1-модуль. Механикалық қозғалыс – материя қозғалысының ең қарапайым түрі


-модуль. Геометриялық оптика туралы түсінік



бет19/29
Дата22.02.2023
өлшемі0.64 Mb.
#469888
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29
Әбдіқасова физика есептері

25-модуль. Геометриялық оптика туралы түсінік

25.1. Ойыс айнаның қисықтығының радиусы 50 см. 2 есе ұлғайған нақты кескін шығарып алу үшін денені қайда орналастырса болады? Кескін алдамшы және 2 есеге ұлғайған болса, онда дене қайда орналасқан? Екі жағдайдың да суретін салыңыз.


25.2. Жарық сәулелері, қалыңдығы d=10 см, жазық параллель шыны пластинаға түседі. Түсу бұрышы - 1=300, шынының сыну көрсеткіші n=1,6. Шыныдан өтіп шыққан сәуленің бастапқы бағытынан қаншалықты шамаға ауытқығанын анықтаңыз.
25.3. Қалыңдығы 3 см. Жазық параллель шыны арқылы өтіп шыққан сәуле бастапқы бағытынан қаншалықты ығысқанын анықтаңыз. Шынының сыну көрсеткіші n=1,75, сәуленің түсу бұрышы - 1=600.
25.4. Егер түсу бұрышы - 1=450 болса, қалыңдығы 10 см су қабатынан өтіп шыққан сәуле қаншалықты шамаға ығысады?
25.5. Шыны-ауа және ауа-су қабаттарының аралығынан сәуленің ішкі толық шағылуының шекті бұрышын табыңыз.
25.6. Су-мұз және шыны-мұз беттерінің аралығынан сәуленің ішкі толық шағылуының шекті бұрышын табыңыз. Сыну көрсеткіштері: шыны - n=1,5, су - n=1,33, мұз - n=1,31.
25.7. Су қоймасының нақты теңдігі Н=1,788 м. Егер оны 350 бұрыш бойынша қараса, тереңдігі қанша болып көрінетінін анықтаңыз. Судың сыну көрсеткіші n=1,33.
25.8. Тең қабырғалы (жақтаулары тең) призманың сыну бұрышы =400. Монохромат сәуле призманың жақтарына нормаль бойынша түседі. Призманың сыну көрсеткіші n=1,52. Сәуленің бастапқы бағытынан қаншалықты  бұрышқа ауытқитынын анықтаңыз.
25.9. Тең жақтаулы призманың сыну бұрышы =300. Монохромат сәуле призманың жақтарына і=50 бұрыш бойынша түседі. Сәуленің бастапқы бағытынан қаншалықты  бұрышқа ауытқитынын анықтаңыз. Призманың сыну көрсеткіші n=1,5.
25.10. Тең жақтаулы призмаға нормаль бойынша монохромат сәуле, одан өтіп шыққанда =250 бұрышқа ауытқиды. Түскен сәуле үшін призманың сыну көрсеткіші n=1,52. Призманың  сыну бұрышын табыңыз.
25.11. Сыну бұрышы =500, тең жақтаулы призма арқылы өткен сәуленің ауытқу бұрышының ең кіші мәні =350. Егер призманың скипидарға батырса, ауытқу бұрышының ең кіші мәні неге тең?
25.12. Қос дөңес және қос ойыс екі линзаның қисықтықтарының радиустері бірдей R1=15 см, R2=20 см болса, оларды жеке-жеке ал-ғандағы және бір-біріне жабыстырып бірге алғандағы оптикалық күштері неге тең? Шынының сыну көрсеткіші n=1,52.
25.13. Қос дөңес, жұқа шыны линзаның беттерінің қисықтықтары-ның радиустері R1= R2=13 см. Осы линзаның судағы оптикалық күшін табыңыз. Судың сыну көрсеткіші n=1,33.
25.14. Жұқа шыны линзаның ауадағы оптикалық күші 5 диоптрий. Егер осы линзаны сұйыққа батырғандағы оптикалық күші 1 диоптрий болса сұйықтың сыну көрсеткіші неге тең?
25.15. Қос дөңес жұқа шыны линзаның қисықтықтарының радиустері R1= R2=20 см. Ауадағы оптикалық күші 5,5 диоптрий болса, фокус ара қашықтығы неге тең? Осы линзаның судағы оптикалық күшін табыңыз. Судың сыну көрсеткіші 1,33 шынының сыну көрсеткіші 1,55.
25.16. Ойыс–дөңес линзаның қисықтықтарының радиустері R1=20 см R2=15 см. Линзаның материалының сыну көрсеткіші n1=1,52. Басқа бір жазық ойыс линзаның қисықтығының радиусі R1= 15 см, сыну көрсеткіші n2=1,61. Егер осы екі линзаның ойыс, дөңес беттерін бір-біріне түйістіріп алғандағы оптикалық күшін анықтаңыз.
25.17. Биіктігі 3 см дене, фокус ара қашықтығы 10 см қос дөңес шыны линзадан 5 см қашықтықта орналасқан болса, кескіннің биік-тігі неге тең? Суретін салыңыз.
25.18. Қос дөңес линзаның қисықтығының радиустары R1= R2=60 см, болса сыну көрсеткіші n1=1,6. Ауада және судағы оптикалық күшін анықтаңыз.
25.19. Егер линзаның ауадағы фокус ара қашықтығы F1=30 см болса, суға батырғандағы фокус ара қашықтығы неге тең? Линзаның сыну көрсеткіші n1=1,5.
25.20. 15 есе ұлғайтатын лупаның фокус ара қашықтығын және опти-калық күшін табыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет