1-модуль. Механикалық қозғалыс – материя қозғалысының ең қарапайым түрі



бет11/29
Дата22.02.2023
өлшемі0.64 Mb.
#469888
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29
Әбдіқасова физика есептері

14-модуль. Электростатика

14.1. Екі параллель, ұзын сым бір-бірінен d=14 см қашықтықта орналасқан. Сымдар әраттас зарядтармен -8 Кл/м сызықты тығыздықпен зарядталған. Әр сымның r=10 см қашықтықта орналасқан нүктедегі өріс кернеулігін анықтаңыз.



    1. Зарядтары Q1=108 Кл және Q2=108 Кл екі нүктелік зарядтардан тұратын жүйенің электр моменті p=510-10 Клм. Осы екі зарядты қосатын түзу бойында орналасқан, диполь ортасынан r1=5 см және r2=2 см қашықтықтағы нүктелердегі өріс кернеулігі қандай?

    2. Бір-бірінен r=10 см қашықтықта орналасқан екі шексіз, ұзын, параллель сымдар бірдей 20 мкКл/м сызықтық тығыздықпен зарядталған болса, сымдардың өзара әсерлесу күші (бірлік ұзындықтағы) қандай?

    3. Әрқайсысының ауданы S=400 см2 болатын екі бірдей дөңгелек пластина бір-біріне параллель орналасқан. Пластинаның біреуінің заряды Q1=400 нКл, ал екіншісінікі Q2=-200 нКл. Егер бір-бірінен қашықтығы r1=3 мм және r2=10 мм болса, пластиналардың өзара тартылу күші қандай?

    4. Шексіз созылған вертикаль жазықтықтың зарядының беттік тығыздығы 400 мкКл/м2. Жазықтыққа массасы 10 г зарядталған шарик жіп арқылы ілінген. Егер жіп жазықтықпен бұрыш жасайтын болса, шариктің заряды Q қандай?

    5. Вакуумда орналасқан екі шексіз ұзын параллель сым зарядының сызықтық тығыздығы 510-8 Кл/м біркелкі болатындай етіп зарядталған. Сымдар бір-бірінен r=0,5 м қашықтықта орналасқан. Сымның бірлік ұзындығына әсер етуші күш қандай?

    6. Заряды Q=310-5 Кл нүктелік зарядтан r=30 м қашықтықта вакуумда орналасқан электрлік моменті 2/310-10 Кл/м еркін дипольге әсер етуші күш қандай (диполь иінін r-ден көп кіші деп есептеңіз)?

    7. Бірдей беттік тығыздықпен зарядталған екі шексіз параллель жазықтық бірлік ауданға келетін қандай күшпен әсерлеседі?

    8. Бірдей мөлшердегі зарядтармен зарядталған әрқайсысының ауданы S=200 см2 болатын екі бірдей жазық пластина керосин ішінде F=2,510-2 Н күшпен тартылады. Пластиналар ара қашықтығы өте аз. Пластиналардағы зарядтарды анықтаңыз.

    9. Бірдей беттік аттас зарядпен зарядталған шексіз созылған екі бет бірлік ауданға келетін қандай күшпен тебіледі?

    10. Ұзындығы жіңішке стержень біркелкі таралған Q=0,1 мкКл зарядпен зарядталған. Стерженьнің шетінен a=20 см-де, оның осінде жатқан А нұктесінде таралған заряд туғызған электр өрісінің кернеулігін Е анықтаңыз.

    11. Радиусы R=10 см жіңішке жартысақинамен 1 мкКл/м сызықты тығыздықпен заряд біркелкі таралған. Сақинаның центріндегі О нүктесіндегі таралған заряд туғызған электр өрісінің кернеулігі қандай?

    12. Жіңішке сақинаның таралған заряды Q=0,2 мкКл. Сақинаның барлық нүктесінен R1=2 см қашықтықта орналасқан А нүктесінде таралған заряд туғызған электр өрісінің кернеулігін анықтаңыз. Сақина радиусы R2=10 см.

    13. Радиусы R=10 см жіңішке сақинаның үштен бір бөлігінің таралған заряды Q=50 нКл. Сақина центріндегі О нүктесінде таралған заряд туғызған электр өрісінің кернеулігін анықтаңыз.

    14. Бір жағынан шектелген шексіз жіңішке стержень 0,5 мкКл/м сызықты тығыздықпен таралған зарядпен біркелкі зарядталған. Стерженьнің бас жағынан a=20 см қашықтықта, стержень осінде орналасқан А нүктесінде таралған заряд туғызған электр өрісінің кернеулігін Е анықтаңыз.

    15. Радиусы R=20 см жіңішке сақинамен 0,2 мкКл/м сызықты тығыздықпен заряд біркелкі таралған. Сақинаның центрінен h=2R қашықтықта сақина өрісіндегі А нүктесінде таралған заряд туғызған электр өрісінің кернеулігін анықтаңыз.

    16. Жіңішке жартысақинамен Q=20 мкКл заряд біркелкі 0,1 мкКл/м сызықты тығыздықпен таралған. Сақина центріндегі О нүктесінде таралған заряд туғызған электр өрісінің кернеулігін Е анықтаңыз.

    17. Радиусы R=10 см жіңішке сақинаның төрттен бір бөлігінің біркелкі таралған заряды Q=0,05 нКл. Сақина центріндегі О нүктесінде таралған заряд туғызған электр өрісінің кернеулігін Е анықтаңыз.

    18. Жіңішке сақинамен Q=10 нКл заряд біркелкі 0,01 мкКл/м сызықты тығыздықпен таралған. Сақина осінде жатқан және оның центрінен сақинаның радиусына тең қашықтықтағы А нүктесінде таралған заряд туғызған электр өрісінің кернеулігін Е анықтаңыз.

    19. Радиусы R=10 см жіңішке сақинаның үштен екі бөлігімен біркелкі 0,2 мкКл/м сызықты тығыздықпен заряд таралған. Сақина центріндегі О нүктесінде таралған заряд туғызған электр өрісінің кернеулігін Е анықтаңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет