2.2 Кәсіпорынның шаруашылық-экономикалық қызметін талдау
Мен өзімнің тақырыбымды талқылауда «High tech logistic» атты компаниялар тобын және құрамына кіретін «ДАМУ» индустриалды-логистикалық орталығын қарастырғым келеді.
«High tech logistic» компаниясын қарастырайық. Компанияның қызмет көрсету деңгейі сапасының жоғарылылығы оны Қазақстан Республикасының логистика сферасында лидер екенін көрсетеді. Тауарларды сақтау, транспорттау, өңдеу және кедендік тіркеудің барлық мәселелерінің шешілуіне толық әсер етеді.
Компанияның үлкен, кең көлемді ғылым базасы мен бай тәжірибесі бар және де ол логистика сферасындағы ең жаңа, ең күшті жетістіктерін пайдалануда.
«High tech logistic» - бұл Ресей мен Қазақстанның ең білімді де, бәсекеге қабілетті мамандарын құрамына кіргізген берік команда. Компанияның көрсететін қызметі барлық бизнес түрлерін дамытуға әсерін тигізеді. Компания тұтынушыларының тауарларын сақтау жүйелері, оларды тасымалдау және көптеген кеден операцияларын іске асырады. Тауарлардың запаста тұрып қалу тәуекелділігін азайту жолымен тұтынушы компаниялардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға көмектеседі. «Hightech logistic» қызметін қолданып отырған тұтынушы компаниялар келесілер: Gallaher, Stada, Oriflame, Raimbek bottlers, Schwarzkoph &Henkel, Procter &Gamble, Colgate-Palmolive, Tetra Pak, Tupper Ware, Adidas, Nokian Tyres, Food Master, RG Brands, Samsung және т.б.
Компания ҚР-ң кеден заңдылықтарын қатал нормаларына сай жұмыс атқарады және технологиялық құрылымның жоғарғы деңгейі тұтынушыларды көрсетілетін сапалы қызметтің кең спектрімен қамтамасыз етеді:
- толық кедендік құжаттау;
- қоймалық терминалдар территориясында кеден бекеті жұмыс істейді;
- тауарлық сертификаттарды қабылдау;
- рұқсат берілген құжаттарды қабылдау (ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау);
- тауар партияларына кедендік құжаттау жүргізуге арналған персоналды менеджерлер қызметі;
- дәрілік препараттарды СВХ және кедендік қоймаларда сақтау;
- кеден заңдылықтары, кедендік құжаттаудың практикалық сұрақтары мен сыртқыэкономикалық жұмыстар жайлы сұхбаттар жүргізу.
Кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштері
КӨРСЕТКІШТЕР
|
Өлшем бірлігі
|
2006 ж.
|
2007 ж.
|
|
Ауытқу
|
(+;-)
|
|
%
|
Өнімді өткізуден түскен табыс
|
мың тг.
|
147851,2
|
196358,3
|
48507,1
|
132,8
|
Өткізілген өнімнің өзіндік құны
|
мың тг.
|
108569,2
|
135363,4
|
26794,2
|
124,7
|
Жалпы табыс
|
мың тг.
|
39282
|
60994,9
|
21712,9
|
155,3
|
Кезең шығындары
|
мың тг.
|
36942,4
|
58687,5
|
21745,1
|
158,9
|
Негізгі қызметтен түскен табыс
|
мың тг.
|
2339,6
|
2307,4
|
-32,2
|
98,6
|
Негізгі емес қызметтен түскен табыс
|
мың тг.
|
14455,6
|
12654,6
|
-1801
|
87,5
|
Салық салғанға дейінгі жиынтық табыс
|
мың тг.
|
16795,2
|
14962
|
-1833,2
|
89,1
|
Таза табыс
|
мың тг.
|
11756,6
|
10473,4
|
-1283,2
|
89,1
|
Өткізілген өнімнің 1 тг кеткен шығындар
|
тг.
|
0,98
|
0,99
|
0,01
|
101,2
|
Өнім рентабельділігі
|
%
|
2,15
|
1,7
|
-0,4
|
-
|
Сату рентабельділігі
|
%
|
7,95
|
5,33
|
-2,6
|
-
|
Өндіріс рентабельділігі
|
%
|
0,14
|
0,19
|
0,05
|
-
|
Жұмыскерлер саны
|
адам
|
347
|
386
|
39
|
111,2
|
с.і.: жұмысшылар
|
адам
|
275
|
362
|
87
|
131,6
|
Бір жұмысшының еңбек өнімділігі
|
Мың тг.
|
537,6
|
542,4
|
4,8
|
100,9
|
Жұмыскерлердің еңбек ақы қоры
|
Мың тг.
|
51289,4
|
69631,7
|
18342,3
|
135,8
|
с.і.: жұмысшылардың еңбек ақы қоры
|
Мың тг.
|
47786,3
|
61302,0
|
13515,7
|
128,3
|
Бір жұмыскердің орта айлық еңбек ақысы
|
тг.
|
12317,3
|
15032,8
|
2715,5
|
122
|
Бір жұмысшының орта айлық еңбек ақысы
|
тг.
|
14480,7
|
14111,9
|
-368,8
|
97,4
|
Негізгі құралдардың орта жылдық құны
|
Мың тг.
|
148796,1
|
166257,1
|
17461
|
111,7
|
Амортизация мөлшері
|
%
|
15,1
|
17,7
|
2,6
|
-
|
Айналым құралдарының орта жылдық құны
|
Мың тг.
|
(86,4%)
128559,8
|
(88,9%)
147802,6
|
19242,8
|
115
|
Бір айналым ұзақтылығы
|
күн
|
313
|
271
|
-42
|
0,87
|
Айналымдылық коэффициенті
|
|
1,15
|
1,33
|
0,18
|
115,6
|
Қор қайтарымдылығы
|
Тг.
|
0,99
|
1,2
|
0,21
|
121,2
|
Қор сиымдылығы
|
Тг.
|
1,1
|
0,85
|
-0,4
|
0,77
|
Қормен қарулану
|
Мың тг.
|
541,1
|
459,3
|
-81,8
|
84,9
|
Амортизация сомасы
|
Мың тг.
|
22468,2
|
29427,5
|
6959,3
|
131
|
Кестенің мәліметтеріне сәйкес кәсіпорынның өткізілген өнімнен түскен табысы 2007 жылы 196358,3 мың тенгені құрады, яғни 2006 жылмен салыстырғанда 132,8 пайызға өскені байқалады. Ол кәсіпорынның маркетингтік саласының артуы мен жұмыс өндірісінің дамуынан болған. Кәсіпорынның жалпы табысы 2007 жылы 60994,9 мың теңгені құрады, яғни 2006 жылмен салыстырғанда 155,3 пайызға өскені байқалады. Ол да жұмыс өндірісінің дамуынан болған. Кәсіпорындағы жұмыскерлер саны 2007 жылы 386 адам болды, яғни 2006 жылмен салыстырғанда 39 адамға көбейді. Ол кәсіпорынның қызмет көрсету саласының кеңейгенінен болды. Қор қайтарымдылығы 2007 жылы 1,2 теңгені құрады, яғни 2006 жылмен салыстырғанда 121,2 пайызға өскенін көрсетеді. Ол кәсіпорынның пайдалану деңгейінің өсуінен болды.
2.3 Кәсіпорынның инновациялық үрдісін бағалау
«High tech logistic» компаниясының жаңа проектілері.
«Икар» кедендік-қоймалық терминалы.
Көлемдері мен технологиялары:
- көлемі – 25000 паллето орын;
- жүктерді қораптар мен паллетерде өңдеу;
- жүктерді биіктігі 2 метр болатын паллеттерде сақтау;
- теміржол рампасы;
- 150 жүк машиналарын сыйдыратын автотұрақ;
- қоймаларды басқару жүйесі (Warehouse management system);
- жүк сақтаудың негізгі режимдері бір шатырдың астында: СВХ, кеден және
дәріхана қоймалары.
«Первомайский» кедендік-қоймалық терминалы
Көлемдері мен технологиялары:
- көлемі – 35000 паллето орын;
- 7 ярус;
- жүктерді қораптар мен паллетерде өңдеу;
- жүктерді биіктігі 2 метр болатын паллетерде сақтау;
- 13 вагонды бірден қабылдау мүмкіндігі бар теміржол рампасы;
- офистер ауданы 500 шаршы метр;
- қоймаларды басқару жүйесі (WMS);
- бейнебақылау жүйесі;
- климатты бақылау жүйесі;
- тәулігіне 2500 паллетті өңдеу;
- паллеттелген жүктің бір тракын түсіру және жүктеу уақыты – 30 минут.
Ал, енді «Даму» индустриалды-логистикалық орталығын қарастырайық.
«Даму» индустриалды-логистикалық орталығының байланыстары.
«3А» стратегиясы – бұл Қазақстанның үш ең ірі транспорттық түйіндерін (Астана – Алматы – Ақтөбе) бірлескен жүйеге келтіру концепциясы. Әрбір транспорттық түйін өзіне арналған территорияны қызметпен қамтамасыз етеді: Ақтөбе – батысты, Алматы – оңтүстік-шығысты, Астана – солтүстікті. Мемлекеттегі сапа мен тауар айналым динамикасын жақсарту мақсатында осы транспорттық түйіндерде қуатты жаңашыл индустриалды-логистикалық комплекстер құрылды, осы арқылы «High tech logistic» компаниясы бірлескен логистикалық байланысты дамытуды жоспарлауда. Біздің мемлекетіміздің территориясын басып алатын жоғарғы сапалы логистикалық байланыстың пайда болуы Қазақстанның Еуропа мен Азияны байланыстырушы звено статусын одан әрі қуаттауға мүмкіндік береді.
«Даму-Алматы» инновациялық-логистикалық орталығының қоймалары ауданының 500000 куб метрінің барлығы «А» классты еуропалық талаптарға сай келеді:
- биіктігі – 10 метр;
- өндірістік аудандар территориясы – 120 гектар;
- өрт сөндіру жүйелері;
- автоматты есіктер, гидравликалық аппарельдер;
- әрдайым 18-20 с температуралық режимін сақтап отыратын, автоматты басқару жүйесі бар жылу беруші вентиляциялар;
- шлифтелген шаң отырмайтын едендер;
- қойманы басқару жүйесі.
Орталық келесідей инфрақұрылым объектілерінен құралған:
- газ құбыры (4000 куб м/сағ);
- канализация;
- шашыранды оптикалық телекоммуникациялық байланыстар ( сандық телефондық байланыс, сапалы, лимитсіз берілген интернет канал );
- жеке локомотив депосы (3 локомотив), вагонжуғыш құралдар;
- кіріс пен шығысқа арналған 3 теміржол линиясы;
- маневр паркі;
- теміржол рампалары;
- контейнерлік алаң;
- СВХ қызметі;
- кеңсе мекемелері;
- тазалау құралдары;
- автономдық резервтік электрстанциясы;
- насостық станция;
- өрт сөндіру резервуарлары;
- орталықтың периметрі мен қойма ішіндегі бейнетаспалар;
- жеңіл автомобильдер (500 орын) мен ауыр автомобильдерге арналған (500 орын) автотұрақ;
«High tech logistic» компаниясының қоймалары жаңашыл технологияларды, қойма есебінің автоматизирленген жүйесін қолдануда. Бұл жүк өңдеудің жоғарғы динамикасын қалыптастырып, тауарлардың қоймаға қабылданған мерзімі мен өндіріс мерзімін қадағалауға мүмкіндік бер отырып, жүк сақтау процесін қадағалаудың оңай жолдарын ұсынады. Бұл дегеніміз іске асып отырған аудандарды қолданудың әсерлі жолдары, жеке қоймаларды қолдануда арендада туатын ұйымдастырушылық сұрақтардың шешілуі, іске асып тұрған аудандарды кеңейту мүмкіндіктері, компанияларға өте маңызды болып келетін жүк сақтау көлемі мен аудандарын арттыру немесе кеңейту мүмкіндіктері, жаңашылданған есеп жүйелерін пайдаланy(WMS).
Осылай «High tech logistic» компаниясының көрсететін қызметтерін пайдалану арқасында тұтынушылар транспорттауда, жүк сақтауда және қоймаландыруда пайда болатын шығындарын азайтуға, жоғарғы сапалы көрсетілетін қызметтерді пайдалануға, өздерінің қоймалық бюджетін экономдауға, өздерінің бизнестерінің қоймалық құрылымын басқаруға мүмкіндік алады.
Қызмет көрсету:
- кедендік қоймаларда жүк сақтау, СВХ және тауарлық қоймаларда жүк сақтау;
- арнайы температуралық жағдайларды қажет ететін тауарларды сақтау;
- жүктеу, тиеу жұмыстары;
- жалдауларға сортировка жасау және комплекттау;
- жалдаушылардың арнайы талаптары бойынша тәулік бойы тауарларды өңдеу жұмыстары;
- қоймадағы тауарлар қимылының есебін беру;
- штрихкодтау;
- қаптау және маркировка;
- инвентаризация;
- WMS-тің ( қоймалық есептеу жүйесі ) тұтынушылар жүйелерімен интеграциясы;
- жарнамалық пакеттер құру.
Жүк сақтау режимдері.
Фармацевтикалық қоймалар:
- дәрілік препараттармен жұмыс істеу үшін арнайы технологиялары бар СВХ және ТС;
- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен батыс стандарттарына сай құрылған дәріханалық қоймалар;
- сертификаттау.
Тоңазытқыш, мұздатқыш камералар:
- тоңазытқыш камерада жүк сақтаудың температуралық режимі +2 +6 с, мұздатқыш камерада -40 c дейін;
- қатал гигиеналық талаптарға сай келетін, суық қоймаларға үйренген техникалар қолданысы;
- тоңазытқыш қойма мемлекеттік стандарттар талап ететін өнімді сақтау режимдерін іске асырады және керек кезінде оперативті түрде салқындату параметрлерін өзгертеді.
Алкоголь өнімдерін сақтау:
- есептік-бақылаушылық маркалары бар тауарларды, соның ішінде алыс және жақын шетел мемлекеттерінен келетін алкоголь өнімдерін Қазақстанға импорттау кезінде көрсетілетін логистикалық қызметтердің толық спектрі;
- есептік-бақылаушылық маркаларымен жұмыс істеу, қабылдау және штрихкодтау;
- алкоголь өнімдерінің лицензирленген қоймаларының жұмысы.
Жүктерді транспорттау қызметі.
Транспорттық логистика – логистиканың ең маңызды бөлімі. Компанияның сенімді, тез және әсерлі транспорттауының арқасында тауарлар, былай айтқанда, тіріліп, қалалар мен мемлекеттерге тарайды. «High tech logistic» транспорттық логистика қызметтерінің төмендегідей түрлерін ұсынады:
- әсерлі транспорттық-логистикалық шешімдерді қабылдау;
- «есікке дейін» принципі арқылы Алматы және Алматы облысы бойынша іске асатын жүкті қабылдаушыға жеткізуге арналған толық қызмет көрсету комплексі;
- авто және теміржол транспорттары көмегімен тауарларды Қазақстанның барлық қалаларына жеткізу;
- жүктердің қай жерде тұрғанын немесе келе жатқаны туралы толық оперативті ақпарат беру;
- жүктің қауіпсіздігін және жеткізілуін қамтамасыз ету;
- жүк тасымалын кедендік бақылау арқылы ұйымдастыру;
- әрбір тұтынушыға қызмет көрсетуші персоналды менеджерлердің болуы;
- консалтингтік қызметтер;
- кең агентті байланыс;
- экспорт және импорт жүктерін «есіктен есікке дейін» жеткізу жүйесі;
- қызмет көрсету сапасын бақылау жүйесі.
Кедендік құжаттау.
3. ӨНЕРКӘСІПТЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ
3.1 Ғылыми әлеуеттi дамыту
Ғылыми әлеуеттi дамыту жөнiндегi шаралар қолданбалы ғылымның өндiрiске, бизнеске барынша жақындауы, ҒЗТКЖ-дың нәтижелерiн өндiрiске енгiзу, оларды коммерциялық пайдалануға лицензияларды сату нысанындағы түпкілiктi нәтижеге толық бағдарлауға бағытталатын болады. Қолданбалы ҒЗТКЖ-ды қаржыландыру үшiн бағдарламалық-мақсатты әдiс технологиялық проблемаларды шешу және энергиямен жабдықтау, қоршаған ортаны қорғау және т.б. саладағы жеке кәсiпорынның бәсекеге қабiлетiн көтеру үшiн үлкен мәнге ие нақты жобаларды қаржыландыру үшiн мемлекет қаржылық көмек көрсету үшiн қолданатын әлемнiң озық елдерiнiң тәжiрибесiн пайдалану қажет. Төменде мазмұндалған қағидаттар мен тетiктер қоғамдық ғылымдарға, iргелiк ғылыми-зерттеулерге қажеттi емес екенiн атап кету қажет. ҰИЖ-дың ғылыми-техникалық әлеуетiн дамыту жөнiндегi барлық iс-шаралар төмендегідей қағидаттарға сүйене құрылатын болады:
1. ҒЗТКЖ-ды гранттық негiзде қаржыландыру;
2. ҒЗТКЖ-ды жеке сектормен тете қаржыландыру;
3. Ғылыми-техникалық сараптаманың тәуелсiздiгi;
4. Қолданбалық ғылыммен айналысатын ҒЗИ-дi жекешелендiрудi қоса алғанда, ұйымдық құрылымды өзгерту.
Инновациялық қызметтi жандандыру үшiн бiрiншi кезекте қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламаларды және қолданбалы ҒЗТКЖ-ды қаржыландырудың схемасын қаржыландыру тәсілi өзгертiлетiн болады. Қолданбалы ҒЗТКЖ-ны қаржыландырудың бағдарламалық-мақсатты әдiсi мынадай қағидаттарға негiзделуi тиiс:
- ғылыми-техникалық бағдарлама мақсатының, мiндетiнiң және мазмұнының нақтылығы;
- зерттеулер нәтижелерiнiң ашықтығы;
- Қолданбалы ҒЗТКЖ-ны және ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңберiндегi жобаларды қаржыландырудан өзге елдiң экономикасы үшiн маңызды мәнi бар қолданбалы iрi жобалар қаржыландырылатын болады.
Олар үшiн қаржыландыру схемасы келесілерді көздейтiн болады:
1. Жобаларды жекелеген, сол сияқты конкурстық негiздегi ғылыми-техникалық бағдарлама. Конкурсты ұтып алған бекiтiлген технологиялық басымдықтар негiзiнде зерттеушiлер грант нысанында қаржыландыру алады. Бұл ретте қаражат бақылаусыз және қайтарусыз негiзде емес, ал үлестерi 50 %-дан аспайтын әзiрлеушi, ұйым және мемлекет арасында зерттеулердiң нәтижелерiне арналған мүлiктiк құқықтарды бөлу шартында бөлiнетiн болады. Қаржыландырудың бұл нысаны зерттеушiлер үшін де және перспективада орындалған ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн коммерциялық пайдаланудан кiрiстiң дербес көздерiн алатын ғылыми ұйымдар үшiн де күштi ынта бередi.
2. Қолданбалы ғылыми зерттеулердi жеке капиталмен тең қаржыландыру. Бұл ғылыми зерттеулердi қаржыландыруға өнеркәсiп салаларының проблемалы мәселелерiн, кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жекелеген проблемаларын шешу үшiн, сондай-ақ бизнес қызығушылық танытқан ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердi құру үшiн мүдделi жеке бизнестің қосылатындығын бiлдiредi. Бизнестiң инновациялық белсендiлігінiң төмендiгiн ескере отырып, қазiргi уақытта экономика секторларының көпшiлiгі, мемлекет бұл секторлардағы зерттеулердi 100 % қаржыландыруды, бiрақ ҒЗТКЖ-дың кейiнгi кезеңдерiндегi қаржыландыруға бизнестi бiртiндеп қоса отырып, мемлекеттiң қатысуын 10-30 %-ға бiртiндеп қысқарта отырып, iрi кәсiпкерлiктiң де, орта және шағын кәсiпкерлiктiң де мүдделi өкiлдерiмен тұрақты сұхбат жағдайы кезiнде өздерiне алуы тиiс.
Елдiң ғылыми әлеуетiн дамыту үшiн сараптама жүргiзу үшiн ұлттық компаниялар, iрi бизнес, ғылыми ұйымдар, даму институттары өкiлдерiнiң отандық сарапшыларынан өзге жоғары бiлiктi шетелдiк сарапшыларды тарту жолымен тәуелсiз ғылыми сараптама институтын жетiлдiру қажет. Тәуелсiз сарапшылардың еңбегін төлеу республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүргізiледi. Қолданбалы ҒЗТКЖ-ны қаржыландырудың жоғарыда көрсетiлген қағидаттары бағдарламалық-мақсатты әдiс ретiнде де, дәл сондай жеке мега-жобалар ретiнде де кәсiпорынның, саланың нақты технологиялық проблемаларын мақсатқа сай шешуге, олардың бәсекеге қабiлеттігін көтеруге, жаңа, нақты қажеттiлік тудырған өнiмді немесе қызметтердi құруға мүмкiндiк бередi. Елдiң ғылыми әлеуетiн инновациялық процеске белсендi тарту үшiн олардың қызметiнiң ғылыми және инновациялық кәсiбiн сақтау үшiн инвестициялар тарту мақсатында ғылыми-техникалық саланың жекелеген объектiлерiн қайта жаңғырту және жекешелендiрудi жалғастыру қажет.
Мемсектордың құрамына мемлекеттiк басқаруға және бюджеттiк салаға (денсаулық сақтау, білiм беру, экология, қорғаныс және т.б.) тiкелей қызмет көрсететiн институттар ғана енетiн болады. Шетелдiк консультанттардың көмегiмен дамыған елдердiң тәжiрибесiн пайдалана отырып, оларды озық ғылыми-техникалық ұйымдарға айналдыру мақсатында жұмыс iстейтiн зерттеу орталықтарынан, ғылыми-зерттеу институттарынан, жекелеген ғылыми зертханалардан бастапқы топ әзiрленетiн болады. Мұндай озық ғылыми орталықтар Қазақстанның университеттерi мен зерттеу институттары, iскер топтары өкiлдерiнiң, сондай-ақ көрнекті халықаралық ғалымдардың қатысуы кезiнде екi басты өлшем бойынша iрiктелетiн болады:
- әлемдiк деңгейде ғылыми зерттеулер жүргiзу бойынша әлеуеттiң болуы;
- мұндай зерттеулердiң Қазақстанның ағымдағы және келешектегi экономикалық дамуы үшiн маңыздылығы.
Әлемнiң барлық индустриялық дамыған елдерiнде көптеген өнеркәсiп компанияларының бұл елдерде жүзеге асырылатын қолданбалы зерттеулер мен әзiрлемелердiң негiзгi көлемiн орындайтын меншiктi ғылыми-зерттеу институттары мен зертханалары бар. Нақ осы бөлімшелер жоғары тиімдi жаңалықтардың тұрақты фирмаiшiлiк бастамасын, зерттеулерге нақты практикалық бағдар берудi, ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн өндiрiсте жедел пайдалануды қамтамасыз етедi. Бұдан өзге, өнеркәсiп компанияларында ғылыми бөлімшелердiң болуы мұндай бөлiмшелер өнеркәсiпте практикалық қолдану үшiн көптеген ғылыми зерттеулердi бейімдей алатын болғандықтан, iрi iргелiк жаңалықтар базасында қағидатты жаңа технологияларды құруға және игеруге ықпал етедi.
Қазақстанда қазiргi кезде қолданбалы зерттеулер мен тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды орындайтын ғылыми ұжымдар (салалық және бұрынғы салалық, қазiргi акционерлiк ғылыми ұйымдар) әдетте "Ғылым - өндiрiс-рынок" циклінiң тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн барынша елеулi кедергiлердiң бiрi болып табылатын өнеркәсiп кәсiпорындарынан ұйымдық, экономикалық және психологиялық бөлiнген. Осыған байланысты мемлекеттiк сектордың бiрқатар ұйымдарын iрi компаниялар, iрi бизнес ғылыми саланы сақтау жағдайында (корпоративтiк ғылымды дамыту) жағдайларында жекешелендiрiлетiн болады (инвесторларға сату). Екiншi жағынан бiрқатар ғылыми ұйымдар жоғары оқу орындарының құрамына кiредi.
Қолданбалы ҒЗТКЖ-ны, әсiресе мемлекеттiк қаржыландыру есебiнен жүргiзiлетiндердi үйлестiру қажет. 2005-2006 жылдар iшiнде Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi уәкілеттi орган ретiнде және Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөніндегі уәкiлеттi орган ретiнде салалық министрлiктермен, Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссиямен, ҰИҚ-пен, "Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы" АҚ-пен, бизнеспен және кәсiпкерлiкпен өзара әрекетiнiң рәсiмдерi мен тетiктерi пысықталатын болады. Бұл үшiн көрсетiлген уәкілеттi органдардың, ғылыми-техникалық қызметтiң басқа қатысушыларының арасындағы функциялардың нақты жiгiн ажырату жөніндегі тиiстi нормативтік құқықтық актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажет.
2005 жылдың iшiнде мемлекет есебiнен жүргiзілген немесе жүргізiлiп жатқан нақты ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн олардың өзектiлігін және әлеуметтiк-экономикалық дамытудың қолданыстағы шарттарында коммерциялизациялау мүмкiндігін айқындау мақсатында сараптау және iрiктеу жөнiндегi жұмысқа кiрiсу қажет.
2005-2006 жылдарда жүргiзiлген зерттеулердiң нәтижелерiне мемлекеттің зияткерлiк меншігі құқықтарын пайдалану тәртiбiн айқындау жөнiнде ұсыныстар әзiрленетiн болады.
2005 жылы Дүниежүзiлiк банкпен бiрлесiп Озық технологиялар орталықтарын құру бойынша жоба бастама алатын болады. Дүниежүзiлiк банк әлемдiк рынокта коммерциялизациялаудың жоғарғы әлеуетiне ие ғылым саласын айқындайтын маркетингтiк зерттеулер жүргізетiн болады. Озық технологиялардың құрылған орталықтары осы салалардағы инновациялық әзiрлемелерге технологиялық қаржылық, құқықтық және ұйымдық жәрдем көрсету жолымен қолдауды қамтамасыз ететiн болады. Озық технологиялар орталықтарын дамыту жетекшi шетелдiк сарапшылардың техникалық жәрдемiмен жүргізiлетiн болады. Технологиялар трансфертi процесiндегi маңызды рөл дамуында Қазақстан әлемдiк рыноктағы еңбектi халықаралық бөлуге сәттi енуi үшiн салыстырмалы артықшылыққа ие болатын Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы жүргiзген зерттеулерге тиесiлi болмақ.
Әлемнiң дамыған елдерiндегі инновациялық саясатты қалыптастыру кезiнде жүйелiк әдiсті қолдану әсiресе мынадай әлемдiк экономиканы дамытудың қазiргi заманғы үрдістердің арқасында бiрiншi кезектегi мәнге ие болды:
1. Сапалы адамдық капитал үшiн бәсекесi әлемдiк инновациялық дамудың маңызды сипаттамасы болады, жоғары білікті персоналдың өсiмтал ұтқырлығы да, сондай-ақ білiмдi тарату процесiн қамтамасыз етедi;
2. Білімдi тарату процесiндегi ақпараттық технологиялардың рөлi инновациялық белсенділiктiң одан әрi өсуi үшiн өзектi бола түсуде, бiлiм тарату процестерi жеке экономиканың шегiнен шықты;
3. Жаһандану компанияларды технологиялардың мейлiнше жоғары деңгейлерiне бәсекелесуге мәжбүрлейдi және сонымен бiрге инновацияларды мамандандыру мен оқшауландыру процестерiн ынталандырады.
Инновациялық саясат жүргiзуге жүйелік әдiс тұжырымдамасын iске асырған елдер уақыттың тарихи қысқа кезеңiнде мемлекеттiң өзара іс-қимыл тетіктерiн, бизнестi, ғылымды және білiмдi қамтитын тиiмдi ұлттық инновациялық жүйе құра алды және жалпы ғылымды қажетсiнетiн ЖIӨ-нi ұлғайтуға қол жеткiздi.
Мысалы, соңғы жылдардағы ғылыми-техникалық саланы жылдам кеңейткен өңiрлерi Оңтүстiк Шығыс Азия елдерi, Скандинавия елдерi (Финляндия, Швеция) болды. Жаңа индустриялық елдер бір жарым-екі есе ЖIӨ-нiң ғылымды қажетсiнуiн ұлғайтты және еуропа мен АҚШ елдерiнiң көрсеткiштерiне жақындады.
Ғылымға деген "мемлекеттiк тапсырысты" тұрақтандыру немесе қысқарту жағдайында ұлттық бюджеттегi мемлекеттiк сектордың үлесiн қысқарту жаңа оң үрдiс болып табылады. Iрi корпорациялардың ғылыми бөлiмшелерi, шағын және орта ғылымды қажетсiнетiн фирмалар мемлекеттiң көмегiмен құрылған бiлiм беру, инфрақұрылым және экономикалық сипаттағы кейбiр жеңiлдiктер жүйесiне сүйене отырып, ұлттық ғылыми-техникалық дамытудағы өз ұстанымдарын күшейтедi.
Көптеген дамушы елдерде ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелердi бюджеттен тыс қаржыландыру осы салаға бюджеттiк бөлулердің көлемдерiнен едәуiр асып түседi. .
Бюджеттен тыс қаражаттың бас көзi - iрi ұлттық және трансұлттық корпорациялар жетекшілік ететiн кәсіпкерлік сектор. Дамушы елдердегi кәсiпкерлiк сектордың корпорациясы ұлттық инновациялық жүйенiң маңызды құрылымдары ретiнде тарихи қалыптасты. Солар ғана, зерттеулердi бiр уақытта қаржыландыра отырып және нақты өнiмдер мен технологияларды, ғылыми нәтижелер мен өнертабыстарды iске асыра отырып, ғылыми-техникалық прогрестің (бұдан әрi - ҒТП) негiзгі бағыттары үшiн өзiне экономикалық жауапкершілік алады, олардың үлесiне ғылымды жеке сектордың күштерiмен қаржыландырудың қомақты бөлiгi тиедi. Кәсiпкерлiк сектор жұмсалатын қаражаттың көлемi бойынша, дәл солай ғылыми зерттеулермен айналысатын ғалымдар мен инженерлердiң саны бойынша ҒЗТК-нiң перспективадағы iрi орындаушысы болып табылады және қала бередi.
Қазақстанның инновациялық дамуының проблемалары және оны талдау
Жиырмасыншы жүз жылдықтың 90-жылдары ғылыми-технологиялық әлеуеттi әлсіретуге, ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердiң дағдарысына әкелген, Қазақстанда ғылыми-технологиялық дамытудың маңызды стратегиялық бағыттарындағы зерттеулердi күрт қысқарту, ғалым беделiнiң және ғылыми нәтижелердiң сұранысқа ие болуының құлдырауы, кәсiпорындардың инновациялық белсенділігінің төмендеуi, мамандар мен зияткерлiк меншіктердi шетелге қайтару болды.
Инновациялық процестердi басқаруға кешендiк, жүйелiк әрекет етудiң болмауы елдің инновациялық әлеуетiн дамытуды тежейдi және оны одан әрi дамытудың басымдықтарын дұрыс бiлдiруге мүмкiндiк бермейдi.
Шешiм таппауы отандық инновациялық әлеуеттiң дамуына терiс әсер ететін мынадай негізгі проблемаларды бөлуге болады:
1. Оларды тұтынушылардың талап етуі үшiн оларды рынокқа шығару мақсатында технологиялар мен өнiмдердiң көпшiлiк ғылыми әдiстемелерiнiң аяқталмауы. Бұл әлеуетті серiктестердiң көз алдында ұсынылған технологиялардың (немесе өнiмдердiң) құнын күрт төмендетедi;
2. Технологиялық жаңа ендірмелерді енгiзудiң және оларды рынокқа шығарудың қазіргі заманғы тетiгiнiң болмауы. Нарықтық жағдайлардағы жаңа ендірмелерді игеру тетігі жоғарғы тәуекел, бiрақ табысты жағдайда жоғары қайтарым тән болатын шағын инновациялық нарықпен үздiксiз байланысты. Дамыған экономикаларда шағын инновациялық кәсiпкерлiктi дамыту үшін қажетті жағдайды (инфрақұрылымды) қамтамасыз ететiн халық шаруашылығының ерекше секторы жұмыс iстейдi;
3. Инновациялық жобаларға жәрдемдесетiн, технологиялық парктер және мамандандырылған бизнес-инкубаторлар, тәуекелдiк қаржыландыру қорларының желісі (венчурлiк қорлар), олардың жылдам өсу кезеңiндегi фирмаларды қолдаудың арнайы қаржылық тетіктері, фирмаларды және зияткерлік меншікті сертификацияланған бағалаушылар және басқалары сияқты, дамыған инфрақұрылымдық элементтердiң болмауы;
4. Ішкі рынокта озық технологияларға және өнеркәсіптік жаңа ендірмелерге төлем қабілетті тапсырыстың болмауы. Ғылым және ғылыми-техникалық қызмет қызметтер саласына жатады және бұл қызметтердi рынок талап етуi тиiс. Өкiнiшке орай ғылыми қызметтер мен ғылымды қажетсiнетiн өнiмдердiң отандық рыногы қазiргi уақытта өте аз. Кәсiпорындардың көпшілігі ғылымның қызметтерiн "сатып ала" алмайды.
Инновациялық жүйе қалыптастыруға жүйелiк әрекет жасауды iске асыру үшiн мемлекет тiкелей немесе жанама қатысу арқылы инновациялық саясатты тиiмдi iске асыра алатын, оның негізгі кiшi жүйелерiн бөлу және қайта талдау қажет.
Осы бағдарлама шеңберiнде мемлекет инновациялық кәсiпорындар жүйесiн қалыптастыру және оларды жандандыру жөнiнде бiрқатар шаралар қабылдайды. Инновациялық кәсiпорындардың тиiмдi төлемдiгiнiң негiзгi себептерiнiң бiрi Қазақстанда технологияларды коммерцияландырудың iскерлiк қағидаттарына, құқықтық қорғаудың теориясы мен практикасына және зияткерлiк меншiктi пайдалануға ие болып отырған, инновациялық және жоғары технологиялық жобаларды басқара білетiн кәсiби инновациялық менеджер-мамандардың институтының жоқтығы болып табылады.
Осыған байланысты жақын перспективада инновациялық кәсiпкерлiктi дамытудың маңызды бағыттары жоғары оқу орындарында да жоғары оқу орындарынан кейiн де, оның iшiнде шетелдерде оқуды, сондай-ақ мұндай бағдарламаларды қаржыландыруда мемлекет қатыса отырып, жұмыс iстейтiн менеджерлердiң білiктілiгiн арттыру үшiн қысқа мерзiмдi курстарды, семинарларды, дөңгелек үстелдердi қамтитын инновациялық кәсiпкерлiк саласындағы кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесiн құру болып табылады.
Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде Бiлiм және ғылым министрлiгi, Индустрия және сауда министрлiгi және ҰИҚ жетекшi шетелдiк бизнес-мектептермен және жетекшi қазақстандық жоғары оқу орындарымен бiрлесiп, "Инновациялық менеджмент" мамандығы бойынша басқару кадрларын даярлау жөнiндегi оқу бағдарламасы әзiрленетiн болады.
Инновациялық кәсіпкерлік саласында кадрларды дайындау және қайта дайындау үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 13 қыркүйектегi № 1439 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған бiлiм берудi дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде республикалық бюджеттен қаржы ресурстары көзделетiн болады. Сондай-ақ мақсаты инновациялық кәсiпкерлерге, инфрақұрылымдық ұйымдар қызметкерлерiне, өнеркәсiптiк кәсiпорындардың менеджерлерiне инновациялар менеджментiнiң теориясы мен практикасын енгiзу жөніндегі қысқа және орта мерзiмдi бағдарламаларды жүргізу болатын технопарктер жанындағы бiлiм беру орталықтары ашылатын болады.
Мемлекеттiң инновациялық кәсiпкерлiктi ынталандыру жөнiндегi күш-жiгерi келесі бағыттарға да шоғырланатын болады:
- меншiк нысанына және қаржыландыру түрлерiне қарамастан барлық субъектiлердiң инновациялық қызметтi жүргiзуi үшiн тиiмдi жағдайлар жасау мақсатында салық жүйесiн одан әрі жетiлдiру;
- бiлiмдердiң мамандандырылған желiлерiн құруға және олардың жаңа технологияларды дамытудың аумақтық аймақтарында коммерцияландыруға бағытталған кластерлiк стратегияларды әзiрлеу; - ақпараттық алмасу және инновациялық қызметте қажеттi деректерге, регламенттерге, дерекқорға және т.б. ену жүйесiн дамыту;
- инновациялық қызмет үшiн iскер және ақпараттық қызметтердi дамытуға жәрдемдесу - қаржылық және құқықтық консалтинг, патенттiк қорғау және басқалары;
- инновациялық қызметтiң басым бағыттарын дамыту саласындағы шетелдiк мамандарды шақыру;
- кәсiпкерлiктiң тиiмдi түрлерiнiң бiрi ретiнде инновацияны насихаттау;
- шетелдiк инвесторлармен бiрлескен инновациялық кәсiпорындар құруды ынталандыру;
- монополияны реттеу және адал бәсекенi қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетiлдiру;
- өнер табыстарды патенттеу рәсiмдерiн оңайлату;
- мемлекет пен жеке бизнес арасындағы диалогты оңайлатуға жәрдемдесетiн бизнес қауымдастықтарды құруға жәрдемдесу;
- инновациялық инфрақұрылым элементтерiн құруға пайдаланылмаған өндiрiстiк алаңдарды және ресурстарды беру жолымен инновациялық қызметті күшейту мақсатында мемлекеттiк меншiктi тиiмдi пайдалануды арттыру;
- жабдықты қайта бөлу үшiн инфрақұрылымдарды құру (ақпараттық және лизингтiк агенттіктер, пайдаланылған жабдықты сату жөнiндегi сауда кәсiпорыны және т.б.);
- өнiмдердi стандарттау және технологиялық процестердi, тауарлар мен қызметтердi сертификациялау жүйелерiн құру;
- мемлекеттiк сектордан технологияларды мемлекеттiк емес секторға берудiң тиiмдi тәртiбiн әзiрлеу;
- инновациялық тәуекелдердi сақтандырудың тетiгiн құру;
- басқармалық және кәсiпкерлiк мәдениеттi дамыту;
- зияткерлiк меншiк құқығын қорғау бөлiгiнде заңнаманы жетiлдiру жөнiндегi шараларды қабылдау.
Достарыңызбен бөлісу: |