1-модуль. Механикалық қозғалыс – материя қозғалысының ең қарапайым түрі


-модуль. Электромагниттік тербелістер



бет18/29
Дата22.02.2023
өлшемі0.64 Mb.
#469888
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29
Әбдіқасова физика есептері

23-модуль. Электромагниттік тербелістер



    1. Тербелмелі контур сиымдылығы С8 пФ конденсатор мен индуктивтілігі L=0,5 мГн катушкадан тұрады. Контур кедергісі ескерілмесін. Конденсатордағы максимал ток күші Іmax=40 мА болса, онда конденсатор астарларындағы максимал кернеу Umax қандай?

    2. Тербелмелі контур сиымдылықтары С=1,0 мкФ өзара параллель қосылған конденсаторлар мен индуктивтілігі L=100 мГн катушкадан құралған. Контур кедергісі өте аз. Контурдың тербеліс жиілігін 0 анықтаңыз.

  1. Тербелмелі контур сиымдылығы С=2 мкФ конденсатор мен индуктивтілігі L=100 мГн катушкадан тұрады. Катушканың актив кедергісі R=10 Ом. Контурдың өшуінің логарифмдік декрементін  анықтаңыз.

  2. Тербелмелі контурдың индуктивтілігі L=50 мкГн. Контур ұзындығы =300 м электромагниттік толқында резонанста болуы үшін, оның сиымдылығы қандай болуы қажет?

  3. Тербелмелі контур сиымдылығы С=1 нФ конденсатор мен индуктивтілігі L=1 мГн катушкадан тұрады. Катушканың актив кедергісін ескермеңіз. Контур, монохроматты электромагниттік толқынның қандай ұзындығына  даярланған?

  4. Вакуумда, ұзындығы =240 м электромагниттік толқынды шығаруы үшін, контурдың толық бір тербелісі қанша уақытта Т өтеді?

  5. Индуктивтілігі L=1,5 мГн және сиымдылығы С=0,67 нФ радиоқабылдағыш контуры, қандай ұзындықтағы  электромагниттік толқындарды қабылдауға әзірленген?

  6. Актив кедергісі R=12 Ом индуктивті катушка айнымалы ток жиілігі =50 Гц тізбекке жалғанған. Ток күші мен кернеу арасындағы фаза ығысуы =60. Катушканың индуктивтілігін анықтаңыз.

  7. Тербелмелі контурдың параметрлері мәндері: С=3,2 нФ, L=9,6 мкГн, R=0,66 Ом. Контурда өшпейтін гармоникалық тербеліс жасалынуы үшін, оның конденсаторындағы кернеу амплитудасы 12 В болуы керек. Контурдың тұтынатын қуатын Р анықтаңыз.

  8. Амплитудасы 200 В сыртқы синусоидалы кернеу әсеріне резонансты әзірленген контурда амплитудасы 16 А айнымалы ток пайда болады. Контурдың актив кедергісін анықтаңыз.

  9. Кедергісі R=20 Ом катушкаға ток көзі тұйықталған. Тұйықтау ток күші өзінің максимал шекті мәнінің 0,95 бөлігіне t=0,1 с уақытта жетеді. Катушканың индуктивтілігін анықтаңыз.

  10. Тізбек индуктивтілігі L=0,1 Гн, кедергісі R катушка мен ток көзінен тұрады. Тізбекті бұзбай, ток көзін ажыратады. Ток күшінің өзінің бастапқы мәнінің 0,001 бөлігіне дейін азаюына кететін уақыт t=0,07 c. Катушканың кедергісін R анықтаңыз.

  11. Кедергісі R=100 Ом, индуктивтілігі L=0,2 Гн катушка ток көзімен тұйықталған. Ток күші, қанша уақыттан кейін өзінің максимал мәнінің 50% бөлігіне жетеді?

  12. Ішкі кедергісі R0=5 Ом ток көзіне, индуктивтілігі L=0,5 Гн және кедергісі R=8 Ом катушканы жалғаған. Қанша уақыттан соң ток күші өзінің максимал мәнінен 1% айырмашылығы бар мәнге жетеді?

  13. Индуктивтілігі L=0,5 Гн катушка ток көзімен тұйықталған. Тұйықтау ток күші І шекті мәнінің 0,95 бөлігіне t=0,1 с уақытта жетеді. Катушка кедергісін анықтаңыз.

  14. Индуктивтілігі L=0,06 Гн, кедергісі R=20 Ом электр тізбегінде күші І=20 А ток ағады. Тізбекті ажыратқаннан кейінгі t=20 мс уақыт өткендегі ток күшін анықтаңыз.

  15. Кедергісі R=20 Ом тұйық тізбекте ток ағады. Тізбекті ажыратқаннан кейін t=8 мс уақытта, ондағы ток күші 20 есе азаяды. Тізбектің индуктивтілігін L анықтаңыз.

  16. Кедергісі R=20 Ом және индуктивтілігі L=0,1 Гн тұйық тізбекте І=50 А ток ағады. Тізбекті ажыратқаннан кейінгі t=0,01 с уақыттағы ток күшін анықтаңыз.

  17. Индуктивтілігі L=1 Гн және кедергісі R=10 Ом катушка ток көзімен тұйықталған. Тұйықтау ток күші қанша уақыттан соң өзінің шекті мәнінің 0,9 бөлігіне жетеді?

  18. Тізбек индуктивтілігі L=1 Гн және кедергісі R=10 Ом катушкадан тұрады. Тізбекті бұзбай ток көзі ажыратылады. Ток күші қанша уақыттан соң бастапқы мәнінің 0,001 бөлігіне дейін азаяды?

  19. Ток күшінің лездік мәні І=4sіn18t (A) заңмен периодты өзгереді. Актив кедергісі 5 Ом өткізгіште 36 периодқа тең уақытта қанша мөлшерде жылу бөлінеді?

  20. Суретте айнымалы синусоидалы ток графигі келтірілген. Токтың максимал, әсерлік және орташа мәндері арасындағы қатыстарды табыңыз.

І, A

2
0 t, мс


-2

23.23. Ішкі кедергісі 0,2 Ом ток көзі, тербелмелі контурға К кілт арқылы параллель жалғанған. Кілтті ажыратқаннан кейін контурда, периоды 5 мс электромагнитті тербеліс пайда болады. Конденсатор астарларындағы кернеудің максимал мәні, ток көзінің Э.Қ.К.-і мәнінен 3,14 есе көп болса, онда катушканың индуктивтілігі мен конденсатордың сиымдылығы қандай? Катушка кедергісі ескерілмесін.




K

 С L


  1. Тербелмелі контур индуктивтілі катушка мен конденсатордан тұрады. Катушкадағы токтың максимал мәні 1,2 А, конденсатор астарларының максимал потенциалдар айырымы 1200 В, ал контур энергиясы 1,1 мДж. Контурда пайда болатын тербеліс жиілігін анықтаңыз.

  1. Айнымалы ток тізбегіне жалғанған сиымдылығы 2 мкФ конденсатор дұрыс жұмыс істеуі үшін қандай кернеуге есептелінген болуы керек? Токтың уақытқа тәуелділігі мынадай: І=6 sіn100t (A).

  2. Неон лампасын жандыратын кернеу 83,5 В. Лампа айнымалы тізбекке қосылғанда, оның қысқышындағы кернеудің өзгеріс заңы мынадай: U=127cos100t (B). Лампаның жанып-өшуі уақыты ұзақтығы қандай?

  3. Тербелмелі контур сиымдылығы 7 мкФ конденсатор мен индуктивтілігі 0,03 Гн катушкадан тұрады. Конденсатор астарларындағы заряд мынадай заңмен өзгереді: q=300cos50t (нКл). Контурдың реактив кедергісі неге тең?

  4. Тербелмелі контурдың конденсаторы астарларындағы кернеу өзгерісі заңы: U=300cos100t (B). Конденсатор сиымдылығы 1,5 мкФ болса, оның астарларында қандай максимал заряд болуы мүмкін?

  5. Тербелмелі контурға сиымдылығы 0,13 мкФ конденсатор қосылса, онда резонанс 720 Гц жиілікте басталады. Берілген конденсаторға тағы бір басқа конденсаторды тізбектей жалғаса, резонанс 900 Гц жиілікте басталар еді. Екінші конденсатордың электрсиымдылығын анықтаңыз.

  6. Сиымдылығы 1,2 мкФ конденсатор астарлары сым рамкамен тұйықталады. Рамка жазықтығына перпендикуляр бағытталған айнымалы магнит ағыны оны тесіп өтеді. Магнит ағынының уақытқа байланысты өзгеру заңы: мТл/с. Рамканың шекаралық ауданы 80 см2. Конденсатор қандай энергияға дейін зарядталады?

  7. Тербелмелі контурдағы ток күші өзгерісі 2 А/с. Контурға қосылған индуктивті катушкада пайда болатын өздік индукция Э.Қ.К.-і 120 мВ. Контурдағы конденсатор сиымдылығы 0,12 пФ болса, онда бұл тербелмелі контур қандай толқын ұзындығына әзірленген?

  8. Индуктивтілігі 0,6 Гн катушканы, кернеуі 24 В тұрақты ток тізбегіне жалғағанда, оның бойымен 0,35 А ток жүреді. Айнымалы ток тізбегіндегі кернеудің өзгеру заңы U=300cos100t (B). Айнымалы ток тізбегіне қосылған катушкадағы ток шамасын анықтаңыз.

  9. Тербелмелі контурдағы конденсатор астарларындағы заряд өзгерісі заңы: q=300cos50t (мкКл). Контурдағы максимал ток мәні мен контурдың тербеліс жиілігін анықтаңыз.

  10. Тербелмелі контур тізбегіне қосылған сиымдылығы 15 мкФ конденсатор 120 В максимал кернеуге дейін зарядталған. Контурдағы актив кедергіні ескермеңіз. Ондағы максимал ток күші 4 А болса, контурдағы резонанстың тербеліс жиілігі қандай?

  11. Тербелмелі контурдың конденсаторы астарларындағы максимал заряд 0,5 мкКл, ал контурдағы максимал ток мәні 3,14 А. Осы контур қандай толқын ұзындығына әзірленгенін анықтаңыз.

  12. Тербелмелі контур конденсаторына тізбектей тағы осындай 8 конденсатор жалғаса, контурдың тербеліс жиілігі қалай өзгерер еді?

  13. Конденсатор астарларындағы заряд 27 нКл, ал катушкадағы максимал ток күші 1,5 А. Тербелмелі контур қандай толқын ұзындығына әзірленген?

  14. Катушканың индуктивтілігі 0,4 мГн, ал ондағы максимал ток күші 1,2 А. Конденсатордың электр өрісі энергиясының мәнінің 0,75 бөлігін магнит өрісі энергиясы құрайтын моменттегі, оның электр өрісі энергиясының шамасын анықтаңыз.

  15. Айнымалы ток тізбегіне, кедергісі 15 Ом электропечь қосылған. Тізбектегі токтың амплитудалық мәні 7,5 А. Печтен 30 минут уақыт ішінде қанша жылу мөлшері бөлінеді?

  16. Тербелмелі контур конденсаторларының астарларындағы зарядтың өзгеру заңы: q=300cos50t (мкКл). Катушка индуктивтілігі 0,2 Гн. Осы катушкада пайда болатын индукция Э.Қ.К.-інің максимал мәнін анықтаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет