1. Мәдениет және ӛркениет: ӛзара байланысы мен ерекшелігі


Батыс өркениеті мен мәдениеті



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата23.10.2023
өлшемі201.21 Kb.
#481484
1   2   3   4
1 мад

Батыс өркениеті мен мәдениеті. Батыс ӛркениетіне Ежелгі Греция 
және 
Рим. 
Ұлы 
державалары 
орта 
ғасырларыдағы Англия,Франция,Испания,Италия және кейінрек Германия, 
Австро-Венгрия, АҚШ. XIX ғ. 
со ңғы ширегінде Тигр және Ефрит (Қос ӛзен) ӛзендерінің бойында 
жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде ежелгі ескі 
қалалардың орны ашылып, әлемге «Шумер ӛркениеті» деген жаңа мәдениет 
белгілі болды. Адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған мол мәдени 
мұраларына қомақты үлес қосқан, дүниежүзілік ӛркениеттің тағы бір 
бастауына айналды бұл жаңа мәдениеттің аты аңызға айналды, адамзат 
қауымының «фәлсафалық мәйегі», ілгерілеу мен дамуының қайнар бұлағы 
деп дәріптелді. Жер бетінде алғаш ӛркениетті қауым, іргелі мемлекет 
құрған шумерлердің мәдениеті дүниежүзілік мәдени ошақтардың бірі Египет 
мәдениетіндей ӛте жоғары болды. Шумерлер адамзат тағдырын шешетін 50-
ден астам құдай бар деп есептеген. Олардың біразының аты белгілі: Ан, Ан-
Ки, Ан-Лил, Ереш-қигал, Инанна, Нурур-Саг,Мама, Мами, Уту, Марту, Ие, 
Мардук, Шамаш және т.б. Шумер-Аккад ӛркениетінің тікелей мұрагері 
ежелгі Вавилон болды. Б.з.б V ғ. Вавилонда астрологиялық мектептер 
болған, ал жұлдыздардың ӛзара қашықтығын кӛрсететін таблицалар күні 
бүгінге дейін сақталған.Кейінгі ғасырларда Вавилонның қуаты мен саяси 


маңызы адамдардың ең ежелгі және ұлы мәдениеттерінің бірін гүлдендіріп, 
одан әрі дамыту ассириялықтардың үлесіне тиді. Олар Вавилонның дінін
мәдениеті мен ӛнерін қабылдап, оны одан әрі дамытты. Ғалымдар Ассирия 
патшасы ашшурбанилпал (б.з.д. 665-635) сарайының қирандыларынан 
бірнеше ондаған мың сына жазу тексті, соның ішінде вавилон әдебиетінің аса 
құнды шығармалар бар кітапхана тапты. Шығыс елдерінің ішінде гі ең әйгілі, 
ең бай бұл кітапханада вавилондық әдеби шығармалармен қатар, заңдар 
жинағы, тарихи туындылар мен ғылыми еңбектер де жинақталған. 
Ассирияның алдағы Азиядағы үстемдігі тым ұзаққа созылған жоқ, б.з.д. VI ғ. 
Вавилон мен Ассирияның орнын қуатты Иран империясы басты. Иран 
ӛркениетің тірегі-зороастризм діні болды. Зороастризм тек қана діни наным-
сенім жүесі ғана емес, сонымен қатар философиялық, дүниетанымдық жүйе 
болып табылды. Иран ӛркениетінің тағы бір жетістігі –ондағы ескі парсылық 
сына жазуы. 
Антик дүниесінің ӛнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим 
мәдениетінің әлемдік ӛркениетте алатын орны ерекше. Мәдениет тарихының 
қай кезеңін алсақ та, ол ӛзінің баға жетпес жетпес мәдени құндылықтармен 
ерекшеленеді. Сондықтан да болар, ғалымдар кӛне мәдениеттің ішінде, 
әсіресе, грек мәдениетіне ерекше мән береді, ӛйткені ежелгі Грекияның 
әдебиеті, ӛнері, философиясы және т.б. ғасырлар бойы Еуроппаның барлық 
елдерінің ақындарына, мүсіншілеріне, суретшілеріне, жазушыларына , 
композиторларына сарқылмас шалқар шабыт берді. Мұндай ақыл-ой 
даналығы рухани және саяси-әлеуметтік ӛмірдің барлық салаларында- 
поэзияда, саясатта, ғылымда, құқықта , кескіндеме, сәулет, мүсін және т.б. 
ӛнер салаларында кеңінен кӛрініс тапты. Кӛне мәдениеттің жарқын беттері 
Эсхил, Софокл, Еврипид, Геродот, Фукидит, Демокрит, Платон, Аристотель, 
сияқты ұлылар есімімен тығыз байланысты болды. Б.з.д. II-мықжылдықтарда 
Грекия мәдениетінің аса маңызды орталықтары Крит аралы мен Пелопоннес 
түбегіндегі Микены болғандықтан да Эгей ӛркениетін Крит-Микены 
мәдениеті деп атады. Грек аңыздарына қарағанда Крит- ұлы 
жебеуші найзағай тәңірі Зевстің туған жері. Ежелгі Грекия мәдениетің келесі 
кезеңі ұлы Гомердің атымен – Гомер кезеңі (б.з.д. XI-VIII ғ.) деп аталды. 
Б.з.д. VIII ғ. туған «Илиада» мен «Одиссея» дастандары. Бұл кезеңнің мүсін 
ӛнеріне тән нәрсе –құдайларға сыйға тартуға арнайы жасалынғапһн қыш 
немесе қола мүсіншілер. Демек , б.з.д. I-мыңжылдықтың алғашқы ғасырларда 
ӛнер салссында кӛркемдік кәсіп –керамика жетекші орын алды. Гомер 


дәуірінде мәдениет құлдырау, тоқырау кезеңін басынан кешіргенмен де, дәл 
осы тұста грек қоғамының дамуына, мәдениеттің гүлденуіне қолайлы 
алғышарттар жасалғандығын естен шығармауымыз керек. Грекияның 
мәдениетінің архаикалық кезеңі б.з.д. VII-VI ғ. аралығын қамтиды. Бұл кезең 
гректердің Мрамор және Жерорта теңіздерінің жағалауларындағы жерлерді 
меңгеру – ұлы отаршылдық кезеңі, бұл- құлиеленушілік құрылыстың кірігу 
кезеңі, грек мемлекет-қалаларының ӛзара саяси-әлеуметтік күрес жағдайында 
қалыптасу кезеңі, дәлірек айтқанда қилы-қилы қоғамдық – саяси оқиғаларға 
толы түбегейлі терең ӛзгерістер кезеңі. Дәуір басында-ақ,әсіресе 
материалдық мәдениет қаулап дами бастады. Жолдар тартылып, кӛпірлер 
тұрғызылды, қалаларда су құбырлары салынды, темір қару-жарақтар кеңінен 
қолданыла бастады, металлургия мен құйма тәсілі одан әрі жетіле түсті. 
Әлемнің жеті кереметінің бірі Артемида ғибадатханасы-Артемиданың 
құрметіне салынды. Антикалық сәулет ӛнерінің шыңы- ежелгі заманның 
ӛзінде –ақ дорийлік стильдің ең тамаша ескерткіші деп танылған Парфесон 
сарайы еді. Ӛзіндік сипаты бар архаикалық мәдениет дүниежүзілік 
мәдениетте айрықша рӛл атқарған Эллада тарихындағы жаңа кезеңге- 
классикалық гүлдену дәуіріне даңғыл жол ашып берді. Б.з.д. грек-парсы 
соғыстары (500-449 ж) ежелгі грекияның тарихында бетбұрыс кезең болды, 
ӛйткені дәл осы уақыттан бастап грек мәдениеттінің классикалық кезеңі 
басталды. Классикалық грек трагедиясының негізін салушы- ұлы Эсхил 
(б.з.д. 525-456 ж.) болды. Эсхил трагедияларында шындық, әділеттілік, діни-
этикалық 
мұра 
ұғымдары 
одан 
әрі 
айқындалып, 
азаматтардың 
рақымшылдығы мен адамгершілігі, ӛз еліне деген сүйіспеншілік бірінші 
орынға шықты. Б.з.д. V-IV ғ. жасалған сәулетшілердің, мүсіншілер мен 
суретшілердің даңқты ӛнер туындылары кейінгі ғасырларда да үлгі-ӛнеге 
алуға лайық болды, сондықтан да оларды классикалық мұра, яғни үлгі деп 
есептейміз. Қорыта келгенде, классикалық дәуір ӛнерінің басты жеңісі, 
адамның архаика ӛнірінің шарттылығынан құтылған тәуелсіз, табиғи қалпын 
бере білу шеберлігі болып табылады. Эллинизм (б.з.д. IV ғ. аяғы-б.з. I ғ.) – 
ертедегі грек құлиеленушілік қоғамының соңғы, аяқталған кезең болды. 
Грекия тарихындағы бұл тарихи кезең Александр Македонскийдің (б.з.д. 
356-323 ж.) бүкіл Грекияны жаулап алуымен тығыз байланыста болды. 
Сауданың қаулап ӛсуі, әсіресе Шығыста жаңа қалалардың дүниеге келуіне 
зор ықпал етті. Грекияның сан ғасырлар бойы жинақталған мәдени 
жемістерінің шығыс ӛркениетімен ӛзара ұштасуының зор тарихи маңызы 
бар. Бұл дәуірдегі ғылыми жаңалықтардың басым кӛпшілігін Александрия 


ғалымдары ашты. Мысалы, Эвклид геометрияның бастауы туралы еңбек 
жазды, Гиппарх іргелі жұлдыз каталогын құрастырды, географ Эратосфен 
жер шеңберін біршама анықтады, астроном Аристрих Самоский тұңғыш рет 
мен планеталар күнді айналады деп данышпандық болжам айтқан. Ең 
бастысы- Александрияда дүние жүзіндегі кітаптардың басым кӛпшілігі 
шығарылды, дәлірек айтқанда, ғылымның барлық саласынан шығармалар 
жинақталған 700 мың папирус орамы бар әйгілі кітапхана орналасты. Қорыта 
келгенде, 
ежелгі 
грек 
мәдениетінің 
шұғыласы 
антика 
ӛркениетінен анағұрлым кеш пайда болып, ғасырлыр бойы ӛз сәулесін 
түсіріп келеді. Дәл осы тұстан бастап қазіргі Италия мемлекетінің жері 
кӛне мәдениеттің орталығына айналды. Сӛйтіп антика ӛнерінің жаңа тарауы 
болып есептелетін Ежелгі Рим мәдениеті басталды. Дүниежүзілік ӛркениетте 
гректердің де, римдіктердің де қосқан үлесі ұшан теңіз, бұл ұлы халықтардың 
бірін-бірі 
толықтырып 
отырды. 
Римдіктердің 
табиғи 
шығармашылық даналықтары сәулет ӛнері ескерткіштерінде мейлінше 
байқалады. 
Рим 
сәулетшілері 
ғимараттарың 
ӛзіндік 
ерекшелігі, 
олардың мемлекет қажеттілігін ескертіп салуы болатын. Рим әдебиетіне 
келетін болсақ, бұл салада грек әдебиетінің ықпалы зор болды. Бұл дәуірдің 
ең дарынды жазушылары, прозаның шеберлері Варрон мен Цицерон болды. 
Империя заманында императорлар гладиаторлар шайқасы үшін орасан зор 
мамфитатрларт салғызды. Солардың ішіндегі ең ірісі Римде б. ғ-дың 75-80 
жылдары және орта ғасырларда салынган Колизей.Колезей құрлысының 
негізін арқалар мен итарқа күмбез құйяды. Грекия сәулет ӛнеріне колоналар 
қандай тән болса, Рим сәулет ӛнеріне бұлар да сондай жарасымды. Шығыс 
Рим империясы, Византия империясы деген атпен атпен 1453 жылға дейін 
ӛмір сүрді, бұл христиандық бағыттағы грек мәдениетінің заңды жалғасы 
болды. Ал Батыс Рим империясы германдықтардың соққысынан 476 ж. 
құлады. XI-XII ғ. бастап Еуропада ашыла бастаған алғашқы университеттер 
ғылыми-зерттеу жұмыстарының орталығына айнала бастады. XI ғ. 
Италияда Балон құқық мектебінің негізінде Балон университеті (1038 ж.) 
ашылды. XII ғ. Батыс Еуропаның басқа елдерінде де университеттер ашыла 
бастады. Англияда Оксфорд университеті (1167 ж.), ал одан кейін Кембриж 
университеті (1209 ж.)- ортағасырлық білім ордаларына айналды. 
Франциядағы алғашқы және ең ірі оқу орны- Париж университеті (1160 ж.). 
Батыс Еуропаның барлық елдеріндегі университеттерде сабақ латын тілінде 
жүрді. XIII ғ. Ағылшын әдебиетінің мәңгілік ӛшпес мұраларының бірі- 
Робин Гуд жайындағы балладалар. Италия әдебиетінде итальян тілінде 


жазылған жырлар балладалар, сонеттер басым болып келеді. Францияда қала 
мәдениеті XI-XII ғ. туындады.Қаланың халық кӛп жиналатын алаңдарында 
актерлер, акробаттар, аң үретушілер, музыканттар және әншілер жаппай ӛнер 
кӛрсететін. Театр ӛнері Англияда да қанат жайды. Ең бастысы театр 
қойлымдарды XIII ғ. бастап ағылшын тілінде жүргізіле бастады. 
Қоғам -әлемнің бір бӛлігі, белгілі бір мақсаттарды іске асыру жолында 
әрекет етіп жатқан субъектілердің байланыс нысандары. Яғни, қоғам 
ұғымындағы негізгі мәселе –адам және оның ұйымдасу нысандары , бұл 
ретте қоғамды зерттейтін басты ілімді әлеуметтану деп атайды. Ал мәдениет 
осы тұрғыдағы қоғамның белгілі бір қасиеті, кӛрінісі, сипаты мазмұнында 
қолданылады. Қоғамдағы мәдениеттің тӛмендегідей қызметтері бар: 
1)Адамды қалыптастыру қызметі. Бұл- мәдениттің қоғамдағы 
басқа қызметтерін бойына жинақтайтын және оның негізгі мазмұнын тікелей 
байланысты нышан. Егер біз адамды әлде құдай, әлде табиғат, әлде еңбек 
жаратты деген пікірталастардан сәл кӛтерілсек, адам мәдениетті, ал 
мәдениет адамды қалыптастырғанына кӛзіміз жетеді. «Жеке адам ӛзі ӛмір 
сүріп жатқан қоғамның туындысы, тӛл перзенті». Адамға ең қиыны- адам 
болу. Ал оның негізгі шарттарының бірі ретінде ізгілік пен зұлымдық, 
ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен ӛктемдік, бодандық пен азаттық, 
сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы таңдауы. Соның нәтижесінде жеке 
тұлғада ӛзіндік сана тұрақталады, ол озық мәдениет үлгілерін ӛз бойына 
сіңіреді. Жалпы алғанда, мәдениеттің алға басуы дегеніміз дүниежүзілік 
тарихтың адам үшін, оның мүлделері мен ӛзіндік мақсаттары бағытында 
толыққанды ашылуы болып табылады. 
2) Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі. Мәдениеттің бұл қызметі бір 
ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық ӛмір тәсілдерінің ӛзіндік 
ерекшеліктеріне қатысты. Шын мәнісінде қоғамда ұрпақтар жалғастығы 
мәдени мұраларды игеру, қабылдау және оны шығармашылықпен дамыту 
арқылы жүзеге асады. Мәдени ақпараттар- салт-дәстүр, әдет-ғұрып, рәсім-
рәміз, діл мен тіл, дін мен ӛнер ,білім т.б. руханилықтың белгілі бір деңгейін 
меңгерудің нәтижесінде мәдениет субъектісінің ӛзінлдік санасының жанды 
буынына айналды. 


3) Танымдық қызметі. Мәдениеттің қоғамдағы бұл қызмет- 
міндетінің сан алуан қыры бар. Ертедегі гректің «пайдейя», ислам 
Ӛркендеуіндегі «маариф», қазіргі ӛркениеттегі «интеллигенттілік» ұғымдары 
мәдениет пен білімділіктің іштей туыстығын, үндестігін білдіреді. Ал біздің 
ӛркениеттілігіміз жаппай компьютерге кӛшумен сипатталмауы керек, 
мәдени диалоктың түрін жасап , оны сақтай білу қабілетімізбен кӛрінуі 
керек. Егер біз ғылым арқылы шындықты ашсақ, ӛнер арқылы әсемдікке 
ұмтыламыз, ал моральдық таным арқылы-жақсылық пен жамандықты 
айырамыз. 
4) Реттеу қызметі. Мәдениет- жабулы қазан емес. Мәдениеттегі 
реттеушілік әрекеттерінің ӛзіндік ерекшелігі бар. Мәдениетте күнделіктіден 
гӛрі жоғарыға, идеалға, үлгіге кӛбірек кӛңіл бӛледі. Мәдени ұғымдарда 
нормативтік,ережелік талаптар басымырақ.Мысалы, «мәдениетті адам» 
дегенде оның адамдық жан-жақты белгілерді бойына толығырақ, тереңірек 
дарытқандығын кӛрсетеді. 
5) Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызмет. Бұл мәдениеттің 
қоғамдағы негізгі қызметтерінің бірі. Адамдардың қарым-қатынасы, 
мәдениеттер сұхбаттасуы- әлеуметтік шындықтың басым кӛрінісі. Руханилық 
пен ізгілік, әдемілік пен жақсылық тербелісі адамды нәзік тормен қоршаған; 
қоғамдық ӛмірде тек зат пен тауар ауысуы ғана емес, ең алдымен идеялар, 
мамандық, шеберлік тәжірибелерімен, сезімдік үлгілермен ауысу толастамақ 
емес. Мәдениет игіліктерін жас нәресте анасының ақ сүтін еміп, оның 
әлди жырымен сезім дариясына шомылып қана адамдық қасиеттерді 
бойына сіңіре бастайды. Мәдени болмыстың тірегі деп қарым-қатынасты 
айтамыз. 
Ӛркениет заманы адам ӛміріне машинаның жан-жақты енуімен, тіпті 
адам ның руханилығының құндылығын кеміп, оның осы машинаның тетігіне 
айналған кӛріністерімен айқындалып тұр. Н.А.Бердяев бұл туралы былай 
дегкн: «Ӛмір органикалық сипатын жоғалтып, табиғи тербелістермен 
байланысынан айырылады. Адам мен табиғаттың ортасына, адамның 
табиғатты бағындырғысы келген құралдар қойылған. Ӛркениеттің негізі енді 
табиғилық та, руханилық та болмай қалды, оның негізі- машиналық». Әрине 
ӛркениет адам ӛмірін қазіргі кезде тұтынудың жоғарғы деңгейіне 
кӛтерді. Мәдениет шынайы адамдық құбылыс, адам бар да мәдениетте бар. 


Адам о баста ӛз-ӛзімен ғана шектеле алмайды, қашанда ӛзінің нақты 
болмысынан тысқарыға ұмтылады. Бұл тәсілдемелік қағида мәдениет 
құбылысының мәнін ашуға кӛмектеседі.Мәдениет –адамдардың ӛмірі мен 
қызметін ұйымдастыру қалпы мен түрлерінен, сонымен қатар олардың 
жасаған материалдық және рухани құндылықтарынан кӛрінетін қоғам мен 
адам дамуының белгілі бір дәрежедегі тарихи деңгейі. 
2.
2. Мәдениет формаларының кӛптүрлілігі (элитарлық, халықтық, 
бұқаралық) 
Элитарлы мәдениет қоғамның артықшылыққа ие болған бӛлігінің 
мәдениеті. Ол әсем ӛнерді, салмақты музыканы және жоғары интеллектуалды 
әдебиетті қосады. Мыс.: Пикассо салған суретті, не Моцарт әуенін 
дайындалмаған адамның түсінуі қиын. Ал ондай дайындыққа екінің бірінің 
қолы жете бермейді. Олар орта білімді адамның қабылдау деңгейінен 20-30 
есе озық отырады. Ол мәдениеттің тұтыну шеңбері - қоғамның ӛте білімді 
бӛлігі. Элитарлы мәдениет формуласы «ӛнер үшін ӛнер». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет