1. Материялық нүктенің кинематикасы. Қозғалыстың кинематикалық теңдеулері. Жылдамдық. Үдеу. Жол


Жылу машиналары.Жылу машинасының термиялығ ПӘК-і. Карно циклі. Карно теоремасы



бет13/23
Дата12.05.2023
өлшемі0.55 Mb.
#473601
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
физ шалкар

32. Жылу машиналары.Жылу машинасының термиялығ ПӘК-і. Карно циклі. Карно теоремасы.
Жылу машиналары деп жүйенің ішкі энергиясының бір бөлігін механикалық энергияға айналдыратын және соның есебінен жұмыс істейтін құрылғыларды айтады.
Барлық жылу машиналарында отынның энергиясы, алдымен жоғарғы температураға дейін қыздырылған газдың немесе будың ішкі энергиясына өтеді. Ұлғаю барысында газ сыртқы күштерге қарсы жұмыс атқарады және салқындайды, яғни оның ішкі энергиясы азаяды. Бұл газдың ішкі энергиясының бір бөлігінің механикалық жұмысқа айналғанын білдіреді. Газдың ішкі энергиясының механикалық энергияға айналмай қалған бөлігі, салқындатқыш рөлін атқаратын тоңазытқыш деп аталатын сыртқы ортаға беріледі. Сонымен, барлық жылу машиналарының құрылымы үш негізгі бөліктен тұрады: отынның энергиясы бөлініп шығатын қыздырғыш; бу немесе газ болып табылатын жұмыс денесі; пайдаланылмай қалған жылу мөлшерін алатын суытқыш. Жұмыс денесі қыздырғыштан жылуды алып, салқындатқышқа жылуды береді және осы жылу мөлшерлерінің айырмасы пайдалы жұмысты береді. Жылу қозғалтқышының тиімділігі оның пайдалы әсер коэффициентімен сипатталады . өрнегі жылу машиналарының ПӘК-і әрқашан бірден кіші болатынын көрсетеді.
Карно циклі барлық дөңгелек процестердің ішінде ерекше орын алады. Ол бір қыздырғыш Т1 пен бір салқындатқыш Т2 арқылы арқылы қайтымды түрде орындалатын бірден-бір цикл. Карно циклі екі изотерма және екі адиабатадан тұрады. Жұмыс денесін идеал газ деп алсақ, қайтымды Карно циклі үшін ПӘК-і , . (9.2)
Карно теоремасы:
 қайтымды Карно циклінің ПӘК-і жұмыстық дененің табиғатына және осы циклді жасайтын жүйенің құрылғысына тәуелсіз, ол тек қыздырғыш пен салқындатқыштың температуралары арқылы анықталады;
 қайтымсыз машиналардың ПӘК-і (қайтымсыз цикл бойынша жұмыс істейтін) қайтымды машиналардың ПӘК-не қарағанда кіші, яғни . Олай болса, .
00
0
0
0
0


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет