1. Критериалды бағалау жүйесінің тарихи қалыптасу кезеңдері


Өзін-өзі бағалау жайлы ғалымдардың ой-тұжырымдары



бет2/3
Дата09.05.2024
өлшемі31.04 Kb.
#500798
1   2   3
Документ (14)

. Өзін-өзі бағалау жайлы ғалымдардың ой-тұжырымдары

Оқушының өзін-өзі бағалауын қалыптастыруда және оның педагогикалық мәнін түсіну үшін оқушы мен қоршаған ортаның байланыс жүйесін ескеру қажет. Сонымен қатар, оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастыруды ғы-лыми-педагогикалық негіздеуде адамның бір-бірін түсінуі мен қабылдауының психологиялық механизмдерін зерделеу қажеттігі туындайды. Әсіресе, жеке тұлғаның интеллектуалдық, ақыл-ойы дамуына тығыз байланысты.


Р.С.Омарованың пікірінше, жеке тұлғаның қалыптасуында өзін-өзі бағалау мен қоршаған ортасында адамдардың іс-әрекетіне, писхикалық мүмкіндіктеріне объективті бағалай алуы оқушының тек танымдық қажеттіліктерін қанағаттан-дыру ғана емес, тұлғаның басқа да бірқатар: өзін-өзі көрсетуін, қорғауын, өзін-өзі белсендіру сияқты өзіндік даму қажеттіліктерін қанағаттандыруда маңызды. [23].
Оқу-тәрбие үрдісінде оқушының өзін-өзі бағалауын қалыптастыру баланың ақыл-ойын, дара қасиеттері мен танымдық мүмкіндіктерін дамытуға бағыттала-ды. Оның негізінде оқушының дүниетанымының негіздері қалыптасады. Дүниетаным – адамзаттың құндылықтар, таным, өмір мәні, еңбек, қоғам, таби-ғат туралы көзқарастар жүйесі. Өзін-өзі бағалай отырып, оқушы білімдер жүйе-сін саналы меңгеріп, логикалық ойлау, ес, зейін, қабылдау, ақыл-ой қабілет-терінің дамуына ықпал етеді.
Оқушының өзін-өзі бағалауын қалыптастыру тұтас педагогикалық үрдісте, бала әрекетінің барлық түрінде: оқу, еңбек, қоғамдық, мәдени, ойын т.б. бары-сында жүзеге асырылады.
Оқушының өзін-өзі бағалауының қалыптасып, дамуының негізі педагогика-лық басқару арқылы жүзеге асады. Мұнда субъект-субъектілік қатынасқа негіз-делген басқаруды түсіну керек. Мұндағы талап қою да жеке амал тұрғысынан келген, субъект-субъектілік қатынаста жүзеге асырылуы керек. Баланың өзіне қойылған талаптың мәнін, оны қажеттілік екенін түсінудің маңызы зор.
А.Маслоудың өз-өзін белсендіру теориясында тұлғаның дамуы оның өзін-дік бейінділігін белсендіруге ұмтылуымен байланысты ішкі үрдіс болып таны-лады. Маслоу өзіндік өзектілікті, өзін-өзі анықтауды адами қажеттіліктердің бірі ретінде қарастырады
Өзін-өзі бағалаудың мазмұндық жағынан жалпы нұсқауды біз С.Л.Рубинштейн еңбектерінен табамыз. Ол: «Өзін-өзі бағалау - өзіндік са-наның әлеуметтік тұрғыда басым бөлігі және жеке тұлғаның белсенділігін жү-зеге асыру тетігі» деген анықтама береді. Сондықтан бүгінгі психологияда өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі анықтауға психологиялық тұрғыдан қарастыру кездей-соқтық емес, оның аясында өзін-өзі тану, өзін-өзі сезіну, жеке тұлғаның сыртқы әлеммен байланысын қамтамасыз ететін қажетті бөлім түрінде қарастырылады. Өзін-өзі бағалау жеке адамның өзге адамдар берген мәнді бағаларының қоры-тындысы болып табылатын өзіндік сананың құрылымының бөлшегі ретінде, адамның өзін-өзі, өз іс-әрекеттері мен өз мінез-құлық мақсаттарын, ортаға өзі-нің қатынасын ұғынуы ретінде анықталады. Ол дүниетаным, құндылық бағдар, макро және микро ортаның әлеуметтік үміт-тілектері мен тұлғааралық қарым-қатынастар жүйесіндегі орны, өмірлік тәжірибе үрдісінде қалыптасатын арман-мұраттарға сәйкес алынған бағалаушылық өлшемдерінің жиынтығы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет