1. ОҚытушы туралы мәліметтер


Семинар-10.Ерік еркіндігі мәселесін зерделеу және түсіндіру



бет51/59
Дата14.03.2024
өлшемі6.76 Mb.
#495467
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   59
umkd filo2024

Семинар-10.Ерік еркіндігі мәселесін зерделеу және түсіндіру
Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Құқықтың дүниетанымдық мәселелерін талдау. Саяси еркіндік ұғымының мәнін ашу. Еркіндік – қазіргі демократиялық мемлекеттердің негізгі идеалдарының мәнін ашып көрсету және маңыздылығын талдау.
Сабақтың мазмұны:
Студент семинар сабағына сабақтың мазмұнында көрсетілген сұрақтар бойынша ауызша немесе жазбаша дайындалып келеді. Осы тақырыпты толық түсінгенін көрсету үшін дәрістерден кейін қойылған бақылау сұрақтарына дайындалады. Семинар сабақ барысында, студенттердің дайындығының негізінде әр сұрақ бойынша талқылауларын тыңдау, сұрақ-жауап, рөлдік ойын және пікірталас ретінде жүргізіледі. Студенттер өз ойын еркін білдіру және пікірталас, сұрақ-жауап кезінде белсенділік таныту талап етіледі.
Семинар сұрақтарын негізге ала отырып,ұсынылған әдебиеттер мен интернет көздерін, электронды ресурстарды пайдалана отырып презентация дайындау. Презентация дайындау барысында студент өзі дайындаған тапсырма аясында сұрақ дайындап,аудиториямен кері байланыс оранту қажет.
Презентация дайындауға арналған сұрақтар:
1.Тұлғаның, оның еркіндігінің, өмірді, табиғатты және мәдениетті сақтау жауапкершілігінің қалыптасу шарттары.
2.Сөз және көзқарас еркіндігі.
3.Еркіндік пен шығармашылық – адамның мәдениетте шын мәнінде өмір сүруінің тәсілі.
4.Абайдың «толық адам» концепциясы.
5.Алаш қайраткерлерінің философиясындағы еркіндік және тәуелсіздік идеялары.
Бақылау сұрақтары:
1.Жеке еркіндік және табиғи құқық ұғымдарының мәнін ашыңыз.
2.Ұлттық еркіндік дегеніміз не?
Әдебиеттер:
1. Нұрышева Г.Ж. Философия. – Алматы: Інжу-маржан, 2013.
2.Садықова Т.М."Философия" пәнінен барлық мамандықтарға арналған электронды оқу құралы, 2016ж.http://portal.kazatu.kz/e-books/content/YKtMyuy27jL3R68tx85p
3.А.К.Абдина, Х.С.Абдильдина, Т.М.Садыкова «Философия» оқулық, 2016ж.http://portal.kazatu.kz/e-books/content/4Sh8Dj10s78fJ5B3byVz /
4. Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін / Ғылыми ред. Нурышева Г.Ж. – Астана, 2018. – 216 б.
5. Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы. /Ғылыми ред. Раев Д.С. – Астана, 2018. –360 б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет