1. ОҚытушы туралы мәліметтер


Философияның негізгі бөлімдерінің қысқаша сипаттамасы



бет24/59
Дата14.03.2024
өлшемі6.76 Mb.
#495467
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   59
umkd filo2024

Философияның негізгі бөлімдерінің қысқаша сипаттамасы.Онтология - болмыс туралы философиялық ілім. Материалдық және идеалдық болмыс. Болмыстың негізгі түрлері: «бірінші» және «екінші» табиғат болмысы; адам болмысы, рухани (идеалдық) болмыс, әлеуметтік болмыс.
«Материя» ұғымы. Материя туралы философиядағы және ғылымдағы түсініктердің эволюциясы. Қозғалыс - материяның өмір сүру формасы. Қозғалыстың негізгі түрлері. Кеңістік пен уақыт - материяның атрибуттары. Өлі және тipi табиғаттағы кеңістіктік-уақыттық қатынастар. Әлеуметтік-тарихи кеңістік пен уақыттың ерекшелігі.
Таным теориясы немесе гносеология философияда оның ең алғашқы даму кезеңінде ақ пайда болған. Гносеология грек тілінен аударғанда, таным туралы білім деген мағына береді. Гносеология-адамның табиғатын, нақты білімге қатынасын, оның мәдениет пен коммуникация жүйесіндегі өмір сүру шартын, ақиқат білімге жетудің заңдылықтары мен тәсілдерін оқытады. Гносеология адамның дүниені танып білу қабілетін, танымның негізгі заңдылықтарын, әдістерін, жолдарын зерттейтін философиялық ілім.Кейіннен
«эпистемология» термині пайда болды, ол да өте кең таралды. Бұл термин ғылыми таным теориясын білдіреді.
Кең мағынасында алып қарастырғанда антропология – бұл адамның табиғаты мен іс-әрекеті туралы ғылыми білімдердің жиынтығы. Әлеуметтік антропологияның басқа ғылымдар жүйесінде алатын орнын айтқан кезде оның философиямен, тарихпен, әлеуметтанумен, мәдениеттанумен, әлеуметтік психологиямен байланысы туралы айтуға болады. Қазіргі антропологияның интеллектуалдық алғы шарты ретінде XVIII-XIX ғасырдағы философиялық антропологияны атап көрсетуге болады. Философиялық антропология адамныңмәніарқылытабиғат,қоғам,танымтуралытүсініктержүйесінжасауға болады (Л. Фейербах, М. Шелер, Ф. Ницше, Н. Чернышевский және басқалары) - деп есептейді.
Адам мәселесі философиядағы ең негізгі мәселе. Гректер «адам өзін тану арқылы ғана философияшылдыққа салына алады», – деп айтқан. Адам болмысының шешімін тек адамның өзінен ғана табуға болады. Философиялық білім жүйесінде тек қана адамға қатысты сұрақтарды табу қиынға соғады. Философияның қай бөлімін алсақ та, онтологияны немесе гносеологияны, әлеуметтік философияны немесе этиканы, аксиологияны немесе праксиологияны – біз оны адам болмысы тұрғысынан қарастырамыз. Адамды танудың әдіснамалық негізі философиялық антропология болып табылады. Кең мағынасында қарастырғанда, философиялық антропология – бұл адамның табиғаты мен мәні, оның әлемдегі орны мен рөлі туралы ғылым. Осы кең мағынасында философия тарихы адам туралы бірін-бірі толықтырып тұратын және альтернативті – материалистік және идеалистік,атеистік және діни, рационалдық және иррационалдық концепциялар мен ілімдерді білдіреді. Тар мағынасында, философиялық антропология өзінің қалыптасуы үшін неміс ойшылдары М. Шиллер, Х. Плеснер және басқа да ойшылдарға мүдделі қазіргі философияның негізгі бағыттарының бірі. Бұл бағыттың қалыптасуының алғы шарттарын және негіздерін еретеректегі идеялардан: В. Дильтейдің өмір философиясынан, Э. Гуссерлдің «өмірлік әлем» философиясынан көруге болады.
Философия адамды танымның, іс-әрекеттің, шығармашылықтың субьектісі ретінде алатын орнына қатысты зерттейді. Адам болмысы мен табиғатын кеңірек қарастыра отырып, мәңгілік болып есептелетін сұрақтарға жауап береді. Адамның мәнін және оның өмір сүруінің мағынасын, биологиялық және әлеуметтік дамуының жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді. Адам туралы философиялық білім негізінен алғанда оны тұтасымен зерттеуге емес, «адам-әлем» жүйесіндегі жалпылық және мәндік байланыстарды ашып көрсетуге тырысады. Бұл байланыстар құндылықтынормативтік сипатқа ие, өйткені олар қоғамда немесе белгілі бір философиялық жүйеде үстемдік етуші дүниетанымдардың негізінде адам танымының шектерін бекітеді.
Ғылыми пәндердің ішінде адамның әлеуметтік табиғатын зерттеуге ерекше үлес қосатын пәндер: әлеуметтік (мәдени) антропология; психология; әлеуметтік психология; әлеуметтану. Антропологиялық тәсіл адамның табиғатын, мәдениет арқылы социумның дамуын және адамның өмір сүру тәсілінің универсалдық және жекелік түрлерін зерттейді.
Философиялық антропология, оның негізін салушылардың көзқарастары бойынша, адам болмысының түрлі сфераларын арнайы ғылыми зерттеуді оның тұтас философиялық қамтылуымен біріктіреді. Мұнда адам биологиялық қана емес, негізінен алғанда өзін-өзі жетілдіруге көңіл бөлетін рухани жан ретіндеқарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет