1-модуль. Механикалық қозғалыс – материя қозғалысының ең қарапайым түрі


-модуль. Электромагниттік индукция құбылысы



бет17/29
Дата22.02.2023
өлшемі0.64 Mb.
#469888
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29
Әбдіқасова физика есептері

22-модуль. Электромагниттік индукция құбылысы

22.1. Ұзындығы l=10 см өткізгіш, индукциясы 0,1 Тл біртекті магнит өрісінде қозғалады. Өткізгіш жылдамдығы 15 м/с және оның бағыты магнит өрісіне перпендикуляр бағытталған. Өткізгіште пайда болатын Э.Қ.К.-і неге тең?



  1. Диаметрі 10 см, 500 орамнан тұратын катушка магнит өрісіне орналастырылған. Магнит өрісінің индукциясы 0,1 с уақытта 0 ден 2 Вт/м2 шамаға дейін арттырылған. Осы катушкадағы индукция Э.Қ.К.-інің орташа мәнін табыңыз.

  2. Ұзындығы 1 м стержень, индукциясы 0,5 Тл магнит өрісінде тұрақты 20 рад/с жылдамдықпен айналады. Айналу осі магнит өрісі күш сызықтарына параллель және ол стерженнің бір ұшынан өтеді. Стерженнің ұштарында пайда болатын индукция Э.Қ.К.-і шамасын анықтаңыз.

  3. Индукциясы 0,8 Тл біртекті магнит өрісінде, рамка 15 рад/с бұрыштық жылдамдықпен бірқалыпты айналады. Рамка ауданы 150 см2. Айналу осі рамка жазықтығында жатады және ол магнит өрісі күш сызықтары бағытымен 30 бұрыш құрайды. Айналыстағы рамкадағы максимал индукция Э.Қ.К.-ін табыңыз.

  4. Индукциясы 0,1 Тл біртекті магнит өрісінде, 200 орамнан тұратын катушка айналады. Катушканың айналу осі оның өз осі мен магнит өрісі бағытына перпендикуляр. Катушканың айналу периоды 0,2 с, қимасының ауданы 4 см2, катушкадағы индукция Э.Қ.К.-інің максимал мәнін табыңыз.

  5. Индукциясы В=0,5 (І+e-t) Тл заңымен өзгеретін магнит өрісі бағытына, ауданы 1 м2 сым орам перпендикуляр қойылған. Орамдағы индукция Э.Қ.К.-ін уақыт функциясы ретінде анықтаңыз.

  6. катушкадағы ток күшін, реостат көмегімен әрбір секунтта І0,6 А шамаға бірқалыпты арттырады. Катушканың индуктивтілігі L=5 МГн. Өздік индукция Э.Қ.К.-інің орташа мәнін Ө табыңыз.

  7. Электр тізбегі R=20 Ом актив кедергіден және L=0,06 Гн индуктивтіліктен тұрады. Тізбек бойынан І=20 А ток ағады. Тізбекті ток көзінен ажыратқаннан кейін t0,2 с уақыт өткендегі ток күші шамасын анықтаңыз.

  8. Кернеулігі Н=104 А/м магнит өрісінде, ауданы S=100 см2, N=1000 орамнан тұратын рамка  с-1 жиілікпен бірқалыпты айналады. Айналу осі рамка жазықтығында жатыр және ол кернеулік сызықтарына перпендикуляр. Рамкада пайда болатын максимал индукция Э.Қ.К.-ін m табыңыз.

  9. Біртекті магнит өрісінде (В=0,3 Тл), радиусы R=5 см және кедергісі r=0,02 Ом сым орам орналастырылған. Орам жазықтығы мен индукция күш сызықтары арасындағы бұрыш =400, магнит өрісін қосқанда орам бойымен қандай заряд q ағады?

  10. Индукциясы В=1,2 Тл магнит өрісінде тұрған көлемі 400 см3 темір өзекшедегі магнит өрісі энергиясын анықтаңыз.

  11. Индуктивтілігі L=0,2 Гн және кедергісі R=10 Ом электромагнит орамдарына тұрақты кернеу түсірілген. Қанша уақыттан t соң орамдардан, өзекшедегі магнит өрісі энергиясына тең жылу бөлінеді?

  12. Соленоидтың әрбір сантиметр ұзындығына N=20 орам оралған. Қандай ток күшінде І, магнит өрісінің энергиясының көлемдік тығыздығы =0,1 Дж/м3 болады? Магнит өрісі көлем бойынша біртекті, өзекше магниттік емес материалдардан жасалынған.

  13. Ұзындығы 60 см және диаметрі 50 см соленоид 1000 орамнан тұрады. Орамдардағы ток 1 А. Соленоидтың темір өзекшесіндегі магнит өрісі энергиясының көлемдік тығыздығын  анықтаңыз.

  14. Соленоидтан өтетін ток І=5 A. Оның ұзындығы l=1м, көлденең қимасының ауданы S=50 см2 және орам саны N=500. Соленоидтың магнит өрісі энергиясын табыңыз.

  15. Индуктивтілігі L=0,021 Гн катушка арқылы, уақытқа байланысты І=І0 sіn t заңымен өзгеретін ток ағады, мұндағы І0=5 A, =2/T және Т=0,02 с. Уақытқа байланысты тәуелділікті табыңыз: 1) катушкада пайда болатын өздік индукция Э.Қ.К.-і; 2) катушкадағы магнит өрісінің энергиясы.

  16. Ұзындығы 50 см, көлденең қимасының ауданы 2 см2 соленоидтың индуктивтілігі 2107 Гн. Қандай ток күшінде соленоид ішіндегі магнит өрісінің энергиясының көлемдік тығыздығы 10-3 Дж/м3 шамасына тең болады?

  17. Магнитсіз өзекшеге оралған тороидтың әрбір сантиметр ұзындығына 10 орамнан сәйкес келеді. Орамдардағы магнит өрісі энергиясы тығыздығы І токтың қандай мәнінде 1,00 м3 болады?

  18. Индукциясы В0,5 Тл магнит өрісінің энергиясы тығыздығындай, энергия тығыздығы болуы үшін біртекті электр өрісінің Е кернеулігі қандай болуы керек?

  19. Магнитсіз өзекшесі бар тороидтың әрбір сантиметр ұзындығына 10 орамнан келеді. Орамдардағы ток І16 А болғанда, магнит өрісінің энергиясы тығыздығы неге тең?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет