54. Көшбасшылықтың классификациясы өз сөзіңізбен тұжырымдаңыз.
Көшбасшылықтың классификациясы : Іс - әрекет бойынша көшбасшы шабыттандырушы , Көшбасшы - орындаушы , Көшбасшы шабыттандырушы және орындаушы . Стиль бойынша Авторитарлы , Демократиялық , Либералды . Мiнез - құлық бойынша Әмбебап , Ситуациялык . Б.Д. Парыгиннің айтуы бойынша көшбасшы өзінің қабілеттерiн iс - әрекет барысында көрсетедi . Бұл үрдiс барысында тәжiрибе алмасу жүзеге асырылады . Іс - әрекет көп қырлы , олардын көбi жаңа мiндеттердi , тың мәселелерді шешуге жұмсалады . Оқушы игерiлген бiлiмiн , iскерлiк дағдыларын жұмылдырады , iзденiс жұмыстарын , әртүрлі амал айлаларды жүзеге асырады . Оқушы сабақ барысында белсендiлiк танытып , өз бетінше шешiм қабылдауға жаттығады , танымдық қызығушылығы артады , нәтижесінде белгiлi iстi атқару мумкiндiгi , белсендiлiгi , өзiндiк жұмыстарға кабiлеттiлiгi дамиды . Адамның бойында іс - әрекеттiң пайда болуын мына түрлерге бөлiп қарастырған : - Көшбасшы шабыттандырушы ұжым мүшелерiн ынталандыра отырып , оларды iс әрекетке жұмылдырады Шабыттандыру адамды басқарудың негiзiн құрайды . Басқарудың тиімділігі шабыттандыру процесiнiн қаншалықты деңгейде жүретiндiгiне байланысты . Осы теориялардың мазмұнын толық қарастыру үшiн шабыттандыру мәнiн ашу керек . Оны мынадан көруге болады . 1. Әрбір адам организмiнде тұрақты және табанды iс - əрекетке шабыттандыратын тiлектер болады . 2. Адамның бүкiл саналы іс - әрекетін адамның жүріс - тұрысынан сипаттайтын терминдермен түсiндiруге болады 3. Әрбір адам интенсивтiлiк және табандылық бойынша түрлендiретiн адамгершiлiк қажеттiлiктер жиынтығы болады . 4. Осы қажеттіліктерді қанағаттандыру шабыттандырылған мiнез - құлықтың мақсаты болып табылады . 5. Саналы түрде меңгерiлген мақсат - тілекке ауысады . 6. Индивидуум шабыттанып , мақсатқа жетедi . Тұлға іс - әрекетті орындауға ынта бiлдiредi салқынқандылығына , үшін 7. Іс - әрекеттің мақсатқа сай орындалуы , оқушыны шабыттандыру мадақтау немесе ынтаны қолдану нәтижесі болып табылады . Көшбасшы орындаушы өзiнiң біліміне , қабiлетiне , сабырлылығына сүйенеді . Қиын мәселелердің шешімін табу аналитикалық жолдарды қарастырады . Көшбасшы жауапты iстi өз мойынына алады . Қалған ұсақ - түйек тапсырмаларды ұжым мүшелерiне тапсырады . Барлық жауапкершiлiктi өз мойнына алып , өз күшіне ғана сенедi. Көшбасшы шабыттандырушы - көшбасшы орындаушы - ұжым мүшелерiн шабыттандыра отырып , іс - әрекетті орындауға қатысады . Ұжым мүшелерін қолдай отырып , өзі де мақсатқа жетуге атсалысады . Өзiнiң бойындағы тəжiрибемен , қабiлеттерімен бөліседі . Қиын мәселенiн шешімін табу үшін тиiмдi жолдарды қарастырады . Барлық ұжым мүшелерін іс-әрекетке жұмылдырады .
Достарыңызбен бөлісу: |