«Басқаға қуаныш сыйлай білген – ең бақытты жан» деген екен Дени
Дидро. Ерікті волонтер болу дегеніміз риясыз мейірімділік көрсету, жаңа
дағдыларға үйреніп, адамдарға жақсылық жасау, төрт қабырға ішіне қамалып,
тағдырына налып отыратын мүмкіндігі шектеулі жандардың қызықты да
әсерлі істер мен оқиғалардың ортасында болуы үшін көмектесу, тағдырдың
тезімен қиын жағдайға тап болған адамның жанынан табылу, қолынан
келгенше сүйеу бола білу деген сөз. Ол екінің бірінің қолынан келмейтін іс.
Ерікті волонтерлер болу үшін адамдарға ниет білдіру, жаны ашып, есіркей
білу, ашуды ақылға жеңдіре білу, командада жұмыс жасай білу ғана емес,
адалдық, парасаттылық сияқты адамгершілік қасиеттер керек.
Мұқтаж адамдарға көмек қолын соза алатын кез келген адам волонтер бола
алады. Волонтерлі қызметтің мақсатты бағытталған тобы түрлі көмекке
мұқтаж жандар болуы мүмкін: ауру және ауру балалар, нашақор немесе
маскүнем ата-ана балалары, жастар, мүгедектер, зейнеткерлер және кедей
адамдар, сонымен қатар ҮЕҰ, жануарлар, табиғат және т.б.
«Асар» – бұл ерте уақыттағы «көмек сұраған» адамдарға ерікті көмек көрсету
түрі. Бұл шақыруға келушілер, қыстақ салуда, той және жерлеу рәсімдерін
ұйымдастыруға көмек берген. Асар түрлі жастағы және әр түрлі әлеуметтік
статусқа ие адамдарды бір істе біріктіргенмұқтаж жанға көмек беру. Бұл ерікті
көмек беру идеясының таралуындағы алғашқы қадамдар. Ол жеке бір
индивидуалдық емес, қоғамдық игілік үшін қажет. Уақыттар өтті, асар әлі де
бар, алайда оған паралельді көмектің түрі пайда болды олволонтер.
Қазақстан Республикасында волонтерліктің дамуы және дамудағы
проблемаларға тоқталардан бұрын волонтерліктің пайда болуына тоқталайық.
Волонтерліктің пайда болуы мен даму тарихына тоқталар болсақ. Волонтер
түсінігі әлеуметтік қызмет идеясы ретінде өте ескі түсінік, «социум» түсінігі
секілді. Адам тарихында ерікті және дүниеқорлық мақсатта емес көмекке
ешқашан қоғам қарсы болмаған. Қоғамда әрдайым қоғам игілігі үшін еңбек
етуші адамдар болған.
Тарихқа дейінгі кезеңде қоғамда ауылдық жерлерде өмір сүру үшін адамдар
бірлесіп өнім жинаған, үй соққан, жол жөндеген. Мүмкін, XIX ғасырда
индустрализация, ақша рөлінің жоғарылауы, урбанизацияға қостаушы
аутичтілік, анонимділіктер, бір-біріне көмек беру және ынтымақтастық секілді
құндылықтарды үзді.
1920 жылы бұл құндылықтар қайта пайда болды, ол жеккөрушілікке қарсы
дәру ретінде Бірінші Дүние Жүзілік соғыста пайда болды. Сол жазда Австрия,
Англия, Германия және Швециядан волонтерлар, соның ішінде бұрынғы
сарбаздар, Вердуна жанындағы ауылды қайта қалпына келтіру мақсатында
жиналды, ол ауыл миллиондаған адам өмірін қиған соғыс зардабынан қираған
болатын. Міне осыдан кейін адамзат тарихында халықаралық волонтер
лагерінде алғашқы волонтерлік қозғалыс пайда болды, ол қазіргі күнге қызмет
етуде. Ол французша атауға ие Service Civil International (Халықаралық
Азаматтық Көмек), қысқаша S.C.I.Волонтерлік көмек тез таралды 1920-1930
жылдар S.C.I. жалғастырушылар көбейді. Сол уақытта мұндай ұйымдар түрлі
еуропалық
елдердің
жастарының
достық
қарымқатынас құру тәсілі ретінде бағаланды. 1929 жылғы қатаң
экономикалық крисиз кезінде АҚШтан бастап Болгарияға дейінгі елдер
волонтерлік жұмыстарын жұмыссыз жастарды бос жүргізбей әлеуметтік қажет
іспен айналыстырып, тегін тамақ пен төсек орынмен қаматамасыз етілуі үшін
ұйымдастырды.
Өкінішке орай, бұл халықаралық ұйымдардың идеялары неміс жұмысшы
бригадасы Hitlerjugend Arbeitsdienst және өзге тоталитарлық елдердегі ұйым
әсерлерінен бұрмаланушылыққа ұшырады және өзге ағымға бұрылды.
1934 жылы S.C.I. төрт еуропалық волонтерлерді Үндістандағы кедейлерге
көмек беруге жіберді. Бұл команда British Volunteer Programme, US Peace
Corps, Deutsche Entwiklungsdienst секілді ұйымдардың және өзге топтардың
бастамашысы болды. Екінші Дүние Жүзілік соғыстан кейін жас волонтерлер
Еуропаның қайта қалпына келтіруіне қатысты. Олар мынадай проекттерде
жұмыс жасады: Варшава орталығын соғу, батыс Еуропадағы қираған
қалаларды қайта қалпына келтіру, Югославиядағы Bratsvo-Edinstvo көлік
магистралін құруда. Волонтер халықтар арасында достық қарым-қатынас
орнауына өз септігін тигізді.
Қырғи-қабақ соғыс кезінде жүрек пен адам санасының «мұздау» қаупі туды.
Адамдар волонтер көмегіне суынуы және волонтерлік бәсекелестіктің мықты
құрал болу қауіптері төнді. Алайда, 1948 жылы құрылған ЮНЕСКО-
ның және Халықаралық Волонтерлік Ұйымның Координациялық Комитетінің
арқасында шығыс және батыстағы волонтерлік ұйымдар жұмыстары тоқтап
қалмады. 1960 жылдары американдықтар халықаралық СССР, ГДР және
Венгриядағы волонтерлік жұмыс лагерьлерінде болды, онда нағыз адам
алмасу болды, нағыз достық пайда бола бастады. Шығыс волонтерлері де
батысқа саяхаттады. Азия, Африка және Латын Америкасындағы
волонтерлік қозғалыстар құлдықтан құтылғаннан соң пайда болды.
1960 жылдары дамушы елдерге көпжылдық көмек көрсету программасы
бастау алды. Міне сонда олардың деполитизацияға үндеуі басталды. Себебі
волонтерлерді Қырғи-қабақ соғыста әскер ретінде пайдалануды тоқтату
мақсатында, БҰҰ волонтерлер корпусын тағайындады. 1950 жылдарда
ЮНЕСКО-дан жергілікті жерлерде АҚШтан, Иорданиядан келген кішігірім
волонтерлар тобы жұмыс жасады. Оның мақсаты араб елдерінде және Латын
Америкасында сауаттылықты ашу. 1970 жылы БҰҰ-ның Волонтерлік
бағдарламасы жасалды. Волонтерлік ол көп ұлтты құбылыс. Жапония, АҚШ,
Канада, Австралия, Англия, Италия және өзге дамыған елдердің
пайымдауынша, ерікті іс-әрекет демократия принциптерінің қолдауы мен
жеңілдетуіндегі негізгі рөл атқарушылардың бірі ретінде түсіндіреді, ең
алдымен, шешім қабылдау процесінде көпшілік азаматтарды тартады.
Елдердің үкіметтері ерікті қозғалысқа жан-жақты көмек көрсетеді, түрлі
заңдар шығарылады, ерікті қозғалыс бағдарламаларын қабылдайды. Міне
солай, Жапонияда еріктілер орталықтарының жүйесі бар, оған жалпыұлттық,
преферактуралды және муниципалды орталықтар кірді. Жапония Министрлігі
волонтерлік жұмыспен айналысуды жүзеге асырумен айналысу негізгі міндеті.
Қазақстанда волонтерлік 1991 жылдан бастап БҰҰ Еріктілер қозғалысы
бағдарламасының пайда болғаннан кейін дами бастады. Сонымен қатар,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының еріктілер
қозғалыс қарарына қаржылай демеуші болды. 1997 қараша айында Қазақстан
100-ге жуық дүние жүзі елдерімен қатар A/RES/52/17 қарарына қол қойып,
2001 жылды Халықаралық Еріктілер жылы деп аталды. Сондай-ақ, Қазақстан
Индонезия, Лаос, Маврикия мен Нигер мемлекеттерімен бірігіп 2002 жылдың
желтоқсан айында A/RES/57/106 қарарына демеуші болды. Онда былай
делінген: «...волонтерлік принципі кез келген стратегияның маңызды
компоненті, кедейшіліктің азаюы, тұрақты дамуы, денсаулық, төтенше
жағдайлардың алдын алу және басқару, әлеуметтік интеграция және
әлеуметтік эксклюзивті жеңу және дискриминация».
Ең алғашқы ҮЕҰ Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін құрылды, міне солар
алғашқы болып қоғамдағы волонтерлік идеясын көмектің жаңа формасы
ретінде, қоғамдық өмірде азаматтық қоғамның араласуы және одақ
мәселелерін сол одақпен шешу ретінде таратты. Қазіргі уақытта да
волонтерлік сферасы көптеген жетістіктерге жеткеніне қарамай, ол пайда болу
кезеңінде, өзіне қызығушылық танытқан барлық мұдделі жақтарды көңіл
бөлуін қажетсінеді: ҮҮЕҰ және халықаралық ұйымдар, мемлекеттік
мекемелер және бизнес құрылымдар. 2006 жылы 25 шілде Қазақстан
Республикасының Президенті «Қазақстандағы азаматтық қоғам 2006-2011
жылдарға арналған дамуының концепциясына» қол қойды. Бұл концепция
азаматтық қоғамның ұйымдасуы мен дамуын түрлі коммерциялық емес
ұйымдардың ашылумен, мысалға ҮЕҰ секілді ерікті әлеуметті белсенді
халықты тартуын қолдайды. Концепция азаматтық қоғам дамуының
маңыздылығын көрсеткен. «Волонтер» немесе «Ерікті» сөздері концепцияда
көрсетілмеген, тек қана ортақ бағыт берілген, ол «Елімізде азаматтық
қоғамның дамуының жоғарғы сатысы ретінде волонтерлік институттың
дамуын алу». Еріктілер – демократиялық елдердегі ең үлкен жұмыс күштері
саналады. Соңғы уақытта Қазақстанда көптеген еріктілер ұйымдары құрылды.
Алайда көпшілігі тек қағаз жүзінде жұмыс жасайды. Әзірше әлеуметтік
жобалар бойынша жұмыс жасайтын бұл ұйымдарды білім, экология немесе
мемлекеттік органдар ұйымдастыратын шаралар толғандырмайды.
Желтоқсанның 5-і. Экономикалық және әлеуметтік дамуға көмек көрсетуші
еріктілердің халықаралық күні, Дүниежүзілік еріктілер (волонтерлер) күні.
Атаулы күні 1985 жылғы желтоқсанның 17-дегі БҰҰ Бас Ассамблеясы 40шы
сессиясының шешімі бойынша атап өтіледі.
Қазақстанда Ұлттық волонтерлік желісі жұмыс жасайды, ол Құрылған
уақыты: 2010 жылғы 30 сәуір. БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы және
Қазақстанның Азаматтық Альянсының жобасы. Волонтерлік ұйымдарды,
волонтерлермен жұмыс жасайтын ҮЕҰ-ларды, сонымен қатар, волонтерліктің
дамуына
қызығушылық
білдіретін
жеке
тұлғаларды
біріктіреді. Мақсаты: еріктілік бастамалардың әрі азаматтық қоғамның
толыққанды және үдемелі дамуы. ҚР-да волонтерлік мәдениетті дамыту.
Желінің дамуы: ҰВЖ мүшелерімен жұмыс: ақпарат алмасу, білім әрі
машықтарға үйрету, қолдау көрсету және т.б. (қазіргі уақытта желіге бүкіл
Қазақстан бойынша 18 волонтерлік ұйым кіреді). Білім беретін волонтерлік
лагерлер/мектептер: 2010 жылдың қараша айында волонтерлермен жұмыс
істейтін ҮЕҰ-ларға арнап, Бурабай жерінде халықаралық волонтерлік лагерь
өткізілді. Оған Қытайдан келген эксперттер, БҰҰ волонтерлері, АҚШ
Бейбітшілік Корпусының волонтерлері қатысты. Биылғы жылдың жаз
мезгіліне волонтерлер мектебі жоспарлануда. Халықаралық қызметтестіктің
дамуы: Қазақстандағы БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы, АҚШ Бейбітшілік
Корпусы, ASA германдық қызметі. Желіге мүше болу арқылы Волонтерлік
туралы ақпарат пен қорларға қол жеткізу. Волонтерлікті дамытуға
қызығушылық білдіргендерге өзара көмек, өзара қолдау көрсету әрі өзара
байланыс орнату.
Достарыңызбен бөлісу: |