1. Қоғам дамуының шешуші секторларында акт-дың рөлі



бет3/3
Дата15.02.2024
өлшемі20.41 Kb.
#491780
1   2   3
1. Қоғам дамуының шешуші секторларында акт-дың рөлі-dereksiz.org

АКТ мен тұрақты даму
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламарының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану туралы міндет қойылған. XXI ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет-сервисті, мультимедиялық жабдықтарды, электронды оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім алушылардың білімділігін күшейту мен білім сапасын көтеру. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. Қоғамда ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияларды меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. 
АКТ құралдары дегеніміз – микропроцессорлық және АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау және өңдеу, оларды жан-жақты таратуды, компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық-ақпараттық және техникалық құралдар жиыны.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану білім мазмұнының заман талабына сай болуымен, білім алушылардың білімді өздігімен меңгеруі және өзін-өзі бағалай алуы, өз күшіне сенімділіктің болуымен бағаланады. Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз – оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техникалық құралдары, оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады. Яғни, ақпараттық технология - білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формаларын беруші құрал.


Бақылау сұрақтары
1. АҚТ нені оқытады?


2. Қоғам дамуындағы АҚТ-ның қызметі?


Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Джумагалиева А.М., Нургазинова А.Ж., Смаилова Л.Қ, Күлмүратова А.Ш., Информатика: ақпараттық жүйелер, Оқулық / Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – 247б.
2. Мадешова А.Б., Габдуллаев Д.Г. Компьютер архитектурасы: оқулық/ Қазақстан Білім және ғылым министрлігі. –Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.-303б.

3. Мырзабекова Г.Е., Күлмұратова А.Ш., Смаилова Л.К., Тәжібай Л.К., Интернет технологиясы. Оқулық / Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – 191б.


http://dereksiz.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет