1. Маркетингтің шығуы және жалпы сипаттамасы. Маркетингтің принціп түрлері мен қызмет түрлері



бет3/27
Дата01.10.2022
өлшемі491 Kb.
#461734
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
лекции-Маркетинг-каз

Маркетингте 5 концепция қолданылады:
1. Өндіріс концепциясы - бұл жерде өндіруші тек өнімнің өндірілуіне және кең таралуына басты назар аударады. Ішкі өндірістік мүмкіншіліктер басты рөл атқарды.
2. Өткізу концепциясы.
3. Тауар.
4. Маркетингтік концепция.
5. Қоғамдық маркетинг.


2 Тақырып. Маркетингілік зерттеулер.


1. Маркетингтік ақпарат жүйесінің түсінігі.
2. Маркетинг зерттеулердің анықтамасы және оларды жүргізу шарттары.


1. Маркетингтік ақпарат жүйесінің түсінігі.
Маркетингтік қызметті тиімді жүргізу үшін осы қызметке қатысты ақпаратты қажет етеді: Талдау, жоспарлау және маркетингтің басқа да бағдарламаларын жүзеге асыру үшін, маркетинг маманына уақытылы жеткізіліп отырған нақты және айқын бағдарлама қажет және осы бағдарлама негізінде қажетті ақпараттарды жинақтауы керек. Бұл ақпарат қаржы тәуелсіздігін арттыруға, маркетинг орта жағдайын бақылауға мүмкіндік берді. Мекеменің уақытылы нақты деректермен қпмтамасыз ету үшін, мекеме ішінде маркетингтік ақпарат жүйесі құрылады. Маркетингтік ақпарат жүйесі 2 жүйеден топталады.
1. Ішкі ақпарат жүйесі. Мекеме қызметін сипаттайтын және анықтайтын ішкі есеп беру жүйесі. Осы жүйе негізінде жинақталған деректер тек мекеменің өз ішінде қолданылады және келесі мәліметтерден түрады: мемлекеттің бюджеті, өткізуді болжау, шығыстар және кірістер жайлы ақпарат дебеторлық және кредиторлық қарыздар жайлы ақпарат.
2. Сыртқы ақпарат жүйесі - бұл маркетингтік сыртқы ортада болып жатқан өзгерістер жайлы жинақталған деректер жиынтығы. Сыртқы ақпарат- мемлекеттік және мемлекеттік емес көздерден келіп түсуі мүмкін.
-Мемлекеттік тарапынан келіп түсетін ақпарат- бұл мекеменің шаруашылық қызметі мәселелерін шешуге арналған статистикалық немесе сипаттамалық материал.
-Мемлекеттік емес тараптан келіп түсетін сыртқы ақпарат- бұл ақпарат қажеттілігіне қарай 3 категорияға топталуы мүмкін:
1. Уақытылы басып шығарылатын маркетингтік қызметке қажетті ақпаратты басып шығаратын басылымдар (газет, журналдар)
2. Кітаптар, монаграфиялар және басқа да уақытылы емес басылымдар. Бұл басылымдардың мақсаты әртүрлі мекемелер тарапынан қоғамдық пікірге ықпал ету үшін және тәжірбие мен білімді дамыту үшін басылып шығарылады.
3. Арнайы коммерциялық зерттеулік ұйымдар. Бұл ұйымдар берілетін тапсырыс бойынша жоспарланған уақытта зерттеулер жүргізеді.
Маркетингті ақпаратты талдау жүйесі - бұл маркетинг мәселелерін және маркетинг деректерді талдау әдістерінің жиынтығы. Талдау әдістері бірнеше түрге бөлінеді: яғни қарапайым талдау әдістерінен бастап өте күрделі статистикалық өңдеу және модельдеу әдістеріне дейін.
Талдауды бастамас бұрын жинақталған ақпарат ішінен ең маңызды деген деректерді іріктеп кесте негізіне түсіріледі. Оны кесте негізінде статистикалық өңдеуден өткізілді және математикалық модельдеу жолымен қалыптасқан мәселеден тиімді шешу жолдарын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет