2-модуль. Материялық нүктенің динамикасы
2.1. ке тең уақытта тоқтату үшін, жиілікпен айналатын блокқа түсірілетін күш моментін анықтау керек. Блоктың диаметрі D=30 см. Блоктың массасы 6 кг тоғын (обод) бойымен бірқалыпты таралған деп есептеңіз.
Радиусы 60 см маховик дөңгелегінің тоғынына оралған жіптің ұшына массасы кг жүк ілінген. Егер маховик жүктің ауырлық күші әсерімен бірқалыпты үдемелі айналып, ішінде бұрыштық жылдамдыққа ие болса, маховиктің инерция моменті қандай болады?
Массасы 100 кг және радиусы 5 см вал (білік) жиілікпен айналады. Валдың цилиндрлік бетіне тежеуіш қалыпты (колодка) күшпен қысқанда, вал тан кейін тоқтаған. Үйкеліс коэффициентін табу керек.
Стержень, оның ортасы арқылы өтетін ось айналасында теңдеуі бойынша айналады, мұндағы А=2 рад/с, В=0,2 рад/с3. Егер стерженьнің инерция моменті J=0,048 кгм2 болса, айналу басталғаннан уақыт өткен моментте стерженьге әсер ететін айналу моментін М анықтау керек.
Массасы 10 кг және радиусы 20 см шар оның центрі арқылы өтетін ось айналасында айналады. Шардың айналу теңдеуі мынадай: , мұндағы В=4 рад/с2, С=-1 рад/с3. Шарға әсер етуші күш моментінің өзгеру заңын табыңыз.
Жылжымайтын массасы 0,2 кг блокқа оралған жіптің ұштарына массалары және жүктер ілінген. Егер блоктың массасы тоғын (обод) бойымен біркелкі таралса, жүктердің қозғалысы кезінде блоктың екі жағындағы жіптің керілу күштері Т1 мен Т2 қандай болады?
Ұзындығы және массасы 400 г жіңішке, біртекті стержень оның ортасына перпендикуляр өтетін ось арқылы бұрыштық үдеумен айналады. Айналу моментін М анықтаңыз.
Радиусы 0,5 м барабанға оралған жіптің ұшына массасы 9,8 кг жүк ілінген. Жүктің а=2,04 м/с2 үдеумен түсетіні белгілі болса, барабанның инерция моменті қандай болады?
Массасы барабанға оралған жіптің ұшына массасы жүк байланған. Жүктің қозғалыс үдеуін анықтаңыз. Барабанды біртекті цилиндр деп есептеңіз. Үйкелісті елемеңіз.
Диск пішінді блок арқылы жіп өткізілген. Жіптің ұштарына массалары және жүктер байланған. Блоктың массасы 400г болса, жүктердің қозғалыс үдеуі қандай?
Блок арқылы өткізілген жеңіл және созылмайтын жіптің ұштарына массалары және жүктер ілінген. Егер блоктың массасы 0,4 кг, ал оның осі вертикаль жоғары қарай а=2 м/с2 үдеумен қозғалатын болса, блоктың екі жағындағы жіпке әсер етуші күштер бір-бірінен қанша есе өзгешелеу болады? Үйкеліс күші мен жіптің блоктан сырғып кетуін елемеңіз.
Столдың шетіне блок орнатылған. Блок арқылы салмағы жоқ, созылмайтын жіп өткізіліп, оның ұштарына жүктер ілінген. Оның біреуі стол үстімен қозғалса, ал екіншісі вертикаль төмен қозғалады. Егер әр жүктің және блоктың массасы бірдей болып және жүктер а=5,6 м/с2 үдеумен қозғалатын болса, жүк пен стол беттері арасындағы үйкеліс коэффициенті қандай болады? Жүктің блоктан сырғып кетуін және блокқа әсер етуші үйкеліс күшін елемеңіз.
Диск пішінді, массасы 0,4 кг блок жіптің керілу күші әсерінде айналады, жіптің ұштарына массалары және жүктер ілінген. Блоктың екі жағындағы жіптің Т1 және Т2 керілу күштерін анықтау керек.
жиілігімен айналатын блокты, уақыт ішінде тоқтату үшін блокқа түсірілетін күш моментін М анықтау керек. Блок диаметрі 30 см. Блоктың 10 кг массасы оның тоғыны (обод) бойымен бірқалыпты таралған деп есептеңіз.
Диск горизонталь жазықтық бетімен 8 м/с жылдамдықпен сырғанайды. Егер де ол өздігінен 18м жол жүріп, тоқтаған болса, кедергі коэффициенті қандай болады?
Стержень оның ортасы арқылы өтетін ось айналасында теңдеуі бойынша айналады, мұндағы А=2 рад/с, В=0,4 рад/с3. Егер стерженьнің инерция моменті болса, айналыс басталуынан уақыт өткенде стерженьге әсер етуші айналу моменті М қандай болады?
Диаметрі 4 см блок арқылы өткізілген жіптің ұштарына массалары және жүктер байланған. Егер жүктердің ауырлық күші нәтижесінде блок үдеуіне ие болса, оның инерция моменті қандай болады? Үйкелісті және жіптің блоктан сырғып кетуін елемеңіз.
Диаметрі 60 см маховиктің тоғынына (обод) оралған жіптің ұшына массасы 2 кг жүк байланған. Егер де маховик жүктің ауырлық күші әсерінде бірқалыпты үдемелі айналып уақыт ішінде бұрыштық жылдамдыққа ие болатын болса, моховиктің инерция моменті қандай болады?
Диск пішінді, диаметрі 75 см және массасы 40 кг маховиктің шкивіне жанама түрде кН күш түсірілген. Егер шкив радиусы 12 см болса, күш әсер етуден бастап уақыт өткен соң маховиктің бұрыштық үдеуі мен айналу жиілігі қандай болады?
Массасы 60 г шарик ұзындығы м жіптің ұшына байланып, горизонталь жазықтыққа «сүйенең жиілікпен айналады. Жіп қысқарып, шарикті оське жақындатып, 0,6 м ұзындыққа дейін жеткізеді. Бұл жағдайда шарик қандай жиілікпен айналады? Жіпті қысқарту үшін сыртқы күш қандай жұмыс А атқарады? Шариктің жазықтықпен үйкелісін елемеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |