•
Педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш;
•
Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
•
Оқушымен ортақ тіл табыса алатын;
•
Білімді, шебер, іскер болуы тиіс. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оның
білімінің жан-жақтылығы,
ұстаздық шеберлігі, оқытудың жаңа әдістерін,
инновациялық технологияны меңгеруімен өлшенеді. Белгілі бір саладағы
құзырлықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен
қаруланған, қандай да бір негізі бар ой-тұжырым жасайтын және тиімді
әрекет ете алатын адам деп есептеуге болады. Кәсіби құзіреттілік деп
педагогтың жеке бас сапалары мен оның
психологиялық-педагогикалық
және теориялық білімінің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің
бір арнада тоғысуы деуге болады [2]. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы,
киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан
шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Әрбір ұстаз үшін оқу – тәрбие процесін
ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты,
дұрыс іскерліктер мен
дағдыларды қолдануды қажет етеді.
Өз тәжірибем бойынша білім сапасын
арттыру жолдарын қарастыратын болсам, қазақ тілі сабағында түрлі
дидактикалық дамытпалы ойындар, шығармашылық тапсырмалар
колданамын. Қазіргі педагогикалық технология талаптары оқушыға білім
берудің ең тиімді, ұтымды жақтарын таңдауды талап етеді және үнемі
дамыту,
жетілдіру, толықтыру сабақ сапасын арттырады. Оқушыны да,
мұғалімді де шығармашылыққа жетелейді. Мысалы, «Сын тұрғысынан
ойлау» стратегиясына тоқтала кетсем, сабақ барысында «кубизм»
стратегиясын, «анықтау» стратегиясын, «сәйкестендіру», «суреттеу»,
«топтастыру»
стратегияларын
қолдану
оқушылардың
сабаққа
қызығушылықтарын арттырады. «Бестармақ» тәсілі арқылы «Уақыт» сөзіне
«бесжолды өлең» құрастырып жазады. Тағы бір тиімді, әрі ұтымды әдіс, ол
оқылым мәтініндегі автор көзқарасына өз пікірлерін «Попс формуласы»
арқылы дәлелдеп жазу. Мысалы, 1-сөйлем: «Менің ойымша, …», 2-сөйлем:
«Мен оны былай түсінемін: …», 3-сөйлем: «Оны
мына деректермен,
мысалдармен дәлелдей аламын: …». Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты
мен мынадай қорытынды шешімге келдім:…». Оқушыларды оқытуда
негізінен өз басым сын тұрғысынан ойлау технологиясының пайдасы көп
деп ойлаймын. Өйткені өзім әр сабағымда осы технологияның элементтерін
пайдаланып отырамын. Осы технологияны қолдану нәтижесінде:
•
Нәтижесінде тапсырмалардың түрлері оқушыларды: ерекше ойлауға; өз
идеяларын ашық айтуға; болжамдар жасай білуге; белгісізге қарай табысты
түрде қадамдар жасай білуге үйрете отырып, олардың бойларына
құзыреттілік қасиеттердің
белгілерін қалыптастырып, заман деңгейіне сай
білім негіздерімен қаруландырады.
•
Достарыңызбен бөлісу: