1-модуль. Механикалық қозғалыс – материя қозғалысының ең қарапайым түрі


-модуль. Электр өрісіндегі өткізгіштер



бет13/29
Дата22.02.2023
өлшемі0.64 Mb.
#469888
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29
Әбдіқасова физика есептері

16-модуль. Электр өрісіндегі өткізгіштер

    1. Жазық конденсатордың электр сиымдылығы с=1 нФ, астарлар ара қашықтығы 4 мм. Конденсатордың астарлары арасына орналастырылған. Q=4,9 нКл зарядқа F=98 мкН күш әсер етеді. Астарлар ауданы 100 см2. Өріс кернеулігі, астарлар арасындағы потенциалдар айырмасы және конденсатордың өріс энергиясын анықтаңыз.

    2. Әр пластинасының ауданы S=200 см2 жазық конденсатор потенциалдар айырмасына дейін зарядталған. Пластиналар ара қашықтығы d=2 см. Диэлектрик – шыны. Конденсатордың өріс энергиясы анықтаңыз.

    3. Пластиналар ауданы S=0,01 м2 конденсатордың пластиналар арасындағы потенциалдар айырмасы U=500 В, пластиналар ара қашықтығы d=3 мм болса, пластиналар қандай күшпен әсерлесетінін табыңыз.

    4. Әрқайсысының тығыздығы С=100 пФ екі бірдей жазық ауа конденсаторы тізбектей батареяға біріктірілген. Конденсатордың бірінің пластиналар арасын парафин мен ( ) толтырса, батарея сиымдылығы қалай өзгереді?

    5. Сиымдылықтары С1=5 мкФ және С2=8 мкФ конденсаторлар тізбектей жалғанып, Э.Қ.К.-і батареяға қосылған. Әр конденсатордың Q1 және Q2 заряды мен астарлар арасындағы U1 және U2 потенциалдар айырмасын анықтаңыз.

    6. Диэлектрик қабаты слюда ( , ) мен парафинделген қағаздан ( , ) тұратын конденсатордың сиымдылығын табыңыз. Пластиналар ауданы .

    7. Ауданы 100 см2 жазық вакуумды конденсатордың пластиналар арасын 0,03 м-ден 0,1 м-ге дейін ұлғайту үшін қандай жұмыс істеу керек? Конденсатор пластиналары арасындағы кернеу тұрақты және 220 В-қа тең.

    8. Ауданы S=5000 см2 жазық конденсатордың пластиналары арасында сондай ауданға ие металл пластинка орналастырылған. Астарлар ара қашықтығы d1=5 см, пластинка қалыңдығы d2=1 см. Егер конденсатор кернеуі U=100 В ток көзіне жалғанған болса, пластинканы конденсатордан алу үшін қандай жұмыс атқару керек?

    9. Жазық конденсатордың пластиналар арасы екі қабаттан тұратын диэлектрикпен толтырылған: қалыңдығы d1=0,2 см шыны, қалыңдығы d2=0,3 см парафин. Астарлар арасындағы потенциалдар айырмасы U=300 В. Әр қабаттағы потенциалдар түсуін анықтаңыз.

    10. Э.Қ.К.-і батареяға сиымдылықтары С1=2 пФ және С2=3 пФ екі жазық конденсатор жалғанған. Тізбектей және параллель жалғанған конденсатор пластиналарындағы заряд Q мен кернеуді U анықтаңыз.

    11. Сиымдылықтары С1=5 мкФ және С2=8 мкФ конденсаторлар U1=60 В және U2=100 В кернеулерге дейін сәйкестендіріліп зарядталған. Конденсаторларды аттас зарядты астарларымен жалғағанда оның астарларындағы кернеуді анықтаңыз.

    12. Сиымдылықтары С1=10 мкФ конденсатор U=10 В кернеуге дейін зарядталған. Осы конденсаторға басқа, зарядталмаған, сиымдылығы С2=20 мкФ конденсатор параллель жалғанғаннан кейінгі бірінші конденсатордың астарларындағы зарядты анықтаңыз.

    13. Сиымдылықтары С1=2 мкФ және С2=5 мкФ және С3=10 мкФ конденсаторлар тізбектей жалғанып, U=85 В кернеуіне қосылған. Әр конденсатордағы кернеу мен зарядты анықтаңыз.

    14. Сиымдылықтары С1=2 мкФ және С2=5 мкФ сәйкестендіріліп U1=100 В және U2=150 В кернеулерге дейін зарядталған. Конденсаторларды әраттас зарядтарға ие болатындай етіп астарларын жалғағаннан кейін, олардың астарларындағы кернеу қалай болады?

    15. Сиымдылығы С=100 пФ екі бірдей жазық ауа конденсатордың әрқайсысы батареяға тізбектей жалғанған. Конденсатордың біреуінің пластиналар аралығын парафинмен толтырғанда батареяның сиымдылығы С қалай өзгереді?

    16. Сиымдылықтары С1=5 мкФ және С2=8 мкФ екі конденсатор тізбектей жалғанып, Э.Қ.К.-і 80 В батареяға қосылған. Конденсатордың Q1 және Q2 заряды мен астарлар арасындағы U1 және U2 потенциалдар айырмасын анықтаңыз.

    17. Жазық конденсаторлар әрқайсысы радиусы R=10 см екі дөңгелек пластинадан тұрады. Пластиналар ара қашықтығы d=2 мм. Конденсатор U=80 В кернеу көзіне жалғанған. Мына екі жағдай үшін конденсатордың жағдайы Q мен өріс кернеулігін Е анықтаңыз: 1) диэлектрик-ауа; 2) диэлектрик-шыны.

    18. Радиустары R1=5 cм және R2=10 cм екі металл шарлардың зарядтары Q1=40 нКл және Q2=-20 нКл (сәйкес). Шарларды өткізгіш арқылы жалғағанда разрядталу кезінде бөлініп шығатын энергияны табыңыз.

    19. Жазық конденсатордың пластиналар арасы екі қабатты диэлектриктен тұрады: қалыңдығы d1=0,2 см шыны мен қалыңдығы d2=0,3 см парафин. Астарлар арасындағы потенциалдар айырмасы U=300 B. Өріс кернеулігі Е мен әр қабаттағы потенциалдар түсуін анықтаңыз.

    20. Әр пластиналар ауданы S=200 см2 жазық конденсатор U=2 кВ потенциалдар айырымына дейін зарядталған. Пластиналар арасындағы ара қашықтық d=2 см. Диэлектрик – шыны. Конденсатордың өріс энергиясын W және өрістің энергия тығыздығын w анықтаңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет