1-модуль. Механикалық қозғалыс – материя қозғалысының ең қарапайым түрі


-модуль. Электр зарядтарының өзара әсерлесу энергиясы



бет14/29
Дата22.02.2023
өлшемі0.64 Mb.
#469888
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
Әбдіқасова физика есептері

18-модуль. Электр зарядтарының өзара әсерлесу энергиясы



    1. Электрсиымдылығы C=10 пФ конденсаторға Q=1 пКл заряд берілген. Конденсатордың энергиясын W анықтаңыз.

    2. Жазық конденсатордың пластиналар ара қашықтығы 2 см, по-тенциалдар айырмасы U=6 кВ. Әр пластина заряды Q=10 нКл. Кон-денсатор өрісінің энергиясы W мен пластиналардың өзара тартылу күшін F есептеңіз.

    3. Пластиналар арасындағы потенциалдар айырмасы U=15 кВ, пластиналар ара қашықтығы d=1 мм диэлектрик-слюда және әр пластинасының ауданы S=300 см2 жазық конденсатор разрядталғанда бөлініп шығатын жылу мөлшері Q қандай?

    4. Жазық ауа конденсаторының пластиналар арасындағы тартылу күші F=50 мН. Әр пластинаның ауданы S=200 см2. Конденсатор өрісінің энергия тығыздығын табыңыз.

    5. Жазық ауа конденсаторы әрқайсысының радиусы r=10 см екі дөңгелек пластинадан тұрады. Пластиналар ара қашықтығы d1=1 см. Конденсаторды U=1,2 кВ потенциалдар айырмасына дейін зарядтап, ток көзінен айырған. Пластиналарды бір-бірінен қашықтатып, ара қашықтығын d2=3,5 см-ге дейін өсіргенде қандай жұмыс А істе-лінеді?

    6. Сиымдылығы C=1,11 нФ жазық ауа конденсаторы. Конденса-торды U=300 В потенциалдар айырмасына дейін зарядталған. Кон-денсаторды ток көзінен айырғаннан кейін оның пластиналар ара қашықтығы бес есе өсірілген. Анықтау керек: 1) астарларының ара қашықтығы өсірілгеннен кейін олардағы потенциалдар айырмасын U; 2) сыртқы күштердің пластиналарды қашықтатуда істеген А жұмысын;

    7. Электрсиымдылығы C=666 пФ конденсаторды U=1,5 кВ потен-циалдар айырмасына дейін зарядтап, ток көзінен ажыратқан. Содан кейін бұл конденсаторға электрсиымдылығы C=444 пФ зарядтал-маған екінші конденсатор параллель жалғанған. Конденсаторларды жалғағанда ұшқын пайда болуына жұмсалған энергияны анықтаңыз.

    8. Электрсиымдылығы C1=1 мкФ, C2=2 мкФ, C3=3 мкФ конденса-торлар кернеуі U=1,1 кВ тізбекке жалғанған. Әр конденсатордың энергиясын: 1) оларды тізбектей және 2) параллель жалғағанда табу керек.

    9. Жазық конденсатордың электрсиымдылығы C=111 пФ. Ди-электрик-фарфор. Конденсатор U=600 В потенциалдар айырмасына дейін зарядталып, ток көзінен ажыратылған. Диэлектрикті конден-сатордан алу үшін істелінетін жұмыс қандай болады? Үйкелісті елемеңіз.

    10. Жазық конденсатордың пластиналар арасындағы көлемі V=100 см3 диэлектрикпен (фарфор) толтырылған. Конденсатордың пласти-наларындағы зарядтың беттік тығыздығы нКл/м2. Диэлектрикті конденсатордан алу үшін істелінетін жұмыс А қандай болады? Диэлектриктің үйкелісін елемеуге болады. Параллель жалғанған екі батареяға электрлампасын қосқан. Батареяның Э.Қ.К.-і , ішкі кедергілері r1=r2=1 Ом болса, қуат максималь болуы үшін, электрлампасының кедергісі қандай болуы керек?

    11. Батареяның Э.Қ.К.-і . Оның ток күшінің ең үлкен мәні Іmax=10 А. Сыртқы тізбекте бөлініп шығатын максималь қуат Pmax қандай?

    12. Батареяның Э.Қ.К.-і , ішкі кедергісі r=5 Ом. Сыртқы тізбек P=100 Вт қуатпен қоректенеді. Тізбектегі ток күші І, сыртқы тізбектегі кернеу U мен тізбектің кедергісі R қандай болады?

    13. P=150 Вт телевизор U=220 В ток желісіне жалғанған. 0,5; 1 және 2 А балқығыш сақтандырғыштың телевизорға қайсысын қою керек?

    14. Батареяның Э.Қ.К.-і . Ток күші І=4 А болғанда батареяның П.Ә.К.-і 0,6 болса, батареяның ішкі кедергісі r қандай болады?

    15. Элементтің Э.Қ.К.-і , ішкі кедергісі r=0,5 Ом. І=2,4 А ток күшінде элементтің П.Ә.К.-і қандай болады?

    16. Элемент, реостат пен амперметр тізбектей жалғанған. Элементтің Э.Қ.К.-і 2 В, ішкі кедергісі 0,4 Ом. Амперметр 1 А токты көрсетеді. Элементтің П.Ә.К.-ін анықтаңыз.

    17. Батареяның Э.Қ.К.-і .І=10 А ток күшінде батареяның П.Ә.К.-і 0,9. Батареяның ішкі кедергісі r қандай болады?

    18. Батареяның Э.Қ.К.-і , ішкі кедергісі r=23 Ом. Батареяның П.Ә.К.-і қандай?

    19. Э.Қ.К.-і батареядан энергияны 1 км қашықтыққа беру керек. Тұтыну қуаты P=5 кВт. Тасымалдаушы мыс сымдарының диаметрі d=0,5 см болса, тізбектегі қуаттың ең аз шығыны қандай?

    20. 1 л суды 5 минут ішінде қайнататын электр шайнегінің қыздырғышы қанша ватт қуат пен қоректенеді? Тізбектегі кернеу 120 В болса, қыздырғыш кедергісі қандай? Судың бастапқы температурасы 13,50С. Жылу шығынын есептемеңіз.

    21. 4,5 л суды 230С-дан қайнатуға дейін қыздырғыш 0,5 кВтсағ электр энергиясын тұтынады. Қыздырғыш П.Ә.К.-і қандай?

    22. Орам сымының кедергісі 16 Ом ішінде 90С температурадағы 600 см3 суы бар электр шәйнегін токтан ажыратуды ұмытып кеткенде, тізбекке қосқаннан бастап қанша уақытта қайнап бітеді? Тізбектің кернеуі 120 В, шәйнектің П.Ә.К.-і 60%.

    23. R=20 Ом кедергіде ток күші І1=10 А-ден І=0 А-ге дейін бірқалыпты кемігенде, t=20 с уақыт ішінде қанша жылу мөлшері бөлінеді?

    24. Тізбектегі ток күші І=І0sіnt заңы бойынша өзгереді. Кедергісі R=20 Ом өткізгіште периодтың төрттен бір бөлігіне тең уақытта (t1=0-ден t2=T/4-ке дейін, мұндағы Т=15 с) бөлініп шығатын жылу мөлшерін анықтаңыз.

    25. Өткізгіштегі ток күші І=І0et, заңы бойынша өзгереді, мұндағы І0=20 А, =102 с-1. Өткізгіште t=10-2 с уақытта бөлініп шығатын жылу мөлшері Q қандай?

    26. Өткізгіштегі ток күші t=20 c уақыт ішінде нольден кейбір максималь мәнге дейін бірқалыпты өзгереді. Осы уақытта өткізгіште Q=4 кДж жылу бөлініп шығады. Кедергісі R=5 Ом өткізгіште токтың өсу жылдамдығын анықтаңыз.

    27. t=8 с уақытта кедергісі R=8 ом өткізгіште ток күшінің бірқалыпты өсуі нәтижесінде Q=500 Дж жылу мөлшері бөлініп шықты. t=0 уақыт моментінде ток күші нольге тең болса, өткізгіш арқылы өткен заряд мөлшері қандай?

    28. Кедергісі R=10 Ом өткізгіште t=50 с уақытта ток І1=5 А-ден І2=10 А-ге дейін бірқалыпты өседі. Осы уақыт ішінде өткізгіштен бөлініп шыққан жылу мөлшері Q қандай?

    29. Резистор ток күші нольге тең мәнінен бастап 10 с ішінде бірқалыпты өседі. Осы уақытта 500 Дж жылу мөлшері бөлініп шықты. резистор кедергісі 10 Ом болса, токтың өсу жылдамдығы қандай болады?

    30. Ток тығыздығы j=80 А/м2 болса, мыс купоросының электролизі кезінде t=5 сағ уақытта бөлініп шыққан мыс қабатының қалыңдығы h қандай?

    31. Мыс купоросының ерітіндісі бар электр ваннасы арқылы өтетін ток күші t=20 с уақытта І0=0 - ден І=2 А-ге дейін бірқалыпты өседі. Осы уақытта ваннаның катодында бөлініп шыққан мыстың массасы m қандай болады?

    32. Мыс купоросының электролизінде 15 МДж энергия жұмсалған. Электродтардағы потенциалдар айырмасы U=10 В болса, оларда бөлініп шыққан мыстың массасы қандай болады?

    33. Металл бұйымды күміспен жабуда 10 мин уақыт ішінде электр тогы өткізіледі. h=4,510-2 см жабу қалыңдығын қандай ток тығыздығында алуға болады?

    34. Ауаны ионизациялауда бірвалентті иондар пайда болады. Өріс кернеулігі Е=1 кВ/м, ток тығыздығы j=610-6 А/м2 болса, иондар концентрациясы қандай? Оң иондардың жылжымалылығы 1,410-4 м2/(Вс), ал теріс иондардікі 1,910-4 м2/(Вс).

    35. Ионизациялау камерасының әр электродының ауданы S=0,01 м2, ара қашықтығы d=6,2 см. Бірлік көлемде, бірлік уақытта бірзарядты әр таңбалы иондарды N=1015 м-3с-1 саны туатын болса, бұл камерадағы қанығу тогы Іқан қандай?

    36. гелий атомының ионизациялау потенциалы U=24,5 В. Ионизациялау жұмысын А табыңыз.

    37. Азот ионизациясын туғызу үшін, сутегі иондары қандай үдету потенциалдар айырмасын өтуі керек? азоттың ионизациялау потенциалы N=14,5 В.

    38. Электролит арқылы І=3 А тогы 20 мин ішінде өткенде катодта 1188 мг мыс бөлініп шыққаны белгілі болса, Фарадей саны мен электрон зарядын есептеңіз.

    39. Ионизациялау камерасындағы газ көлемі V=0,8 л. газ рентгенсәулеленуі арқылы ионизацияланады. Қанығу тогының күші Іқан=6 нА. Газдың V=1 см3 көлемінде t=1 с уақытта қанша жұп ион пайда болады?

    40. Ионизациялау камерасындағы газ көлемі V=0,8 л. газ рентгенсәулеленуі арқылы ионизацияланады. Қанығу тогының күші Іқан=6 нА. Газдың V=1 см3 көлемінде t=1 с уақытта қанша жұп ион пайда болады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет