1-нұсқа Сөйлеу әрекетінің түрлері


(Т2) сынып қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Биотехнология жаңалықтары» бөлімі бойынша №2 жиынтық бағалау



бет2/2
Дата12.09.2023
өлшемі22.79 Kb.
#477369
1   2
9- сынып бжб-2.3

9 (Т2) сынып қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Биотехнология жаңалықтары» бөлімі бойынша №2 жиынтық бағалау
2-нұсқа
Сөйлеу әрекетінің түрлері Оқылым Жазылым
Оқу мақсаты
9.3.4.1 Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау
9.4.2.1 Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыра отырып, өз ойын дәлелдеп жазу
Бағалау критерийі Білім алушы:
 Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшелігін ажыратады
 Ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшіліктерін салыстырып, эссе жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма

  1. Мәтіндерді оқып. Стилін анықта және мәтін бойынша екі сұрақ дайында. Ерекшеліктерін, ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратыңыз.

1-мәтін

Олар Жерге қайтуға асықты. Бейтаныс ғаламшарда болған уақыт та өте шыққан. Жұлдызаралық сапардың бір ерекшелігі де уақыттың осындай санаулылығында. Әйтпесе, мына көз алдарындағы ғажайып әлемді ешқайсысы да қиып тастап кетпес еді. Әлі де жүре бермек. Бірақ уақыт деген бәрінен де қатаң. Мына ғаламшардың бетін көмкеріп жатқан сантүрлі хош иісті гүлдер мен өсімдіктердің нәзіктігіндей емес. Бір ғана өсімдіктің өзі талай тағдырды шешеді. Сондықтан да ойлануға тура келген.
Кеме басшысы Мерген Тұрлығазыұлы жан-жағын жіті бақылап, ілгері бастап келеді. Айнала қалың шөп, самсаған неше түрлі гүлдер. «Тек қана өсімдік пен гүлдерден тұратын мұндай да ғаламшар болады екен-ау» деп таңданған еді Мерген алғашында. Бірақ ғаламшар тіршілігіне бірте-бірте көзі үйрене бастаған кезде осы өсімдік пен гүлдер әлемінің де өзінше бір бөлек тіршілік кешіп жатқан біртұтас елдей екеніне көз жеткізе бастаған.

Мәтіннің стилі:
Сұрақтар:
1)

2)


2. «Биотехнологияның пайдасы басым ба, әлде зияны ма?» деген тақырыпта эссе жазыңыз.


Мәселенің екі жағын қарастыра отырып, өз ойыңызды аргументтермен дәлелдеңіз.



Бағалау критерийі



Тапсырма


Дескриптор

Балл



Білім алушы

Мәтіндердің стилін,
жанрлық ерекшелігін
ажыратады



1

- мәтіннің стилін анықтайды;
- мәтін бойынша екі сұрақ жазады;
- сұрақтарды грамматикалық тұрғыдан дұрыс құрайды;
- сұрақтарды мағыналық тұрғыдан дұрыс құрайды;

1
1

1
1


Ұсынылған шешімнің
артықшылығы мен
кемшіліктерін
салыстырып, эссе
жазады

2

- эссе құрылымын сақтайды;
- логикалық бірізділікті сақтайды;
- мәселе бойынша өз позициясын білдіреді;
- сұраққа қатысты пікірін білдіреді;
- пікіріне аргументтер келтіреді;
- мәселенің шешімін ұсынады.

1
1
1
1
1
1

Барлық балл

10


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет