1. «Коменсализм» ұғымына анықтама беріп көрсетіңіз Комменсализм терминін 1876 жылы бельгиялық зоолог және палеонтолог Пьер-Джозеф ван Бенеден «мутуализм»


Сегіз сәулелі маржан полиптерінің алты сәулелі маржан полиптерінен айырмашылығын көрсетіңіз



бет48/63
Дата26.09.2023
өлшемі219.13 Kb.
#478629
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63
1. «Êîìåíñàëèçì» ??ûìûíà àíû?òàìà áåð³ï ê?ðñåò³?³ç Êîììåíñàëèçì 3

67. Сегіз сәулелі маржан полиптерінің алты сәулелі маржан полиптерінен айырмашылығын көрсетіңіз
Сегіз сәулелілерде (Octocorallia) септалары 8 болып дамиды да, гастраль қуысын 8 камераға бөліп тұрады, қармалауыштары да осыған сәйкес 8 болып келеді.
Сегіз камералардың ішіндегі, жұтқыншақтың сифоноглиф сайына сәйкес келетін камераларды бағыттаушы деп атайды. Сол камераларды құрайтын екі септаның бұлшықетті білеуі (валик) қарама-қарсы орналасып, бойларындағы кірпікшелері арқылы қуыстағы судың ауысып тұруын қамтиды, яғни сифоноглифтың және бағыттаушы камераның бойларындағы кірпікшелері бір бағытта қозғалып, гастраль қуысына оттегіне бай сумен қоректік заттарды лықсытады, және суды керексіз заттармен бірге сыртқа шығарады.Септалардың мезентериальді жіпшелері сөлдерді шығарып, астың қорытылуын реттейді.
Алты сәулелілердің (Hexacorallia) септаларының, камераларының және қармалауыштарының саны әрқашанда алтыға еселеніп келеді, кем дегенде 12 болады.
Дамуының ең алғашқы кезеңінде бірінші кезектегі алты жұп септалар қалыптасады да, олар гастраль қуысын 12 камераға бөліп тұрады. Әрбір жұп септаның арасындағы камераларды ішкі камера деп атайды, ал әр түрлі жұп септалардың арасындағы орналасқан камераларды - аралық деп атайды. Осылардың ішінен басқа да жұп аралық септалар дамиды
Сөйтіп, септалардың және камералардың дамуына байланысты, гастраль қуысы кеңейіп, оның ас қорыту жұмысы және қорытылған асты сіңіру қабілеттілігі артады. Маржан полиптері планктонды организмдермен қоректенеді, ал ірі түрлері - жыртқыштар, олар шаянтәрізділерді, моллюскаларды т. б. өзінің қармалауыштарымен ұстап алып, атқыш жіпшелерімен жансыздандырып, ауыз тесігіне апарады да, жұтқыншағымен
жұтып алады. Ac қорыту процесі клетка ішілік және қуыс ішілік бойынша жүреді.


68. Сиыр цепенінің дамуы, көбеюі, бір иеден екінші иеге өтуі жайлы мағлұмат беріп, көрсетіңіз
Сиыр цепенінің дене тұрқы 4-10 метрге деін жетеді. Ол адамның аш ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Ересек цепень адам ішінде, ал оның дернәсілдері мүйізді ірі қараның денесінде дамитығындықтан, цепеннің иесі екеу: негізгі иесі - адам, аралық иесі - сиыр т. б. жануарлар болып табылады.
Сиыр цепенінің денесінің алдынғы жағында басы, қысқа мойны болады. Басында төрт дөңгелек сорғыштары бар. Осы сорғыштары арқылы ішекке бекінеді. Оның ауызы болмайды. Денесінде өте көп бунақтары болады. Бунақтары бас жағынан жаңарып өсіп отырады, сондықтан көлемі ұлғайып, дененің соңғы бөлігінде ені тарыла бастайды. Сонымен құрт денесіндегі бунақтарының көлемі әр түрлі болады. Бунақтарында жыныс мүшесі ғана болады. Паразитті тіршілік етуіне байланысты ас қорту т.б мүшелері мүлдем жойылған. Иесінің ішегіндегі қорытылған асты бүкіл денесімен сіңіреді. Құрттың әр бунағында 1000-нан астам жұмыртқалар болады. Әбден жетілген бунақтары құрттың денесінен бөлініп, иесінің нәжісімен сыртқа, топыраққа түседі. Ірі қара осы топырақта өскен шөппен қоректенгенде жұмырқалар ілесіп ішке түседі. Жануардың ішіндегі жұмыртқалардан дернәсілдер шығады. Өгіз солитерінің аралық иесі өгіз немесе сиыр. Осылардың ішегіне түскен жұмыртқадан онкосфера деп аталатын алты ілмешегі бар ұрық шығады. Осы ілмешектерімен онкосфера ішек қабырғасын тесіп, лимфа және қан жүйесіне түседі. Қан тамырлары арқылы онкосфера ішкі мүшелерге көбінесе бауырға, бұлшықеттерге, өкпеге, кейде миға жетеді. Осы мүшелерде ұрық - онкосфера финна деп аталатын личинка сатысына айналады. Финна бұршақ тәрізді сұйықтыққа толы көпіршік, оның ішінде төрт сорғышы бар басы болады (66-сурет). Осыңдай личинканы цистицерк деп те атайды. Личинка аралық иесінде бірнеше жыл өмір сүре алады. Финна ересек формасына айналуы үшін негізгі (түпкілікті) иесі - адамның ішегіне түсуі қажет. Финнозбен ауырған сиырдың толық қуырылмаған немесе пісірілмеген етін жеген адамның ішегіне түскен финна басын шығарып, сорғыштары арқылы ішекке жабысады. Көпіршігі еріп, қалған басы мойнымен бірге жедел өсе бастайды да, мойны жаңа буындарды түзеп, денесі ұзарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет