1-модуль. Механикалық қозғалыс – материя қозғалысының ең қарапайым түрі



бет10/29
Дата22.02.2023
өлшемі0.64 Mb.
#469888
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29
Әбдіқасова физика есептері

12-модуль. Тасымалдау құбылысы



    1. Ішінде азот бар сиымдылығы V=3 л сфералық колбада қысымы p=80 мкПа вакуум орнаған. Газдың температурасы Т=250 К. Колбадағы вакуумды жоғары деп айтуға бола ма?

Ескерту. Егер молекулалардың еркін жүру жолының ұзындығы ыдыстың сызықтық мөлшерлерінен көп үлкен болса, онда вакуумды жоғары деп айтуға болады.

    1. Кейбір жағдайда сутегі молекуласының еркін жүру жолының орташа ұзындығы . Осы жағдайдағы сутегінің тығыздығы қандай?

    2. Сиымдылығы V=5 л ыдыстың ішінде массасы 0,5 г сутегі бар. Осы ыдыстағы сутегі молекуласының еркін жүру жолының орташа ұзындығы қандай?

    3. Газдың температурасы болғанда, қандай қысымда p осы азот молекулаларының еркін жүру жолының орташа ұзындығы болады?

    4. Оттегінің температурасы Т=200 К, қысымы p=80 нПа. Осы жағдайда уақыт ішіндегі оттегі молекуласының орташа соқтығысу санын есептеңіз.

    5. Қалыпты жағдайда оттегі молекуласының еркін жүру жолының орташа ұзындығы екені белгілі болса, осы жағдайда оттегі молекулаларының орташа арифметикалық жылдамдығы қандай?

    6. Қалыпты жағдайда сутегі молекуласының еркін жүру жолының орташа ұзындығы . Сутегі молекуласының диаметрі d қандай?

    7. Сутегінің қысымы p=20 мкПа, температурасы Т=300 К. Осы газ молекуласының еркін жүру жолының орташа ұзындығы қандай?

    8. Сиымдылығы V=5 л ыдыстағы азот молекуласының еркін жүру жолының орташа ұзындығын анықтаңыз. Газ массасы 0,5 г.

12.10. Гелий газының қысымы p=2 кПа, температурасы Т=200 К. Осы газ молекуласының уақыт ішіндегі орташа соқтығысу саны мен еркін жүру жолының орташа ұзындығын табыңыз.


13-модуль. Нақты газдар



    1. Қалың қабырғалы болаттан істелінген баллонға біраз мөлшерде су құйылып герметикалық түрде жабылған да, қыздырылған. Қыздырған кезде заттың кризистік нүктеден өтуін бақылау мүмкіндігі болу үшін, баллонның ішкі көлемінің қандай бөлігін су алып тұруы керек екендігін анықтау керек.

    2. Кризистік температурасы Ткр=155К, қысымы ркр=5,08МПа оттегінің мольдік кризистік көлемін Vм кр есептеңіз.

    3. Көлемі мен температурасы осы параметрлердің кризистік мәндерінен екі есе көп екені белгілі болса, газдың қысымы оның кризистік қысымынан қанша есе көп екенін анықтаңыз.

    4. Азот үшін кризистік температура Ткр мен қысымын ркр есептеңіз.

    5. Кейбір газдың кризистік температурасы 100К және кризистік қысымы 2 МПа-ға тең болса, осы газдың а және в тұрақтыларын анықтаңыз.

    6. 1кмоль оттегінің температурасы t=270С, ал қысымы р=10МПа. Бұл жағдайда оттегіні нақты газ деп есептеп, оның көлемін табыңыз.

    7. Температурасы 1000С 1 кмоль көмірқышқыл газы V=1м3 көлемде орналасқан. Газды нақты газ деп есептеп, оның қысымын табыңыз.

    8. 100 МПа қысымдағы 10 г гелий 100 см3 көлемді алып тұр. Гелийді нақты газ деп есептеп, оның температурасын табыңыз.

    9. 2,8МПа қысымдағы 3,5 г оттегі 90 см3 көлемді алып тұрса, оның температурасы қандай? Оттегіні нақты газ деп санаңыз.

    10. 0,2 МПа қысымдағы 2 г азот 820 см3 көлемді алып тұрса, оның температурасы қандай? Азотты нақты газ деп есептеңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет