9-модуль. Молекула-кинетикалық теория
Көлемі 2 л ыдыстағы 10 г оттегі 680 мм сын. бағ.қысымында орналасқан. Табу керек: 1) газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығын; 2) ыдыстағы молекулалар санын; 3) газ тығыздығын.
200С температурадағы сутегі молекуласының қозғалыс мөлшерін табу керек. Молекула жылдамдығын орташа квадраттық жылдамдыққа тең деп алу керек.
Кейбір газдың тығыздығы ,бұл газдың молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы 500 м/с. Газдың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы қандай?
Қысымы 200 мм сын. бағ., ал молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы бұл жағдайда 2400 м/с болса, көлем 1 см3 сутегінің молекулалар саны қандай?
Бірдей температурадағы гелий мен азот молекулаларының орташа квадраттық жылдамдықтарының қатынасы қандай болады?
Ауаны біртекті газ деп есептеп,170С температурадағы ауа молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығын табу керек. Ауаның мольдік массасы .
Казіргі күнгі лабораториялық тәсілдермен ыдыс өте жоғары дәрәжеде разрядталған болса ( мм сын. бағ.), температурасы 10К , ал көлемі 1 см3 ыдыстағы молекулалар саны қандай болады?
Көлемі 80 м3 бөлмеде 170С температура мен 750 мм сын. бағ. қысымында молекулалар саны қандай болады?
Сиымдылығы 4 л ыдыста 1 г сутегі бар. Осы ыдыстың 1 см3 көлемінде қанша молекула бар?
1 г су буындағы молекулалар саны қанша?
10-модуль. Статистикалық үлестіру
10.1. Оттегі үшін тұрақты қысымдағы меншікті жылу сиымдылығының тұрақты көлемдегі меншікті жылу сиымдылығына қатынасы қандай болады?
10.2. Оттегінің меншікті жылу сиымдылығын табыңыз: 1) 2) жағдайлары үшін.
10.3. 40 мм сын. бағ. қысым мен температурадағы газдың қанша молекуласы см3 көлемге ие болады? Бұл молекулалар жылулық қозғалыстың қандай орташа энергиясына ие болады?
1 кг екі атомды газ қысымы 80 кПа, оның тығыздығы . Газ молекулаларының жылулық қозғалысының энергиясы қандай?
Айналмалы қозғалыстағы аммиактың бір молекуласының 270С температурадағы толық кинетикалық энергиясын және кинетикалық энергиясын табыңыз.
Көлемі 0,02 м3 баллондағы ілгерілемелі қозғалыстағы азот молекулаларының кинетикалық энергиясы 5 кДж, ал орташа квадраттық жылдамдығы . Баллондағы азот массасы қандай?
Көлемі 2 л және қысымы 150 кПа ыдыстағы екі атомды газ молекулаларының жылулық қозғалысының энергиясы қандай?
Температурасы , 1 кг азоттың молекулаларының айнымалы қозғалысының энергиясы қандай?
температурадағы 1г ауадағы молекулалардың жылулық қозғалысының кинетикалық энергиясы қандай? Ауаның мольдік массасы 0,029 кг/моль, біртекті газ деп есептеңіз.
. 100С температурадағы 20 г оттегінің жылулық қозғалысының энергиясы қандай болады? Бұл энергияның қандай бөлігі ілгерілемелі қозғалыстың үлесіне, ал қандай бөлігі айналмалы қозғалыстың үлесіне тиеді?
. Температурасы Т=1 К азот молекуласының ілгерілемелі қозғалысының ілг және айналмалы қозғалысының айн орташа кинетикалық энергиясы қандай болады? Осы күйдегі молекуланың толық кинетикалық энергиясы Ек қандай?
. Азоттағы өте майда тозаңдар өте үлкен молекулалар болғандай болып қозғалады. Әр тозаңның массасы . Газ температурасы . Азот молекуласы мен тозаңның орташа квадраттық жылдамдығын және ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясын ілг анықтаңыз.
. Қандай температурада ілгерілемелі қозғалыстағы газ молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы ге тең болады?
. Сутегінің температурасы . Айналмалы қозғалыстағы бір молекуланың орташа кинетикалық энергиясы айн мен осы газдың барлық молекулаларының суммалық кинетикалық энергиясын Ек анықтыңыз. Сутегінің зат мөлшері моль.
. Сиымдылығы V=2 л ыдыстағы 200 кПа қысымда орналасқан газ молекуласының орташа квадраттық жылдамдығы қандай? Газ массасы 0,3 г.
. 500 К температурадағы су буының бір молекуласының орташа кинетикалық энергиясы қандай?
. Кейбір екі атомды газдың мольдік ішкі энергиясы 6,02 кДж/моль. Осы газдың бір молекуласының айналмалы қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы айн қандай? Газды идеал деп есептеңіз.
. Гелийдің зат мөлшері , температурасы Осы газдың барлық молекулаларының ілгерілемелі қозалысының суммалық кинетикалық энергиясы Ек қандай?
. Көлемі 3 л ыдыста 540 кПа қысымда орналасқан газдың барлық молекулаларының ілгерілемелі қозалысының суммалық кинетикалық энергиясы Ек қандай?
. Сутегінің ішкі энергиясы мен осы газ молекуласының температурадағы орташа кинетикалық энергиясы қандай? Бұл газдың зат мөлшері моль.
Достарыңызбен бөлісу: |