1-модуль. Механикалық қозғалыс – материя қозғалысының ең қарапайым түрі



бет21/29
Дата22.02.2023
өлшемі0.64 Mb.
#469888
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29
Әбдіқасова физика есептері

27-модуль. Толқындар дифракциясы



  1. Саңылауының ені а0,05 мм пластинкаға толқын ұзындығы 700 нм монохромат жарық нормаль бойынша түседі. Бірінші дифракциялық максимумға сәйкес келетін сәуленің  ауытқу бұрышын табыңыз.

  2. Ені а2 мкм саңылауға монохромат жарық шоғы (569 нм) нормаль бойынша түседі. Жарықтың дифракциялық минимумдері байқалатын  бұрыш мәндерін анықтаңдар.

  3. Ені а6 саңылауға толқын ұзындығы , монохромат параллель жарық шоғы нормаль бойынша түседі. Жарықтың үшінші дифракциялық минимумы байқалатын  бұрышты табыңыздар.

  4. Жарық нормаль бойынша түскен дифракциялық тор үшінші реттік спектр жолағын 130 бұрышқа ауытқыған болса, төртінші реттік спектр қанша 2 бұрышқа ауытқитынын табыңыз.

  5. Дифракциялық тордың штрихтарының ара қашықтығы d=400 нм. Торға толқын ұзындығы 0,580 мкм жарық нормаль бойынша түседі. Тордың беретін ең жоғарғы реттік максимумының санын анықтаңыз.

  6. Егер дифракциялық тордың тұрақтысы d=2 мкм болса, натрийдың сары сызығы үшін (589 нм) спектрдің ең үлкен реттік саны k неге тең?

  7. Дифракциялық торға жарық шоғы нормаль бойынша түседі. Үшінші реттік спектрдегі қызыл сызық (1630 нм) 60 ауытқыған болса, қандай спектрлік сызық төртінші реттік спектрден дәл осындай бұрыш бойынша байқалатынын анықтаңыз.

  8. Дифракцилық тордың тұрақтысы, оған нормаль бойынша түскен монохромат жарықтың толқын ұзындығынан 4 есе үлкен болса, өзара симметр орналасқан екі бірінші реттік максимумының аралығындағы  бұрыш неге тең?

  9. Гелий лампаның жарығы дифракциялық торға нормаль бойынша түседі. Спектрдің 3-ші реттегі толқынның қай ұзындығына 2 спектрдің 2-ші реттегі гелийдің қызыл сызығы (2=670 нм) қапталады?

  10. Егер дифракциялық тордың тұрақтысы d=2 мкм болса, натрийдың сары сызығы үшін (589 нм) спектрдің ең үлкен реттік саны неге тең?

  11. Дифракциялық кескін монохромат жарық көзінен (0,5 мкм) l=1 м қашықтықта байқалады. Экран мен жарық көзінің дәл ортасына дөңгелек тесігі бар диафрагма орналасқан. Тесіктің радиусы қандай болғанда дифракциялық сақиналардың ортасы (центрі) айрықша күңгірт болатынын анықтаңыз.

  12. Толқын ұзындығы 0,5 мкм нүктелік жарық көзі, радиусы r=1 мм дөңгелек тесігі бар диафрагманың алдына а4 м қашықтыққа орналасқан. Тесіктегі Френельдің зонасының саны k=3 болу үшін диафрагмадан бақылау нүктесіне дейін арақашықтық b қандай болу керек екенін анықтаңыз.

  13. Жазық жарық толқыны дөңгелек тесігі бар диафрагмаға нормаль бойынша түседі. Дифракцияның нәтижесінде, тесіктің центрінен алғанда bі қашықтықтары әртүрлі, бірнеше нүктелерде интенсивтіліктің максимумдары байқалады.

  1. b=f(k,,r)-функциясын анықтаңдар, мұндағы r - тесіктің радиусы, k - берілген нүкте үшін ашылатын Френелдің зонасының саны.

  2. Тесік осінің бойынан интенсивтіліктің минимумы байқалатын жағдайды анықтаңдар.

  1. Нүктелік жарық көзі (0,5 мкм), радиусы r=0,5 мм тесігі бар бөгеттен а0,5 м қашықтықта орналасқан. Тесіктегі Френельдің ашық зоналарының саны k=1, k=5, k=10 болатын, бөгет пен жарық көзінің арақашықтығын анықтаңыз.

  1. 0,6 мкм жазық жарық толқынының жолына фокус арақашықтығы f=50 см жинағыш линза, ал линзаның тура артына дөңгелек тесігі бар диафрагма қойылған. Диафрагма мен экранның арақашықтығы b=90 см. Тесіктің радиусы қандай болғанда дифракциялық кескіннің центрі ең күшті жарықтанатынын анықтаңыз.

  2. Интенсивтілігі І0, 640 нм жазық жарық толқыны радиусы r=1,2 мм дөңгелек тесікке нормаль бойынша түседі. Тесіктен b=1,5 м қашықтықта орналасқан экрандағы дифракциялық кескінінің центріндегі жарық интенсивтілігін табыңыз.

  3. Толқын ұзындығы 550 нм нүктелік жарық көзі радиусы r=2 мм тесігі бар бөгеттің алдына а=1 м қашықтықта орналасқан. Осы жағдайда байқалатын Френельдің ашық зоналарының Кmіn минималь санын анықтаңыз.

  4. Егер жарық көзі мен толқындық беттің ара қашықтығы а=1 м, толқындық беттен бақылау нүктесіне дейінгі қашықтық b=1 м болса, Френельдің бірінші бес зонасының rk радиустары қандай болатынын табыңыздар. Жарық толқынының ұзындығы 0,5 мкм.

  5. Егер бақылау нүктесі мен толқындық беттің ара қашықтығы b=1 м болса, Френельдің бірінші бес зонасының rk радиустары қандай болатынын табыңдар. Мұндағы 0,5 мкм.

  6. Дифракциялық торға жарық нормаль бойынша түскен жағдайда екінші реттік спектрдегі 10,65 мкм сызық үшін дифракция бұрышы 45-қа тең. Үшінші реттік спектрдегі 20,5 мкм сызығы үшін дифракция бұрышын табыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет