6)Жазық механизмдердің құрылымдық формуласы.
Алдында айтылып кетті, жалпы жағдайда механизмнің еркіндік дәреже саны W (4) – формуламен анықталады:
W = 6 n – 5 p5 – 4 p4 – 3 p3 – 2 p2 – p1.
Егер механизм құрамына кіретін буындардың қозғалысына қосымша шарт қойылмаса, онда осы формуланы қолдануға болады. Мысалы, механизмнің V класс жұптары тек айналмалы болуы, осы жұптардың өстері параллель болуы, бір нүктеде қиылысуы және т.с.с. Осындай қосымша шарт механизмнің қозғалысын және оның сәйкес құрылымдық формуласын өзгертеді.
Топсалы төрт буынды механизм
1- сурет
Мысал үшін V класс жұптары құрастыратын механизмнің параллель болсын (1 – сурет). Қозғалмайтын xyz координаттар жүйесін, x өсінің бағыты жұптардың өсімен бағыттас, ал y және z өстері жұптардың өстеріне перпендикуляр жазықтықта болатындай қабылдаймыз. Бұл жағдайда ABCD механизмінің барлық нүктелері y және z координаттары құрайтын қозғалмайтын S жазықтығына параллель қозғалатын болады және біздер жазық механизм аламыз, яғни буындардың нүктелері параллель жазықтықта траектория сызатын механизм.
W = 3 n – 2 p5 – p4. (5)
(5) - формула жалпы түрдегі жазық механизмдердің құрылымдық формуласы.
7. Кинематикалық тізбектер және олардың классификациясы.
Кинематикалық жұп көмегімен жалғасқан буындардың жүйесін кинематикалық тізбек дейміз. Кинематикалық тізбек жазық және кеңістік болып екі топқа бөлінеді. Жазық кинематикалық тізбек буындарының нүктелері бір жазықтықта немесе параллель жазықтықтардың бойында қозғалады. Кеңістік кинематикалық тізбек буындарының нүктелері кеңістік қисықтың, жазық қисықтың немесе параллель емес жазықтықтардың бойында қозғалады. Кинематикалық тізбек қарапайым және күрделі болып екіге бөлінеді
Кинематикалық тізбек
4
a b
a) қарапайым кинематикалық тізбек b) күрделі кинематикалық тізбек
1-сурет
Әрбір буыны екіден көп емес кинематикалық жұп құрамында болатын тізбекті, қарапайым кинематикалық тізбек дейміз (1-а сурет). Ең болмағанда бір буыны екіден көп кинематикалық жұп құрамында болатын тізбекті, күрделі кинематикалық тізбек дейміз (1- b сурет). Бұл кинематикалық тізбек алты буыннан құрылған, ал үшбұрыш буынына үш кинематикалық жұп кіреді. Келтірілген кинематикалық тізбектер құрамына тек айналмалы жұп кіреді.
Қарапайым және күрделі кинематикалық тізбектер тұйықталмаған және тұйық болып екіге бөлінеді. Бір ғана кинематикалық жұп құрамында болатын буындары бар тізбек, тұйықталмаған кинематикалық тізбек деп аталады
Достарыңызбен бөлісу: |