40. Кенелерді зерттейтін ілім, оның негізгі мақсаттарын анықтаңыз
Кене (Acarіna) – өрмекші тәрізділер класының бір отряды. Қазақстанда 3 отряд тармағы (акариформды,паразиттіформды және аз зерттелген пішендік кенелер), 10 тұқымдасы, 58 туысы, 236 түрі (иксод кенелерінің 51, гамаз кенелерінің 100, қызыл денелі кенелердің 24,қамба кенелерінің 52, аргас кенелерінің 9 түрі) бар. Республиканың барлық өңіріне кең тараған. Жер бетінде, теңізде, тұщы суда тіршілік етеді, ал жыртқыш және өсімдікқоректі кенелер жер қыртысында, ормандағы ағаш түбінде, өсімдік бетінде, ін мен ұя ішінде мекендейді. Дене құрылысы, пішіні мен түсі әр түрлі, ұзындығы 1,0 – 30 мм. Жұптасқан 1 – 2 көзі болады, көзсіздері де кездеседі. Хелицералары мен педипальпалары (тұмсықша немесе гнатосома деп аталатын) дененің алдыңғы бөлімінде орналасқан. Хелицералардың ұшында иілген, хитинделген тырнақшалары көп. Хелицералар созылуға және жиырылуға қабілетті. Түрі өзгерген педипальпалары гипостоманың және пальпаның жағасына айналған, 6 бунақты. Вентральді жағынан тікенектер мен қапталған өсіндісі- хелицералармен бірге шаншып соратын аппаратын құрайды. Жыртқыш кенелердің хелицералары қысқышқа айналып, кеміргіш - сорғыш ауыз аппаратын түзейді. Паразиттік тіршілік ететін түрлерінде ауыз аппараты - тесіп-сорғыш.
Акарология (гр. 'akarі' – кене, logos – ілім) – зоология ғылымының кенелерді зерттейтін саласы; омыртқасыздар зоологиясының кенелерді зерттейтін бөлімі.[1]
Акарологиялық зерттеулер Қазақстанда 1937 жылы КСРО ҒА Қазақ бөлішесінің зоология секторында (И.Г. Галузоның басшылығымен) жүргізіле бастады. Акарология – ауылшаруашылығы акарологиясы, малдәрігерлік акарологиясы, медициналық акарологиясы болып бөлінеді. Ол кенелердің фаунасын, морфологиялық және анатомиялық құрылымын, физиологиялық, экологиялық ерекшеліктерін, шығу тегін, кластарға бөлінуін зерттейді. Сондай-ақ олардың эпидемиологиялық және эпизоотологиялық мәнін, табиғатта таралуын, адам мен жануарларға жұқтыратын ауруын анықтайды және онымен күресу шараларын қарастырады
Достарыңызбен бөлісу: |