1-модуль. Механикалық қозғалыс – материя қозғалысының ең қарапайым түрі


-модуль. Салыстырмалылықтың арнайы



бет4/29
Дата22.02.2023
өлшемі0.64 Mb.
#469888
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Әбдіқасова физика есептері

4-модуль. Салыстырмалылықтың арнайы
теориясының элементтері



    1. Релятивистік протон кинетикалық энергияға ие, ол тыныштық күйдегі энергияға тең. Егер оның импульсі есе өсетін болса, кинетикалық энергиясы қанша есе өседі?

    2. Релятивистік электронның импульсі . Егер оның энергиясы есе өсетін болса, осы электронның соңғы импульсі (m0c бірліктерінде) қандай болады?

    3. Кинетикалық энергиясы екі еселенген тыныштық күйдегі энергияға тең болуы үшін, бөлшекке қандай жылдамдық  (жарық жылдамдығының үлесінде) беру керек?

    4. Т=1,53 МэВ энергияға ие болған электронның релятивистік массасы оның тыныштық күйдегі массасынан m0 қанша есе көп болуы керек?

    5. Протонның импульсі р=469 МэВ/с. Релятивистік импульсі екі есеге өсуі үшін, протонға қанша қосымша кинетикалық энергия беру керек?

    6. Электрон жылдамдығы (с-жарықтың вакуумдағы жылдамдығы). Электронның мегаэлектрон-вольтпен өлшенетін тыныштық күйдегі энергиясын біле тұра, осы бірлікте өлшенетін электронның кинетикалық энергиясын анықтау керек.

    7. Кинетикалық энергиясы Т=1,53 МэВ р-электронның релятивистік импульсінің электронның комптондық импульсіне m0c қатынасын анықтау керек.

    8. Қандай жылдамдықта  (жарық жылдамдығының үлесінде) кез-келген зат бөлшегінің релятивистік массасы тыныштық массасынан есе көп болады?

    9. Кинетикалық энергиясы Т=3 ГэВ протон тежелгенде осы энергияның үштен бірін жоғалтты. -бөлшектің релятивистік импульсі қанша есе өзгергенін анықтау керек.

    10. Ракета жылдамдығымен қозғалады, мұндағы с-жарықтың вакуумдағы жылдамдығы. Бөлшектің кинетикалық энергиясы тыныштық энергиясының қандай бөлігі болып табылады?



5-модуль. Тұтас орталар механикасының элементтері



    1. Биіктігі Н=2 м бактың кенересіне дейін сұйық құйылған. Бак қабырғасынан істелінген тесіктен ағып шыққан сұйықтың түскен жері бактан максималь қашықтықта болу үшін, тесік қандай биіктікте h жасалынуы керек?

    2. Көлденең қимасы =4 см2 сұйық ағыны Жер бетінен Н=2 м биіктікте орналасқан брандспойттан горизонталь бағытта ағып шығып, Жер бетіне =8 м қашықтықта түседі. Шлангының көлденең қимасының ауданы 4 см2 болса, судың қозғалысына ауа кедергісін елемей, шлангыдағы судың артылған қысымы қандай болатындығын анықтаңыз.

    3. Биіктігі 1,5 м бактың кенересіне дейін сұйық құйылған. Бактың жоғарғы шетінен м қашықтықта кіші диаметрлі тесік пайда болған. Осы тесіктен ағып шыққан сұйық еденге бактан қандай қашықтықта түседі?

    4. 10 м/с жылдамдықпен қозғалатын, диаметрі см су ағыны оған перпендикуляр орналасқан қозғалмайтын жазық бетпен соқтығысады. Бұл соқтығысудан кейінгі су бөлшектерінің жылдамдығын нольге тең деп есептеп, бетке түсірілген ағын қысымының күші қандай болатынын табыңыз.

    5. Желдің қабырғаға түсірген қысымы р=200 Па. Егер жел қабырғаға перпендикуляр бағытта соғатын болса, желдің жылдамдығы қандай болады? Ауаның тығыздығы .

    6. Горизонталь орналасқан бүріккіш (спринцовка) поршеніне күш түсірілген. Поршеньнің ауданы S=12 см2 болса, бүріккіштің ұшынан ағып шыққан судың жылдамдығы қандай болады?

    7. Горизонталь орналасқан насос цилиндрінің диаметрі 20см. Цилиндр ішінде орналасқан поршень м/с жылдамдықпен қозғалып, диаметрі 2 см тесік арқылы суды ығыстырып шығарады. Тесіктен ағып шыққан судың жылдамдығы қандай болады? Цилиндрдегі судың артық мөлшердегі қысымы р қандай?

    8. Көлденең қимасының ауданы =20 см2, горизонталь орналасқан құбырмен сұйық ағады.Құбырдың бір жерінде көлденең қима тарылып, оның ауданы 12 см2-қа тең болады. Құбырдың кең және тар бөліктерінде орнатылған манометрлік трубкалардағы деңгейлер айырмасы 8 см. Сұйықтың көлемдік шығынын анықтаңыз.

    9. Горизонталь орналасқан құбырдың кең бөлігі арқылы 2 м/с жылдамдықпен мұнай ағады. Егер құбырдың кең және тар бөліктеріндегі қысымдар айырмасы р=6,65кПа болса, құбырдың тар бөлігі арқылы ағатын мұнайдың жылдамдығы қандай болады?

    10. Су айнымалы қимасы бар, горизонталь орналасқан құбырмен ағады. Құбырдың кең бөлігі арқылы ағатын судың жылдамдығы 20 см/с. Құбырдың тар бөлігінің диаметрі оның кең бөлігінің диаметрінен 1,5 есе аз болса, құбырдың тар бөлігі арқылы ағатын судың жылдамдығы қандай болады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет