының орнына, енді бүкіл организмді шарлауын бастайды. Аскаридозбен ауырған адамның тағамға тәбеті тартпай, іші ауырып, температурасы жиі көтеріледі, жүрек соғу ритмі бұзылып, уланудың белгілері байқалады. Оның себебі - құрттардың ішек қуысына ерекше улы заттар - токсиндер бөліп шығаруында. Балаларда аскаридалар ішектен өте тез жоғары көтеріліп жұтқыншаққа, одан ауыз немесе мұрын қуысы арқылы сыртқа шығады. Осы уақытта баланың тұншығу қауіпі туады. Аскариданың личинкалары миграциялар жасау арқылы бактериялардың ішкі мүшелерге енуіне жол ашады және өкпе қабырғаларын зақымдайды. Ересек түрлері ішектің сілекей қабатына тіркеліп, қадалып немесе ішектің ішінде үнемі қозғалып жүруіне байланысты ішекке үлкен зардап келтіреді. Аскаридоз ауруына қарсы әр түрлі дәрі-дәрмектермен қатар профилактикалық алдын алу шараларын бұлжытпай орындау, тұрғын-жайды таза ұстау, ал адамдарға гигиенаны сақтау керек, себебі аскарида жұмыртқалары көп жағдайда киіммен бірге егіндік тыңайтқышына түседі, сол кезде жуылмаған көкөніс арқылы жұмыртқаларын жұтуымыз мүмкін. Сонымен бірге, аскариданың жұмыртқаларын шыбындар, тарақандар тасуы ықтимал. Ластанған топырақпен ойнаған балалар қолын ауызына апарып, немесе жуылмаған қолымен тамақтанады да, құрт жұмыртқаларын жұқтырады. Топырақтағы жұмыртқалар су ағысымен өзенге түседі, сол суды қайнатпай ішкен адам ауырады.
Аскаридалар кең тараған паразиттер. Кейбір елдердің тұрғындарының тұрмыстық жағдайына тікелей байланысты олар өте жиі кездеседі. Мысалы, Жапония тұрғындарының аскаридозбен 100% зақымданғаны белгілі, себебі сол елде адам нәжісі егіндіктерге тыңайтқыш ретінде шашылады.
Острицадан болған ауру энтеробиоз деп аталады. Острицалар ішектің сілекейлі қабатын, сондай-ақ соқыр ішекті қабындырып, соқыр ішек ауруына себепші болады. Энтеробиозға қарсы профилактикалық шараларды орындау
- денені таза ұстау, гигиенаны сақтау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет