1. Оқытушы туралы мәліметтер: Абельдинов Рустем Бейсембаевич «Зоотехнология, генетика және селекция»



Дата15.07.2016
өлшемі110.09 Kb.
1. Оқытушы туралы мәліметтер:

Абельдинов Рустем Бейсембаевич «Зоотехнология, генетика және селекция » кафедрасының аға оқытушысы.

Қабылдау уақыты: Сәрсенбі – 10. 00 – 17.00 А1-117 аудитория

2. Пән бойынша мәліметтер: Генетика және өсімдіктер селекциясы курсының ұзақтығы 15 апта, барлығы - 3 кредит бөлінген, 135 сағат, оның 12 –сі аудиториялық, 123 – өздік жұмыстарға арналған. Курс емтиханмен аяқталады.

3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша қарым-қатынас сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау нысаны

барлы-ғы

Дәріс

практи-ка

Зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СӨЖ

7

3

45

15

30

-

-

-

135

90

емтихан

Бар-лығы

3

45

15

30

-

-

-

135

90

емтихан

4. Пәннің мақсаты мен міндеттері

Генетика ғылымы биологиялық ғылымдардың ішінде тірі ағзалардың өзгергіштік және тұқымқуалаушылық қасиеттерін зерттейді. Тұқым қуалаушылық дегеніміз тірі ағзалардың қасиеттерін белгілерін, өздеріне ғана тән биосинтезді зат алмасуды ұрпақтан ұрпаққа беріп отыруы. Ал өзгергіштік дегеніміз ұрпақтың ата тегінің айнымайтын көшңрмесң болмауы, ол ұрпақ арасындағы ұрпақ пен ата тек арасындағы тұқым қуу арқылы немесе қоршаған орта әсерінен пайда болатын өзгерістер. Тұқым қуалаушылықтың және өзгергіштіктің универсалды заңдары кез келген ағзалар үшін әділ және генетика ғылымы біріктіруші ғылым ретінде барлық биологиялық ғылымдар жүйесінде қолданылады.



5. Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар

Курсты оқу нәтижесінде студенттер табиғатта өтетін процесстерге генетикалық ғылыми тұрғыда түсінікиеме бере алуы қажет. Тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын, хромосомалық теория негіздерінг, жыныс, популяция генетикасын, ген, геном, генофонд, белгі, тұқым қуалау, өзгергәштік, мутация ұғымдарын түсініп, мутация түрлерін және генетика заңдылықтарын тәжірибеде қолдануды білуі керек.



6. Пререквизиттер:

  • Цитология;

  • Биохимия;

  • Биометрия;

  • Экология;

7. Постревизиттер:

Курсты соңында студенттер табиғатта өтетін процесстерге генетикалық ғылыми тұрғыда түсінікиеме бере алуы қажет. Тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын, хромосомалық теория негіздерінг, жыныс, популяция генетикасын, ген, геном, генофонд, белгі, тұқым қуалау, өзгергәштік, мутация ұғымдарын түсініп, мутация түрлерін және генетика заңдылықтарын тәжірибеде қолдануды білуі керек.



8. Тақырыптық жоспар



р/р


Пән тақырыбының атаулары

Сағат саны

Дәріс сабақ.

Тәжір. сабақ

СӨЖ

1.

Кіріспе

1

-

-

2.

Тұқым қуалаушылықтың цитологиялық негіздері

1

2

-

3.

Макромолекулалар: құрылымы, формасы, ақпараттық қызметтері

1

2

6

4.

Тұқым қуалаушылыөтың молекулалық негіздері

1

2

7

5.

Гибридоллогиялық талдау. Моногибридтік будандастыру заңдылықтары

1

2

7

6.

Ди- және полигибридтік будандастыру

1

2

7

7.

Гендердің әрекеттесуі

1

2

7

8.

Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық ілімі

1

2

7

9.

Иммунитеттің клеткалық негіздері

1

2

7

10.

Жыныстық көбеюдің цитологиялық негіздері

1

3

7

11.

Генетикалық анализ

1

2

7

12.

Өзгергіштік және оны зерттеу

1

2

7

13.

Мутациялық өзгергіштік

1

2

7

14.

Популяциялық генетика

1

2

7

15.

Селекцияның генетикалық негіздері

1

2

7

Барлығы:

15

30

90

9 Пәннің қысқаша сипаттамасы

Генетика ғылымы биологиялық ғылымдардың ішінде тірі ағзалардың өзгергіштік және тұқымқуалаушылық қасиеттерін зерттейді. Тұқым қуалаушылық дегеніміз тірі ағзалардың қасиеттерін белгілерін, өздеріне ғана тән биосинтезді зат алмасуды ұрпақтан ұрпаққа беріп отыруы. Ал өзгергіштік дегеніміз ұрпақтың ата тегінің айнымайтын көшңрмесң болмауы, ол ұрпақ арасындағы ұрпақ пен ата тек арасындағы тұқым қуу арқылы немесе қоршаған орта әсерінен пайда болатын өзгерістер.



10 Курс компоненттері

Пәннің теориялық мазмұны

1. Тұқым қуалаушылықтың цитологиялық негіздері. Генетика ғылымының зерттеу бағыттары, тарихы және даму кезеңдері. Генетиканың тәжірибелік маңызы. Жасушаның бөліну жолдары. Хромосоманың құрылымы, морфологиясы және құрамы. Кариотип.
2. Гибридоллогиялық талдау. Моногибридтік будандастыру заңдылықтары. Гибридологиялық талдау әдісінің негізгі қажеттілігі және символикасы. Г. Мендельдің бірінші және екәншә заңдары. Доминанттылық, рециссивтілік ұғымдары.
3. Ди- және полигибридтік будандастыру. Г. Мендельдің үшінші заңы. Ди- және полигибридтік будандастыру кезіндегі байқалатын ажырау заңдылықтары.
4. Гендердің әрекеттесуі. Эпистаз, комплементарлылық, полимерия. Аллельді емес гендердің әрекеттесуіндегі тұқым қуалау заңдылықтары.

5. Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық ілімі. Белгілердің тіркесіп тұқым қуалауы. Толық және толық емес тіркесу. Жыныспен тіркес қуаланатын белгілер.
6. Селекцияның генетикалық негіздері. Сұрыптау түрлері. Будандар. Полиплоидты өсімдіктердің селекциялық маңызы. Генетика селекцияның негізі ретінде. Сорт, тұқым, линия.

Тәжірибелік сабақтардың мазмұны

1. Гендер экспрессиясы.

  1. Ген, рецессивті аллель, доминантты аллель ұғымдары.

  2. Белгілердің айқындалуына аллельдің әсері.

  3. Аллельдердің көптілігі.


2. Гибридоллогиялық талдау. Моногибридтік будандастыру заңдылықтары.

  1. Г. Мендельдің тәжірибесі. бірінші ұрпақ будандарының біркелкілік заңы.

  2. Г. Мендельдің ажырау заңы.

  3. Гибридологиялық талдау әдісінің негізгі қажеттілігі және символикасы


3. Ди- және полигибридтік будандастыру.

  1. Г. Мендельдің үшінші заңы.

  2. Пенетт торын толтыру.

  3. Толық және толық емес доминанттылау.

  4. Летальді гендер.

  5. Г. Мендельдің заңдарының бар тіршілікке ортақтылығы.


4. Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық ілімі.

  1. Т. Морган еңбектері.

  2. Кариотип ұғымы.

  3. Хромосомалардың құрылысы, құрамы, түрлері.

  4. Гендердің хромасомада орналасуы, локустарды есептеу.

  5. Цитогенетикалық талдау әдістері.

  6. Жыныс белгі ретінде.


5. Селекцияның генетикалық негіздері.

  1. Сұрыптау түрлері.

  2. Полиплоидты өсімдіктердің селекциялық маңызы.

  3. Генетика селекцияның негізі ретінде.

  4. Сорт, тұқым, линия.

СӨЖ мазмұны



СӨЖ-дің түрі

Есептік формасы

Бақылау түрі

Сағат саны

1

Дәріс сабаққа дайындау

Оқу жетістіктерін тіркеу журналы

Сабақтарға қатысу

20

2

Тәжірибелік сабаққа дайындалу

Жұмыс дәптері

Тәжірибелік жұмыстарды істеу және қорғау

20

3

Аудиториялық сабақтың мазмұнына кірмейтін тақырыптарды оқу

реферат

Ауызша сұрау

30

4

Бақылау шараларға дайындалу

Оқу жетістіктерін тіркеу журналы

РК 1, РК 2

20

Барлығы

90


11 Курс саясаты

Дәріс және тәжірибелік сабақтарына міндетті түрде қатысу қажет. Сабақтың басында қатысқандарын белгіленеді, кешіккен үшін 0,5 ұпайдан айырыласыңдар.

Сабаққа қатысқандарға қойылатын талаптар:


  1. Сабаққа активті қатысу.

  2. Аудиторияға сыртқы киіммен кірмеу.

  3. Дәріс барысында басқа жұмыспен айналыспау, ұялы телефондарды өшіріп тастау.

  4. Белгісіз себептермен қатыспаған үшін – 0 ұпай. Егер науқас болсаңыз немесе басқа да себепкер жағдайларда, керекті құжатыңыз болса жоспарланған ұпайларыңыз сақталады.

  5. Тапсырмалар бақылау шараларының күнтізбелік кестесі бойынша орындалады. Тапсырмаларды кешігіп орындағанда, жинаған ұпайларыңыз кемітіледі.

  6. Емтиханға тек қана барлық тақырыптардан берілген тапсырмаларды орындап тапсырған студенттер жіберіледі.

Соңғы қорытынды баға төмендегідей негіздер бойынша қойылады:

  1. Дәріс, лабораториялық, өздік жұмыстарға белсенді қатысып, жауап беру.

  2. Білімді межелік бақылау бойынша тексеру.

Білімді бағалау баллдық-рейтингті жүйемен жүргізіледі, күнтізбелік шаралар бойынша студент өз бағасын өзі шығарып алады. Өзіне керекті балл жинау үшін лабораториялық сабақтарға қатысу және әрбір лабораториялық жұмысты тапсыру қажет. Семестрлік есеп жұмысын мезгілінде тапсыруға тиіс.

Студент міндетті түрде 2 межелік бақылаудан өту керек. Егер осы айтылған жағдайлар жасалмаса студент семестрдің соңында, емтиханға босатылмайды.



Өтпелі бақылау мен қорытынды бақылау түрлерінің өлшем бірліктері.



Қорытынды бақылау түрлері

Бақылау түрі

Өлшем бірлік







Емтихан

0,4

Курстық жұмыс

0,3

Өтпелі үлгерім бақылауы

0,3


12 Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиет

  1. Айала Ф., Картер Дж. - Современная генетика в 3 томах. М.: 1987.

  2. Лобашев М.Е., Ватти К.В., Тихомиров – Генетика және селекция негіздері. Алматы, Мектеп, 1985.

  3. Стамбеков С.Ж. – Жалпы генетика Алматы, Ана тілі 1993.

  4. Дубинин Н.П. – Общая генетика – 2 – ое издание М.: Наука 1995.

Қосымша әдебиет

5. Бороевич С. – Принципы и методы селекции растений. М.: 1984.

6. Дубинин Н.П. - Некоторые проблемы современной генетики. - М.: Наука 1994.

7. Корочкин Л.И. - Взаимодействие генов в развитии М.: Наука 1977.



8. Организация генома. Сборник научных трудов/ Под. ред. Ю.Ф. Богданова М.: Наука 1989.

9. Мухамбетжанов К. Аманжолова Л. – Генетика және селекция негіздері. Алматы, Санат 1996.
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Әдістемелік нұсқау Нысан пму ұс н 18. 2/05
umk -> Жұмыс бағдарламасы 050703 «Ақпараттық жүйелер»
umk -> Нұсқаулар ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk -> Жұмыс бағдарламасы 20 ж. " " № Хаттама бекітілген жұмыс оқу жоспарларының және мамандықтың элективті пәндер каталогының негізінде әзірленді
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет