1-модуль. Механикалық қозғалыс – материя қозғалысының ең қарапайым түрі


-модуль. Заттағы электромагниттік толқындар



бет22/29
Дата22.02.2023
өлшемі0.64 Mb.
#469888
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29
Әбдіқасова физика есептері

28-модуль. Заттағы электромагниттік толқындар



  1. Ішкі толық шағылуының шекті бұрышы і=45 зат берілген. Осы зат үшін толық поляризациялану бұрышын табыңыз.

  2. Сұйықтағы сәуленің сыну бұрышы і2=35. Егер шағылған жарық шоғы толық поляризацияланған болса, сұйықтың n сыну көрсеткішінің мәні неге тең болатынын анықтаңыз.

  3. Қалыңдығы d=2 мм кварц пластинкасын параллель никольдың аралығына орналастырылған кезде монохромат жарықтың поляризация жазықтығы =53-қа бұрылған. Поляриметрдің көру кеңістігі мүлде күңгірттену үшін, пластинканың қалыңдығының dmіn ең кіші мәні қандай болу керек?

  4. Суда таралған табиғи жарық шоғы, суға батырылған алмаздың қырынан шағылады. Түсу бұрышының мәні і0 қандай болғанда шағылған жарық толық поляризацияланған болар еді?

  5. Жарық шоғының сұйық пен ауаның шекарасынан ішкі толық шағылуының шекті бұрышы і=43. Ауадан берілген сұйықтың бетіне түскен сәуле үшін іВ Брюстердің бұрышын анықтаңыз.

  6. Анализатор поляризатор арқылы өткен жарықтың интенсивтілігін 2 есе кемітеді. Поляризатор мен анализатордың поляризация жазықтықтарының аралығындағы бұрышты анықтаңыздар.

  7. Поляризатор мен анализатордың поляризация жазықтықтарының аралығындағы бұрышы  Егер осы бұрыштың мәнін 60-қа дейін арттырса, жарық интенсивтілігі қаншалықты кемитінін анықтаңыз.

  8. Натрийдың сары жарығының поляризация жазықтығы қант ертіндісі толтырылған түтікше арқылы өткенде -қа бұрылады. Түтікшенің ұзындығы l15 см, қанттың меншікті бұрылдыру мәні 1,1710-2 радм3/мкг. Қанттың ертіндісінің концентрациясын анықтаңыз.

  9. Натрийдың сары жарығының поляризация жазықтығы ұзындығы l8 см, таза никотин сұйығы толтырылған шыны түтікше арқылы өткенде 137-қа бұрылады. Никотиннің тығыздығы 1,0110 кг/м3. Никотиннің () меншікті бұрылу мәнін анықтаңыз.

  10. N1 және N2 екі николь өзара, поляризация жазықтықтарының аралығындағы бұрышы 60 болып орналасқан. Екі николь арқылы өтіп шыққан жарықтың интенсивтілігі қанша есеге кемитінін анықтаңыз.

  11. Өзара параллель екі никольдің аралығына, қалыңдығы d=2 мм кварц пластинкасын орналастырылған кезде монохромат жарықтың поляризация жазықтығы 53-қа бұрылады. Поляриметрдің көру кеңістігі толық қараңғылану үшін пластинканың қалыңдығының ең кіші мәні қандай болу керек?

  12. Параллель жарық сәулелері глицериннен өтіп шығып шыныға түседі. Екі ортаның шекарасынан шағылған жарық жоғары дәрежеде поляризацияланады. Түскен және сынған сәулелердің аралығындағы бұрышты табыңыз.

  13. Кварц пластинка айқасқан екі никольдың аралығына қойылған. Никольдардың аралығындағы көру кеңістігі толық жарқырау үшін кварц пластинканың қалыңдығының ең кіші мәні dmіn қандай болу керек?

  14. Ұзындығы l1=20 см, концентрациясы С1=10% қант ертіндісі толтырылған түтікше арқылы өтіп шыққан жарықтың поляризация жазықтығы 1-қа бұрылады. Қанттың басқа бір ертіндісі ұзындығы l2=15 см түтікшеден өтіп шыққанда поляризация жазықтығы 252-қа бұрылған болса, оның С2 концентрациясын табыңыз.

  15. Поляризация жазықтықтарының аралығындағы бұрыш 40-қа тең екі николь арқылы жарық шоғы өтіп шығады. Никольдың жарықты жұту коэффициенті k=0,15 болатынын ескеріп, бірінші никольға түскен жарыққа салыстырғанда екінші никольдан өтіп шыққан жарық неше есе әлсірейтінін табыңыз.

  16. Шынының бетіне жарық сәулесі 60 бұрыш бойынша түседі, ал шағылған сәуле жоғары дәрежеде поляризацияланады. Сәуленің сыну бұрышын анықтаңыз.

  17. Поляроидтардың поляризация жазықтықтарының аралығындағы бұрыш 50-қа тең. Осы жүйе арқылы өткен табиғи жарық 8 есе әлсірейді. Шағылған сәулелерге байланысты шығынды ескермей, поляроидтардың k жарық жұту коэффициентін анықтаңыз.

  18. Жарық шоғы глицерин құйылған ыдыстың түбіне шағылады. Түсу бұрышының қандай мәнінде шағылған жарық шоғы жоғары мөлшерде поляризацияланатынын анықтаңыз.

  19. Жарық шоғы сұйықтан шыныға өтіп шығады. Түсу бұрышы 60, ал сыну бұрышы 50. Жарық шоғының түсу бұрышының қандай мәнінде, екі ортаның шекарасынан шағылған жарық жоғарғы дәрежеде поляризацияланатынын табыңыз.

  20. Судың бетіндегі жазық параллель шыны пластинкаға жарық шоғы түседі. Жарықтың түсу бұрышының қандай мәнінде шыны-су шекарасынан шағылған жарық жоғары дәрежеде поляризацияланатынын табыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет