1. Мемлекеттік қызмет көрсету мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік функциясы ретінде



бет2/2
Дата21.10.2022
өлшемі99.87 Kb.
#463156
1   2
МҚК 1-дәріс

Әкімшілік рәсім дегеніміз – бұл атқарушы билік органының мемлекеттік функцияны орындау немесе мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі іс-әрекеттерінің дәйектілігі.
Қалыптасқан көзқарастарға сәйкес мемлекеттік қызметті тұтынушыны қанағаттандыратын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен уақтылы ұсынылуы әкімшілік рәсімді құрайтын әкімшілік іс-әрекеттердің санына байланысты.
Сондықтан әкімшілік реформалар шеңберіндегі барлық әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік іс-әрекеттер санының артықшылығы мен бірін-бірі қайталау тұрғысынан тексерілуі керек, оған функционалдық талдау жасау арқылы қол жеткізіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мемлекеттің көпшілікпен жұмыс жасайтын функцияларына тікелей байланысты, мемлекеттік құрылымдардың халыққа қызмет көрсетуі осы функцияларға негізделіп, солардан шығады.
Бірақ бұл тұжырымды нақтылай түскен жөн, өйткені мемлекеттік қызмет көрсету кез келген мемлекеттік функцияға негізделе алмайды. Мәселен, әміршіл-өкімшіл өкілеттіктермен мемлекеттік қызмет көрсету сиыса алмайды. Бұл жекелеген сарапшылардың пікірі бойынша, көпшілікпен жұмыс істеу функциясының, соның ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің тағы бір ерекшелігі болып табылады.
Осы тұрғыдан мемлекеттік функцияларды мынадай екі үлкен топқа бөлуге болады:
1) мемлекеттік қызметтер көрсетуге жол беретін және түпкілікті тұтынушыға – азаматқа немесе заңды тұлғаға бағдарланған мемлекеттік функциялар;
2) мемлекеттік қызметтер көрсетумен байланысты емес мемлекеттік функциялар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мен мемлекеттік функция мемлекет пен қоғамның өзара іс-әрекеттер жасау процестерін білдіреді, олардың негізгі айырмашылығы – іс-әрекеттің бастамашысына байланысты орын алады:
1) егер іс-әрекет бастамашысы билік органы болса (мәселен, бақылау тексерісін жүргізу, қайсібір жалпы тарифтердің есебін жасау және т.б.), онда өзара іс-әрекет жасау мемлекеттік функция ретінде сипатталады;
2) егер іс-әрекет бастамашысы азамат немесе ұйым болса (мәселен, төлқұжат алу, өз қызметін лицензиялау, жеке тарифтің есебін жасау, жоғалған құжаттың көшірмесін (дубликатын) алу, БАҚ үшін сауал жасау), онда өзара іс-әрекет жасау мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мемлекеттің көпшілікпен жұмыс жасайтын функцияларына тікелей байланысты, мемлекеттік құрылымдардың халыққа қызмет көрсетуі осы функцияларға негізделіп, солардан шығады.
Бірақ бұл тұжырымды нақтылай түскен жөн, өйткені мемлекеттік қызмет көрсету кез келген мемлекеттік функцияға негізделе алмайды. Мәселен, әміршіл-өкімшіл өкілеттіктермен мемлекеттік қызмет көрсету сиыса алмайды. Бұл жекелеген сарапшылардың пікірі бойынша, көпшілікпен жұмыс істеу функциясының, соның ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің тағы бір ерекшелігі болып табылады.
Осы тұрғыдан мемлекеттік функцияларды мынадай екі үлкен топқа бөлуге болады:
1) мемлекеттік қызметтер көрсетуге жол беретін және түпкілікті тұтынушыға – азаматқа немесе заңды тұлғаға бағдарланған мемлекеттік функциялар;
2) мемлекеттік қызметтер көрсетумен байланысты емес мемлекеттік функциялар.
1 сурет – Көрсетілетін қызметтердің жіктелуі

Мемлекеттік қызмет көрсетуге жасалған өтініштің себебіне қарай олардың түрлерін еріксіз және ерікті көрсетілген қызметтер деп бөлуге болады. Еріксіз жасалған өтініш бойынша екі жағдайда ғана мемлекеттік қызмет тегін көрсетілуі тиіс, бұған құқықтық маңызы бар іс-әрекеттерді орындайтын және ол үшін мемлекеттік баж төленетін қызмет көрсету жатпайды.


Соңғы онжылдықта болған оқиғалар еліміздегі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайды түбегейлі өзгертіп жіберді. Экономикада орын алған өзгерістер мемлекеттің әлеуметтік функциясының мақсаты, басымдықтары және іске асырылу әдістері туралы біздің көзқарастарымызды да өзгертті. Қазіргі жағдайда мемлекеттің негізгі міндеті қоғамға билік қолданып әсер ету емес, оған тиісті қызмет көрсету болып отыр.
Мемлекеттің азаматтарға қызмет көрсету үшін құрылғанын, оның әрекет жасауының негізгі мақсаты – азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру екенін мойындау адам құқықтарының мемлекеттік билік қызметінің мәні мен мазмұнын айқындайтын ең жоғарғы құндылық ретіндегі басымдығын қамтамасыз етеді.
Көпшілікке қызмет көрсету жеке адамның мүддесін қанағаттандыру қоғамдық мүддені қанағаттандырумен бірдей немесе одан жоғары болғанда ғана орын алады. Бұл санат өзіне жеке адамның, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді жинақтап қамти отырып, адамның, қоғам мен мемлекеттің диалектикалық тұтастығына негізделеді. Көпшілікке қызмет көрсетудің қазіргі заманғы ұғымы мемлекеттік билік атынан жалпы қоғам мүддесі үшін жүзеге асырылатын қызмет түрлерінің барлығын қамтиды. Көпшілікке қызмет көрсету қазіргі заманғы әлеуметтік мемлекеттің функциясы ретінде қаралуы тиіс.
Көпшілікке қызмет көрсетуді, бір жағынан – мемлекет не мемлекеттің қамқорлығындағы өзге де құрылымдар, екінші жағынан – азаматтар не заңды тұлғалар арасындағы құқықтық қатынас ретінде анықтауға болады. Бұл ретте оның ерекше белгілері мыналар болып табылады:

  • бұл әрдайым адамның қоғамдық мүддеден туындайтын қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеттердің жиынтығы немесе қызмет;

  • тұтынушылық құндылығы бар, бірақ материалдық жағынан айқындалмаған, белгілі бір нәтиженің болуы.

Көпшілікке қызмет көрсету дегеніміз – құқықтық нормаларда айқындалған, мемлекеттің кепілдігін алған, оған бастамашылық етуші жеке немесе заңды тұлғаның құқығы мен заңды мүдделерін, сондай-ақ олардың кейбір міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған нысаналы қызмет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет