1-модуль. Механикалық қозғалыс – материя қозғалысының ең қарапайым түрі



бет3/29
Дата22.02.2023
өлшемі0.64 Mb.
#469888
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Әбдіқасова физика есептері

3-модуль. Сақталу заңдары



    1. Маховик дөңгелегі заңы бойынша айналады, мұндағы , . Дөңгелектің инерция моменті . Айналу моменті М мен қуаттың N өзгеру заңдарын табыңыз.

    2. Шар сырғанамай горизонталь бетпен айналып келеді. Шардың толық кинетикалық энергиясы Т=14Дж. Ілгерілемелі Т1 және айналмалы қозғалыстардың Т2 кинетикалық энергиялары қандай?

    3. Диаметрі 6 см шар сырғанамай горизонталь бетпен секундына 4 айналым жасап, айналып келеді. Шардың кинетикалық энергиясы қандай?

    4. Массасы 2 кг диск сырғанамай горизонталь бетпен 4 м/с жылдамдықпен айналып келеді. Дискінің кинетикалық энергиясы қандай?

    5. Массасы m=80 кг және радиусы R=30см маховик дөңгелегі тыныштық күйде тұр. Маховик дөңгелегіне жиілік беру үшін қандай жұмыс А істеу керек?

    6. Массасы 100кг және радиусы 2м диск пішіндес горизонталь платформа оның центрі арқылы өтетін вертикаль ось арқылы жиілігімен айналады. Егер массасы 60 кг кісі платформаның шетінен оның центріне өтетін болса, платформа қандай жылдамдықпен айнала бастайды?

    7. Вертикаль ось бойымен инерция бойынша жиілігімен айналатын платформа шетінде массасы 70 кг кісі тұр. Кісі платформа центріне өткен кезде, платформа жиілігімен айнала бастады. Платформа массасын m2 анықтаңыз. Кісінің инерция моментін материялық нүкте үшін есептеңіз.

    8. Жуковский орындығында кісі отыр және ол қолдарында орындық осі бойымен вертикаль бағытталған стержень ұстап тұр. Кісісі бар орындық 5 рад/с бұрыштық жылдамдықпен айналады. Егер стерженьді горизонталь күйге келетіндей етіп бұратын болса, кісісі бар орындық қандай бұрыштық жылдамдықпен айналады? Стержень ұзындығы , массасы 4 кг. Кісі мен орындықтың суммалық инерция моменті . Стержень мен кісінің массалар центрі платформа осінде орналасқан деп есептеңіз.

    9. Диск пішіндес платформа вертикаль осьпен айнала алады. Платформа шетінде кісі отыр. Егер кісі платформа шетімен жүріп, оны айналып өтіп, бастапқы (платформадағы) нүктеге қайтадан келетін болса, платформа қандай бұрышқа бұрылады? Платформа массасы 80 кг, кісінің массасы 80 кг.

    10. Жуковский орындығында кісі отыр және созып ұстаған қолдарында әрқайсысының массасы m1=3,5 кг болатын гантельдер ұстап тұр. Әр гантельден орындық осіне дейінгі қашықтық . Орындық жиілікпен айналады. Егер кісі әр гирден оське дейінгі қашықтық ге дейін болатындай етіп, қолдарын өзіне қарай сығатын болса, орындықтың айналу жиілігі қалай өзгереді? Кісі мен орындықтың (бірге) осьпен салыстырғандағы инерция моменті .

    11. Вертикаль жоғары ұшырылған ракета 3200 км биіктікке көтеріліп, құлай бастады. Ракета өзінің құлауының бірінші секундінде қандай жол жүреді?

    12. Ракета Жерден 10 км/с бастапқы жылдамдықпен ұшырылса, Жердің радиусына тең биіктікте ракета жылдамдығы қандай болады? Ауаның кедергісін елемеңіз. Жердің радиусы мен Жер бетіндегі еркін түсу үдеуін белгілі деп есептеңіз.

    13. Бастапқы жылдамдығы бірінші космос жылдамдығына тең болса, вертикаль жоғары ұшырылған ракета Жер бетінен қандай биіктікке көтеріледі?

    14. Күннің беті маңында бірінші және екінші космос жылдамдықтары қандай болады?

    15. Марс планетасының радиусы 3,4 Мм, массасы . Марстың бетінде гравитациялық өрістің кернеулігі қандай болады?

    16. Кіші планетаның радиусы 250 км, орташа тығыздығы 3 г/см3. Планета бетіндегі еркін түсу үдеуі белгісіз. Соны анықтаңыз.

    17. Спутник Жер айналасында шеңбер орбитасымен 520км биіктікте қозғалады. Спутниктің айналу периодын анықтаңыз. Жер беті маңындағы еркін түсу үдеуі мен Жердің радиусы белгілі деп есептеңіз.

    18. Спутник Жер обитасында периодымен шеңбер орбитасы бойынша айналады. Спутниктің биіктігін табыңыз. Жер беті маңындағы еркін түсу үдеуі мен Жердің радиусы белгілі деп есептеңіз.

    19. Жердің жасанды спутнигінің айналу периоды Т=2 сағ. Спутник орбитасын шеңбер бойымен деп есептеп, оның Жер бетінен қандай биіктікте қозғалатынын табыңыз.

    20. Жер бетінен вертикаль жоғары км/с жылдамдықпен ракета ұшырылған. Ол қандай биіктікке көтеріледі?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет