1. Қоғам дамуының шешуші секторларында акт-дың рөлі


Қоғам дамуының шешуші секторларында АКТ-дың рөлі



бет2/3
Дата15.02.2024
өлшемі20.41 Kb.
#491780
1   2   3
1. Қоғам дамуының шешуші секторларында акт-дың рөлі-dereksiz.org

Қоғам дамуының шешуші секторларында АКТ-дың рөлі
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жүргізілетін оқытудың жаңа формаларының ауқымы кеңейіп келеді.
Электрондық оқу басылымы барлық оқытылатын ақпарат көлемін сақтау және беру мүмкіндігін беретін маңызды технология болып табылады. Оларды желі арқылы және оптикалық тасушылар арқылы таратуға болады. Электрондық оқу басылымы ақпараттарды графиктік динамикалық түрде ұсыну мүмкіндігін береді.
Ақпараттық технологиялардың кеңінен қолданылуы интерактивті жүйе құруға алып келеді. Интерактивті жүйе дербес компьютерді пайдалану, сондай-ақ бейне дискілі құрал және теледидар кешендері негізінде құралады. Демек интерактивтілік дегеніміз - студент пен құралдар арасындағы екі жақты сұхбатты жүргізу. АКТ-лар арқылы кері байланысты ұйымдастыру студенттің әрекетіне бақылау мен түзету енгізумен, әрі қарай жұмыс жасауға нұсқау берумен, ақпаратты түсіндіретін анықтама алуға мүмкіндіктер береді.
Интерактивтік – бұл дидактикалық құралдардың әрбір субьектінің өз нәтижесі үшін маңызды жауапкершілікке болуын қамтамасыз ететін және қарым-қатынас кезінде субьектілер арасындағы әрекет, өзара түзетулер қатынастар орнатуды көздейтін іс-әрекетті ұйымдастыра білу қабілеті. Интерактивтік және бейімділік интерактив тақта (компьютердің қосымша құрылғылардың бірі және дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды, ақпараттық кескін мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал) арқылы да жүзеге асырылады. Одан басқа бағдарламалық құралдар - электрондық оқулықтар, электрондық дидактикалық материалдар, электрондық анықтамалар, электрондық энциклопедиялар, жаттықтырушы және дамытушы компьютерлік бағдарламалар да қолданылады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу процесiне қолдану оның келесi мүмкiндiктерін бередi:
 студенттердің дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесiне АКТ мүмкiндiктерiн қолдану;
 оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық iс-әрекеттiк компьютерлiк оқыту және т.б.);
 проблемалық, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдiстерiн қолдану арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;
АКТ құралдары - жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуалды орта және мультимедиа-технологияды қолдану арқылы оқу процесiнiң материалдық-техникалық базасын жетiлдiру.
ЖОО-да ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолданудың мынадай жүйелері кездеседі:
 ақпараттық мәдениет элементтерiн қалыптастыруда бiлiм мекемелерiнiң мамандарының қажеттiлiгiн қанағаттандыру;
информатика, математика, ақпараттық және желiлiк технологиялар саласы бойынша оқыту;
 бiлiм беру жүйесiнде АКТ-ды өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге үйрету;
 бiртұтас бiлiмдiк желiсiнiң ақпараттық ресурстарын қалыптастыру;
АКТ-мен жұмыс істеу компьютерді кеңінен пайдалануға, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны, интернет-сервистерді жан-жақты қолдануға, компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдануға негізделеді. АКТ-ны оқу үрдісіне енгізудің оқытушы үшін тиімділігі өте жоғары:
 компьютерлік желілерді пайдалана отырып сабақты қызықты өткізуге мүмкіндік туады;
 студенттер мен оқушылар өз бетімен жұмыс жасайды;
 білім-білік дағдылары тест тапсырмалары арқылы тексеріледі;
шығармашылық жұмыстар жасалады;
 қашықтықтан білім беру мүмкіндігі туады;
 қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі болады;
 интернетте жұмыс жасау арқылы жан-жақты ақпарат алу;
 студенттер мен оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу, өз бетінше жұмыс жасауға үйрету және т.б.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану білім алушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптысуына жол ашуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет