1 Өңештің бөліктері және функциясы


Есту анализаторлардың физиологиясы және оның бөлімдері*



бет19/22
Дата02.09.2022
өлшемі57.88 Kb.
#460146
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Рубежка

27.Есту анализаторлардың физиологиясы және оның бөлімдері*

Құлақ күрделі құрылысты мүше. Сыртқы құлақ құлақ қалқаны мен сыртқы құлақ түтігінен тұрады . Құлақ қалқаны дыбыс толқындарын жинап, сыртқы дыбыс түтігі арқылы дабыл жарғағына жібереді. Дыбыс толқындары екі құлақ қа әртүрлі мерзімде жетуіне байланысты құлақ қалқандары дыбыстың бағытын, шыққан орынын анықтайды.
Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақ тан бөліп тұрады . Ол ішіне қарай ойыңқы құрылыс. Оның қалыңдығы ересек адамда 0,1 мм, кеңістікте 45 градусқа көлбеу орналасқан.
Ортаңғы құлақ самай сүйегінің қуысында орналасқан дабыл қуысынан тұрады . Сол қуыста 3 дыбыс сүйектері бар: балғаша, төсше, үзеңгіше. Ортаңғы құлақ тың қуысын мұрын-жұтқыншақ қуысымен байланыстыратын Эвстахи түтігі бар. Бұл түтік ауыз-мұрын қуысынан келген ауаны ортаңгы құлақ қуысына өткізіп, дабыл жарғағының екі жағындағы ауаның қысымын теңестіріп тұрады. Балғашаның сабы дабыл жарғағымен ұштасқан. Балғаша тосшемен, ол үзеңгімен буындасқан. Үзеңгішенің табаны ішкі құлақ тың сопақша тесігін жауып тұрады . Сопақша тесіктің беті жұқа жарғақпен жабылған.
Ішкі құлақта екі анализатортың шеткі бөлімдері орналасқан: біріншісі, вестибулярлық аппарат бір-біріне перпендикуляр орналасқан жартылай айналмалы 3 каналдар мен олардың табалдырығынан тұрады; екіншісі, ұлу сүйегі — есту мүшесі. Ұлу сүйегі тәрізді қүрылым екі жарым есе айналым жасайтын спиральды сүйек түтігі. Оның ішінде екі жарғақ бар: вестибулярлық және негізгі. Бұл жарғақтар ұлу сүйегінің каналын үшке бөледі: жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Жоғарғы және төменгі қуыстар перилимфа сұйықтығына толы болып, ұлу сүйегінің үстіңгі жағында кішкентай тесік арқылы бір-бірімен жалғасады. Сол тесік арқылы перилимфа араласып тұрады . Үзеңгіше сопақша тесіктің жарғағын итергенде жоғарғы қуыстағы перилимфа төменгі қуысқа құйылып, ішкі құлақ тың дөңгелек тесігінің мембранасы ортаңғы құлаққа қарай ығысады. Негізгі мембрана бір-біріне көлденең орналасқан, әлсіз байланысқан 24 мың дәнекер талшықтардан тұрады . Ұлу сүйегінің түп жағындағы талшықтар қысқа, ұзындығы 0,4 мм, ал жоғарғы жағында ұзындау – 0,5 мм болады. Негізгі мембранада корти мүшесі орналасқан. Ол – дыбыс қабылдаушы негізгі мүше.
Корти мүшесі түкті клеткалардан тұрады. Әрбір түкті клетканың жоғарғы жағында ұзындығы 4 микрон 60-70 түктері болады. Негізгі мембрана шайқалғанда оның түктері жабық мембранаға тиіп, тітіркенеді. Рецепторлық клеткалармен жалғасқан дыбыс нерві арқылы қозу қыртыс бөліміндегі дыбыс орталығына барады.
Дыбыс анализаторының жас ерекшелігі. Жаңа туған сәбидің сыртқы құлақ түтігі тар, оның терісінде түктер көп болады. 1 жасқа дейін құлақ түтігі өсіп, ұзарып, кеңейеді. Дабыл жарғағы жаңа туған нәрестеде ересек адамға қарағанда анағұрлым көлбеу орналасқан (ересек кісіде 45 градус, балада 15 градус). Жарғақтың екі жағындағы эпидермисі қалың болғандықтан қозғалысы нашар. Сәбидің ортаңғы құлағы сұйыққа толы болады да, біртіңдеп барып ауаға толады. 1 жастағы балада Евстахи түтігі қысқа, кең, түзу болады. Ішкі құлақ 1 жылдың ішінде ересек адамның құлағы мен теңеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет