1-модуль. Механикалық қозғалыс – материя қозғалысының ең қарапайым түрі



бет27/29
Дата22.02.2023
өлшемі0.64 Mb.
#469888
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Әбдіқасова физика есептері

34-модуль. Конденсирленген күй



  1. Алюминий және мыс кристалдарының меншікті жылу сиымдылықтарын С классикалық жылу сиымдылық теориясы тұрғысынан анықтаңыз.

  2. Классикалық теориясы тұрғысынан NaCl және CaCl2 кристалдарының меншікті жылу сиымдылықтарын С анықтаңыз.

  3. Классикалық теориясы тұрғысынан көлемі V=1 м3 алюминий бромиды (AlBr3) кристалының жылу сиымдылығын С анықтаңыз. Алюминий бромиды кристалының тығыздығы 3,01103 кг/м3.

  4. Николь кристалын t1=0C-дан t2=200C-ға дейін қыздырғандағы оның ішкі энергиясының өзгеруін U анықтаңыз. Кристалдың массасы m=20 г.Жылу сиымдылығын С есептеп табыңыз.

  5. Жылу тепе-теңдік күйіндегі классикалық сызықты гармоникалық осциллятордың орташа энергиясы <> формуласын анықтаңыз. T=300 K-дегі <> мәнін анықтаңыз.

  6. Эйнштейннің жылу сиымдылық теориясы бойынша күміс атомының тербеліс жиілігін  анықтаңыз. Күмістің Эйнштейн бойынша сипаттама температурасы Е165 К.

  7. Температурасы Т1=Е/2 ден Т2=2Е ге өсіргенде кванттық осциллятордың еркіндік бір дәрежесіне келетін орта энергиясы <> неше есе артады? Нольдік энергияның неге тең екенін ескеріңіз.

  8. Кванттық осциллятордың орташа энергиясының Т=Е темпера-турасындағы идеал газ молекуласының орташа жылу қозғалыс энергиясына қатынасын <>/<Т> анықтаңыз.

  9. Кристалды Т=Е/2 температурасынан Т2 К температурасына дейін қыздырғандағы молярлы ішкі энергиясының өзгеруін Um Эйнштейннің кванттық жылу сиымдылық теориясы бойынша анықтаңыз.

  10. Кристалды Т=0 К дан Т1=0,1Е температурасына дейін қыздырғанда оның молярлы ішкі энергиясының өзгеруін Um Эйнштейннің жылу сиымдылық теориясы бойынша анықтаңыз. Кристалдың сипаттама температурасын Е=300 К-ға тең деп алыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет