5 – кестедегі берілген мәліметтерге қарасақ, өткізілген өнімнен түскен табыстың өсу қарқыны 2005жылы 10,5%, 2006жылы 5,5% өскен. Сонымен қатар өткізілген өнімнің өзіндік құнын 2005жылды 2004жылмен салыстырғанда 30,1%, 2006жылды 2005жылмен салыстырғанда 12,8% жоғарлаған. Жалпы және әкімшілік шығындарды, коммерциялық шығындарды және банк несиесінің шығындары мен жарнама шығындарын қамтитын кезең шығындары 2005жылы 24,6% өскен, 2006жылы 31,2% төмендеген.
“Raimbek agro” ЖШС қаржылық қызметінің нәтижесіне, негізгі емес қызметтен түскен табыс әсерін тигізді. Ол 2004жылы 12090мың.тг, 2005жылы 72716мың.тг, 2006жылы 21587мың.тг тең болды. Кәсіпорынның жалпы табысынан, корпоративті табыс салығын алып тастағанда қалған таза табыс 2004жылы 545758 мың.тг, 2005жылы 630290мың.тг, 2006жылы 629078мың тг құрады.
Қор қайтымдылығының жоғарлауы негізгі құралдарды қолданудың тиімділігін көрсетеді 2004жылы 19,51теңге табыс келсе, 2005жылы 21,08теңгеге, ал 2006жылы 20,13теңгеге табыс келген.
Жұмыскерлердің жылдық орташа саны 2004жылы 152 адамға, 2006жылы 165адамға дейін ұлғайғанына қарамастан, бір жұмыскердің еңбек өнімділігінің 2004жылы 5771мың.тг, 2006жылы 6201мың.тг өскенін байқаймыз.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерді қарастырсақ, өнімді сату рентабельділігі 2004жылы 62,2%, 2005жылы 65.0% 2006жылы 61,5%, ал өнім рентабельділігі
Кәсіпорынның ұйымдық – құрылымы 1- суретте көрсетілген.
Жалпы сұрақтар бойынша директор
Өндіріс бойынша директор
Дайын өнім қоймасы
Негізгі өндіріс бойынша технологтар, шеберлер
Склад вспомогательного сырья
Бас директор
Логисттер
Зерт. меңгерушісі
Бас энергетик
Бас бухгалтер
Бас инженер
Лаборанттар
Көмекші өндірістегі көмекшілер
1- сурет. Кәсіпорынның ұйымдық – құрылымы.
Маркетинг қызметінің жоқ болуы, “Raimbek agro” ЖШС барлық өнімінің тез арада өткізілуімен түсіндіруге болады. Осыған байланысты кәсіпорынның маркетинг қызметін енгізуге ешқандай қажеттілігі жоқ екенін түсінеміз. Алайда, болашақта бұл бөлімнің ашылуы қажетті шара болып табылады. Бұл шараны жүзеге асыруға “Raimbek agro” ЖШС-нің толық мүмкіншілігі бар.
2.2 “Raimbek agro” ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау.
Бәсекеқабілеттілікті бағалау үшін таңдалған тауар − майлылығы 3,2% ультрапастерленген “Айналайын” сүті. Сүт − тұтынушының қоржынындағы қажетті тауарларының бірі болып табылады. Соған байланысты сүтке деген сұраныс жеткілікті деңгейде тұрақты болып келеді. Сонымен қоса сұраныс пен ұсыныстың кейбір маусымдық ауытқуларын айтып өтсе болады. Жазғы уақытта сүтке деген сұраныс төмендейді, бірақ бұл кезде ауылшаруашылық кәсіпорындары сау көлемін ұлғайтады, осының нәтижесінде сұраныс, ұсыныстан асып түседі. Жазғы маусым аяғында, әсіресе, жаңа жылдық мерекелерге қарсы, сүтке деген сұраныс жоғарлайды. Осы уақытта сүтті сау көлемі төмендейді, ол сұраныстың, ұсыныстан асып түсуіне әкеледі.
Алматы қаласының нарығында сүтті негізінен тұрғылықты өндірушілер ұсынады, сонымен қатар импорттық өнімдер де бар. Бәсеке деңгейі өте жоғары, себебі нарықта ұсыныс көп. Көптеген кәсіпорындар өзінің фирмалық дүкенінде өте кең тауарлар ассортиментін ұсынады. Тұтынушылар көп жағдайда мамандандырылған фирмалық дүкендерге барады, себебі оларонда тауар әлде қайда сапалы және қызмет көрсету жоғары деп есептейді. Сондықтан да сұраныс қанағаттандырылған деп айтсақ болады. Фирмалық дүкендерде шынымен де тауарлар сапасы жоғары, сақтау мерзімі қадағаланып, тауардың сертификатталғанына кепілдік береді. Тауарлардың ассртименті тұрақты, запастар уақытысымен толтырылып отыратындықтан, сауда үздіксіз жүргізіледі.
Сүт кең көлемді жарнамалық тауар екенін айтып өткен жөн. Нарықта отандық импорттық бұйымдарды белсенді түрде жарнамалайды.
Негізгі бәсекелестер болып, аналогтық өнімді ұсынатын тұрғылықты кәсіпорындар болып табылады.
UNT – сүтін сатудан бүгінгі күні Nestle және Miss брэндтерін өндіретін Kosmis компаниясы лидер болып табылады. Бұл сүт бүрынғы Miss түрік компаниясының, Қостанайдағы зауытында өндіріледі. Nestle корпорациясы Турциядағы Miss компаниясын сатып алғаннан кейін, Қазақстанда орналасқан зауыт автоматты түрде жаңа қожайындарға ауысты. Жыл басында компания Қазақстан нарығының 39 пайызын иеленген. Екінші орында “Айналайын” брэндімен “Raimbek agro” (28 пайыз). Бұл екі өндірушілердің тармақталған дистрибьютерлік жүйесі бар және олардың өнімі Қазақстанның көптеген қалаларында танымал болып келеді. Үшінші орында “Зайлийское”, “Деревенское”, “Био - молоко” маркаларымен “ФудМастер Асептик” алған. Төртінші, бесінші орынды “Любимое сүтімен ” “Агропродукт” және “Домик в деревне”, “Веселый молочник” сүтімен WBD иеленген.
47
43
39
-
28
21 20 20
14 14
9 10
6
0 0
Kosmis Raimbek Agro ФудМастер
12
9
8
7
6
5 5 5
3
2
-
0
Агропродукт WBD
-
– сурет. Қазақстан нарығындағы UNT – сүтін өндіретін компанияларының үлесі.
Бәсекелестерді бағалаумен қатар, өнімдерді салыстыру қажет. Осы мақсатта көрсеткіштер жүйесін қолданамыз.
6 – кесте. Критерийлер жүйесі және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау көрсеткіштері.
Бәсекеге қабілеттіліктің көрсеткіштері
|
"Raimbek Agro" ЖШС
|
Бәсекелестер
|
Өнім
Буып - түю:
Сауда белгісінің беделі:
Қолданудың көпнұсқаулылығы:
Кепілдік мерзімі (сақтау мерзімі):
Баға
Прейскурантты:
Жарнама:
Тұтынушылар үшін
|
5
5
4
5
5
5
4
|
4
4
4
3
4
3
4
|
Барлығы
|
33
|
26
|
“Raimbek agro” ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау нәтижесінде, бұл кәсіпорынның өнімі жеткілікті деңгейде бәсекеге қабілетті деген шешім қабылдауға болады.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін модельдеу әдісі есептеу қарапайымдылығымен, түсініктілігімен, универсалдылығымен, ашықтығымен, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жеткілікті деңгейде, объективті модельдеуге мүмкіндік беретіндігімен ерекшеленеді.
Кәсіпорын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін модельдеу, бірнеше этаптардан тұрады:
Жеке бәсеке артықшылығын (баға, сапа) модельдеу.
Мысалы: “Айналайын” сүті, “ФудМастер” сүтіне бағаға қатысты кері тәуелділікте болады.
“Айналайын” сүті – 1л, 3,2% - 140тг
“ФудМастер” сүті – 1л, 3,2% - 135тг
135
α = --------- = 0,96; (15)
140
α - “Айналайын” сүтінің, “ФудМастер” сүтіне бағаға қатысты бәсекеге қабілеттілігі;
2. Кәсіпорын өнімнің, бәсекелестер өніміне сапаға қатысты бәсекеге қабілеттілігі тура тәуелділікті көрсетеді.
5
β = --------- = 1,25; (16)
4
β - “Айналайын” сүтінің, “ФудМастер” сүтіне, сапа критерийлерінің көлеміне қатысты бәсекеге қабілеттілігі;
5 - “Айналайын” сүтінің, сапа көрсеткішінің нақты деңгейі;
4 - “ФудМастер” сүтінің, сапа көрсеткішінің нақты деңгейі;
3.Кәсіпорын өнімнің жеке бәсекелік артықшылықтарын бәсекеге қабілеттілік моделінде біріктіру.
J = 0,96*1,25 = 1,2 (17)
J = сүттің бәсекеге қабілеттілігін көрсететін интегралды көрсеткіш;
“Айналайын” сүтінің, “ФудМастер” сүтіне қатынасы.
Шешім: Егер J<1 болса, онда талданып отырған тауар бәсекеге қабілеттілік бойынша, екінші тауарға жол береді. J = 1,2
Осындай тәсілмен, біз, кәсіпорының өндірістік қызметін талдап және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағаладық.
3 ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН арттыру ЖОЛДАРЫ
3.1 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда, кәсіпорын өнімінің сапа және баға саясатын жетілдіру
Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды дамыған бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосу міндетін қойып отыр. Ол үшін ең алдымен бізде өндірілетін өнімдер әлемдік талаптарға сай болуы керек. Сондықтан өнімнің бәсекеге қабілеттілігін көтеру мақсатында, оның бәсекеге қабілеттілігін сипаттайтын сапасын жақсарту мен баға саясатын жетілдіру қажеттілігі туындайды. [6]
Әлемдік нарықтың қатаң талаптары мен бәсекелік шарты отандық өнімдерді өндіруші кәсіпорындардың сол талаптар мен шарттарды ұстануын қалайды. Өйтпеген жағдайда әлемдік нарықта өнім түрлері бойынша негізгі өндіруші ірі мемлекеттер өздерінің бәсекелік ықпалымен еліміздің ішкі нарығын және енуге мүмкін болатын көршілес мемлекеттердің нарықтарын игеріп алуы қиын емес.
Сондықтан ішкі нарық өнімдерінің бәсекелік қабілеті ең алдымен, олардың сапасына байланысты. Өнімдердің сапалық деңгейі бірнеше тұрғыда анықталады. Әлемдік нарыққа шығудың негізгі жолы болып, халықаралық сапа стандартының талаптарын орындау және оны өндіріске енгізу қадамадары болып саналады.
Өнімнің сапасын арттыру үшін келесідей іс - әрекеттерді жүзеге асыру керек:
−отандық тауар өндірушілер өнімнің сапасын халықаралық стандарттарға сәйкетендіру;
−сыртқы нарыққа отандық тауарларды шығару және олардың бәсекелік қабілетін қалыптастыру мақсатында мемлекеттік сапа жүйесін жетілдіру;
−тамақ өнімдерінің адам өміріне қауіпсіздігін, оның сапалық талаптарын ғылыми тұрғыда негіздеу;
−өндірістік және ғылыми зерттеу мекемелерінің ортақ жүйесін құру;
−отандық қалыптасқан дістүр бойнша халықтық тұтыну ерекшеліктеріне сай таза өнімдер шығару үрдісін ұстан;
−өнімнің биологиялық құрамын табиғи түрінде сақтау үшін ғылыми негізделген жолдары мен әдістерін іздестіру;
−өнімнің сапасын көтеру жөнінде және адам өміріне қауіпсіздігін қалыптастыруда стандарттау мен сертификаттау талаптарын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;
−өнімді дайындау мен өңдеуде отандық және шетелдік жаңа озат техника мен технологияларды пайдалану;
−тұтынушылардың әртүрлі деңгейлеріне сай өнімнің жаңа түрлерін шығару арқылы ассортиментті кеңейту;
−инновациялық озық үлгідегі құрал−жабдықтар мен қондырғыларды енгізуге қажетті қаржыларды тарту жолдарын іздестіру және белсенділік таныту; [7]
Жоғарыда айтылған шаралармен қатар, сапалы өнім өндіруде мемлекеттің ролі де маңызды болып табылады. Елімізде 2006 жылдан бастап жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Президентінің “Сапа саласындағы жетістіктері үшін” сыйлығын алуға арналған конкурсы және “Алтын сапа” республикалық көрме конкурсын өткізу белгіленген. Ол конкурстар еліміздегі кәсіпорындардың сапалы өнім шығаруын ынталандыру мақсатында туындағаны мәлім. Конкурста берілетін сыйлықтармен қатар, бір салық жылы ішінде корпоративтік табыс салығының 50 пайыздық жеңілдікке ие болатынын және екі жыл бойына сыйлық эмблемаларын жарнамалық мақсаттар үшін пайдалана алатындарын ерекше атап көрсеткен жөн.
“Сапа саласындағы жетістіктері үшін” сыйлығы өнімнің сапасы, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгені үшін, сондай – ақ ұйымның сапаның басқарудың тиімділігі жоғары әдістерін енгізгені үшін конкурстық негізде жыл сайын беріледі.
“Алтын сапа” конкурсының негізгі мақсаты мыналар болып саналады:
-
заңды және жеке тұлғалардың отандық өнімінің сапасын арттыруға бағытталған қызметті жандандыру;
-
Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға жәрдемдесу;
-
отандық және халықаралық стандарттар негізінде сапаны басқару мен қамтамасыз етудің қазіргі замандағы әдістерін кеңінен енгізуге алғышарттар жасау және оған жәрдемдесу;
-
сапа мәселелерін шешу қажеттілігіне мемлекеттік органдардың, өнеркәсіптік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын аудару;
-
халық арасына сапа идеясын кеңінен тарату; [8]
Нарықтық экономикада кәсіпорын өнімдерінің тиімділігі мен бісекеге қабілеті оның баға белгілеудегі ұстанып отырған саясатына тікелей байланысты. Бұл жерде кәсіпорынның басты мақсаты тек мол табыс алуға ғана емес, сонымен қатар, тұтынушыларды төмен бағамен ынталандыру арқылы ұзақ уақыт бойы өнімдерін нарыққа тиімді өткізуге де негізделуі тиіс.
Бәсекелі нарықтағы бағалық бәсекенің өзі де кәсіпорындардың төмен бағада өнім өткізу қабілеттерімен тартысқа түсу арқылы, өз мүмкіндіктерін жақсартуға бағытталған қадамдарын сипаттайды.
Өндірістік кәсіпорындардың баға белгілеуге қатысты ұстанатын саясаттарын зерттеулер нәтижесі баға саясатының келесі қағидаларын ашып көрсетуге мүмкіндік береді:
-
баға белгілеу зиялылығы: тұтынушылардың өмір сүру деңгейлеріне сай өнім алуға мүмкіндік жасау;
-
кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі немесе төлем қабілеттілігі:
-
өнімді сату арқылы кәсіпорыннның дамуына және осының есебінен, ондағы қызметкерлердің материалдық қамсыздануына жағдайдың болуы;
-
өнім бағасының икемділігі: нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың және басқа да факторлардың әсеріне байланысты кәсіпорынның бағаны өзгертуге дайындығы;
-
тұтынушыға психологиялық әсері: өнімнің тұтынушыға бәсекелік қабілет қорынан қалыптастыруда көтерме сауда қызметтерін үйлестіру;
-
ынталандырушы бағалар: өнімнің тиімді өткізілуін қамтамасыз етуде бонустар, маусымдық жеңілдіктер.
Бұл жағдай еліміздегі кәсіпорындарға ішкі нарықтарға өз үлестерін “тұтынушға тиімді баға” саясатын ұстану арқылы ұлғайтуды қажет етеді. Алайда, баға белгілеу саясатының өзі көптеген нарықтық факторларға әсер ету аясына айланысты үш топұа бөліп қарастыруға болады.
-
Ұсынысқа байланысты факторлар: ұсынылатын өнім мен бәсекелес өнімдердің ерекшеліктері, мүмкіндіктері мен артықшылықтары;
-
Сұранысқа байланысты факторлар: тұтынушылардың талғамы мен салт – дәстүр, әдет - ғұрып ерекшеліктері;
-
Нақты тауарлы нарыққа байланысты факторлар: сұраныстың көлемі мен құрылымы, сұраныстың икемділігі, нарықтың сыйымдылығы,, сұраныс пен ұсыныстың тепе - теңдігі, ұқсас өнімдердің болуы.
Өнім өндіруші кәсіпорындардың шығаратын өнімдерін тиімді баға белгілеу саясатын жүргізу, нарықтық факторлармен қатар бағаны қалыптастыру ерекшеліктерін де ескеруді міндеттейді.
Кәсіпорынның шығындылықты төмендету немесе басқа да нарықтық тетіктер бойнша ұстанған баға саясаты, өз кезегінде, бағаны қалыптастыру әдісін анықтауға негіз болады.
Бағаны қалыптастыру әдісі нарықтық ортаның кез – келген жағдайында үздіксіз жұмыс жасауы тиіс және нарық талабына сай икемді болғаны жөн. Жалпы алғанда, бағаны қалыптастырудың бірнеше бағытын ажыратып көрсетуге болады.
-
Шығынсыздыққа бағытталған мақсатты табыс – табысты белгілеу әдісі бойынша;
-
Өнімнің құндылығын сездіру - өнімнің тұтынушылық қаиеттері бойынша;
-
Өндіріс шығындары – шығындылық әдістері бойынша;
-
Нарықтың сипаты – нарықтық әдістер бойынша;
-
Өнімнің техника – экономикалық парамаетрлерінің мөлшерлік шығындары – параметрлік әдістер бойынша;
Кәсіпорынның бағаны қалыптастыру әдісінің қай – қайсы болсын, ол сол кәсіпорынның ішкі жағдайына, нарықтағы орнына және алдағы даму стратегиясының қай бағытта жүргізілетініне тікелей байланысты. [9]
3.2 Кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру –
бәсекеге қабілетті өнім шығарудың тиімді тетігі.
Өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүргізу барысында назарға алынуы тиіс мәселелердің бірі өнімнің тартымдылығын қамтамасыз етуге бағытталған кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру.
Еліміздегі өндірістік ұйымдардың дамуы барысында нарықтық ерекшеліктерді тез игеру үшін маркетинг жүйесін қолдану қажеттілігі айқын.
Маркетинг жүйесі нарықтық талаптардың өзгеру барысына сай өндіріске жүйелі басқару мен бәсекелік артықшылықтарды тиімді пайдалану жолдарын қолдануға әсер ететін маңызды құрал.
Кең мағынада маркетинг – бұл тауар мен қызмет өндіру аясындағы жүйелі, жан – жақты және мақсатты қызмет, сол сияқты кәсіпорының мүмкіндіктері мен тауарға және қызметке сұранысты байланыстырып, тұтынушылар мен өндірушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын жүйе.
Маркетинг кәсіпорынның жұмысын ұдайы жетілдіріп оның нарықтағы өз орнын тұрақтандыру әдістерін енгізу арқылы шығаратын өнімдерінің бәсекелік қабілетін арттыруға мүмкіндік беретін негізгі тетік болып саналады.
Бәсекелік қабілетті арттыруда маркетингтік бағыттың бірнеше түрлері бар. Ең алдымен, бұл өнімге және қызметке бағытталған маркетинг. Ол нарыққа бағасы төмен, сапасы мен тартымдылық қасиеттері жоғары өнімді өткізуге икемделген. Сол сияқты, тауардың өмірлік кезеңіне байланысты өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру бағыты да маркетингтік жүйенің маңызды бөлігіне жатады.
Қазіргі кезеңде отандық кәсіпорындардың маркетингтік жүйесін жетілдіру негізгі мәселелердің біріне саналады. Өйткені ғаламдық даму үрдістері, әлемдік нарықтағы тұтынушылардың кең көлемді ақпараттарға бой үйретуі, коммерциялық және іскерлік салаларда маркетингтік әдістердің негізгі табыс құралдарының біріне айналуы соның айғағы.
Нарық экономикасының әлемдік тәжірибесі халық шаруашылығы салаларын басқарудың тиімділігін арттыру үшін, кәсіпорынның өз өміршеңдігін сақтап қалу және күшейту мақсатында оның жұмысының екі негізгі кезеңі – өндіру мен өнімді өткізуді ұйымдастырудың жаңа әдісін, яғни маркетинг іс – әрекетін пайдалану қажеттігін тудырады. Отандық кәсіпорындарада маркетинг әлі де кең тарала қойған жоқ, бірақ соңғы уақытта нарығы дамыған ірі қалаларда орналасқан кейбір кәсіпорындарда маркетинг бөлімдері ұйымдастырылуда. Басшылардың маркетингке көп мән бермеуінің себебі, шығаратын өнімдері адам үшін бірінші қажеттіліктегі нәрсе болуымен қатар, кейбір жекелей басшыларда маркетингтің рөлі және мәні шамалы деген ой туындауымен түсіндіріледі. Мұндай ой кәсіпорындарда маркетингтік және өндіру – өткізуді негізделу кезінде оның ұйымдастырылуы іскерлік белсенділігі, философиясы, мақсатты бағытталуы бойынша айырмашылықтары болғандықтан дұрыс емес. Мәселен, маркетингтік негізделу кезінде кәсіпорын ұжымының мақсаты – тұтынушылардың қажеттілігі, тұтынушылығы, мүдделерін қанағаттандыру, ал өндіру – өткізу кезінде өндірістік бағдарламаны орындау болады.
Өнімнің бәсекелік қабілетін арттырудағы маркетингтің рөлі, ең алдымен оның тұтынушыға тартымдылығын қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Ішкі нарықтағы қазіргі бәсекелес орта тамақ өнімдерінің сапасы мен бағасына қоса, оның тартымдылық қасиеттері арқылы бәсекелік қабілетін арттыру мүмкіндіктерін іздестіруді қажет етеді.
Бағасы жоқ өнімнің сатып алу – сату құралы болмайтынындай, тұтынушылық қасиеттері жоқ өнімнің сұранысы болмайтындай, тартымдылығы жоқ өнімнің тұтынушысы болмайды.
Осы орайда, автордың пікірінше, өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру үшін маркетингтік жүйені жетілдіру келесі мәселелерді шешуге ықпалын тигізуі тиіс:
Өнімнің нарықтағы танымалдылығын қамтамасыз ету бағыттарын анықтау. Бұл жағдай өнімнің сапалық, тұтынушылық және бағалық тиімділіктерін тұтынушыларға кең көлемде жарнамалау арқылы жүзеге асуы мүмкін.
Кәсіпорынның сауда белгісі тұтынушыға сенімділік кепілі ретінде қабылдануын қамтамасыз ету. Қазіргі кезде сауда белгісі түсінігі маркетингте маңызды орын алады, яғни ол ұсынылатын өнім мен қызмет мағыналарының тікелей баламасы ретінде саналады. Қазіргі нарықта тұтынушылар өздеріне өндірушілер ұсынатын өнім түрлерін емес, оның сауда белгісін сатып алады, Осы тарапта кәсіпорындар өздерінің сауда белгілерін қалыптастыру мен оны жетілдіруге ұмтылуда, бұл оларға бәсекелік артышылықты қамтамасыз етеді, Сондықтан да көптеген мамандар кәсіпорынның сауда белгісінің тұтынушы санасында қалыптасуын оның өнімдерінің бәсекелік қабілетін арттыратын негізгі фактор ретінде қарастырады.
Өнімнің тартымдылығын арттыратын басқа да сипаттарын, яғни оның сыртқы келбеті мен басқа өнімдерден өзгешелену белгілерінің тұтынушыға жағымдылығын қамтамасыз ету. Бұлшара кәсіпорынның бәсекелік қабілетті қамтамасыз ету жолындағы тың ізденістері мен әрекеттері арқылы орындалуы мүмкін.
Жоғарыда аталған мәселелер оларды кешенді түрде қарастыру арқылы тиімді шешілмек. Сондықтан да нарықтағы барлық факторлардың әсерін жүйелі түрде қамтитын “микс−маркетингті” қолданған жөн. Ол кәсіпорынның тарапынан реттеуге келетін және өнімнің нарықта нәтижелі өткізілу жиынтығын құрайды.
Бәсекелік қабілетті арттыруда маркетингтік жүйені жетілдірудің тағы бір маңыздылығы−оның нарыққа қандай өнім керектігін анықтауда, сұраныс пен ұсыныстың тепе−теңдігін бағалауда көінеді. Осы жерден маркетингтік жүйенің маңыздылығын оның негізгі функцияларымен сипаттап өтуге болады:
-
нарықты кешенді зерттеу, талдау және болжау, тұтынушының нарықтағы талғамын анықтау;
-
кәсіпорынның сыртқы ортасын зерттеу;
-
кәсіпорынның бәсекелестері мен олардың ұқсас өнімдерін зерттеу;
өзінің мүмкіндіктерін бағалау;
-
маркетингтік жүйенің стратегиясы мен тактикаларын дайындау;
-
тауарлық саясатты жоспарлау, сапа мен ассортиментті басқару;
-
сұранысты қалыптастыру және өткізуді ынталандыру;
-
өнімді өткізу жолдары мен оның сервисін ұйымдастыру;
-
маркетингті басқару және маркетингтік бақылау.
Өндірістің ерекшелігіне байланысты өнімнің бәсекелік қабілетін арттыуда функциялардың кезектілігі мен ұйқастығын қалыптастыру керек, ол маркетингтік цикл деп аталады. Цикл нарықтың түріне, өндірістің сипатына, өнімнің қасиеттеріне және өткізу жағдайларына тәуелді. Осы функцияларды жүзеге асыру кәсіпорын өнімінің бәсекелік қабілетін арттыру бағытындағы жқмыстарды жақсартуға ықпал етеді.
Жалпы алғанда, маркетингтік жүйе кәсіпорын үшін оныңөнімдерін жарнамалауда, дайын өнімді өткізу амалдарын табуда, өнімнің тартымдылық қасиеттерін қалыптастыруда, тұтынушылардың талғамын білу мақсатымен зерттеулер ұйымдастыруда тиімді болып есептеледі. Бұл өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру бағыты ретінде кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру тетігін қолданудың маңыздылығын көрсетеді.
Халық шаруашылығы кәсіпорындарының бәсекелі нарықта нәтижелі жқмыс жасауларына, олардың өндірістік, ғылыми−техникалық, өткізушілік қызметтерінің тиімді басқарылуын, өткізу нарығының сипаты мен қажеттіліктерін, бәсекелестіктерін артышылықтары мен мүмкіндіктерін анықтауға жағдай тұғызатын маңызды құралдың бірі−кәсіпорынның маркетинг жүйесі.
Отандық кәсіпорындарды басқару жүйесіне маркеингті енгізу ерекшеліктері 1990 жылдар басында пайда болып, бүгінгі күні сыртқы орта факторларымен байланысады. Маркетингтің даму деңгейі мен сипаты ерекшеліктері осы қатынастар мен жалпы экономика және жекелей ішкі жүйелерінің даму деңгейлеріне тәуелді. Бүгінгі маркетингтің мәні тұтынушының қажеттілігін кәсіпорынның пайдасына айналдыратын кәсіпкерлік қызметте көрініс алады. Маркетинг− бұл тауарларды итермелеу емес, тұтынушының талаптарын, нарықтың нақты сегменттерінің талаптарын талдап ескеретін, жаңа тауардың анықталған талаптарына сәйкес өңделген, ғылыми зерттелген тұжырымдама.
Қазіргі таңда еліміздегі көптеген өндірістік және қызмет көрсетуші кәсіпорындар, соның ішінде тамақ өнеркәсібі саласының кәсіпорындары да өздерінің шаруашылық қызметтерін осы маркетинг жүйесімен байланыстыра отырып, нарық талаптарына икемделуде. Дұрыс ұйымдастырылған маркетингтік жүйе өзінің нәтижесін еселеп қайтаратынын уақыттың өзі дәлелдеуде.
Кәсіпорындағы маркетингтің негізгі орны бағалық емес бәсекеде, өндірушінің бәсекелестерінен өнімдерін тиімді өткізу көрсеткіштері арқылы ерекшеленуге ықпал етуімен байланысты болуы тиіс.
Әлемдік нарықта қалыптасқан өнімді ұсыну мен оның сұранысына қатысты маркетингтік қағидалар қоғамның дамуына, тұтынушылрдың талғамдарына, ұсыныстың артуына байланысты жаңа бағытта көрініс таба бастады. Бұл өзгерістер, өз кезегінде, “маркетинг философиясының” туындауына ықпал етті. Негізгі үш қағидадан тұратын бұл бағыттың негізгі нысаны – тұтыну нарығының қажеттілігін ескеру:
1.Тұтынушының қажетін ескеру. Бұл қағида бойынша кәсіпорынның негізгі мақсаты нарықтағы өзгерістерді, тұтынушылардың талғамдарына сай сұраныстың талабын назарға ала отырып, нақты қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдарын іздестіруге негізделуі тиіс. Өндірісте өнімнің көлемін арттыру мүмкіндіктерінен бұрын, өнімнің жаңа түрлерін ұсынуға болатын нарық қуысын зерттеу – осы қағиданың басты шарты.
2. Өзгермелі сұранысқа тез икемделу. Қазіргі тұтыну нарығы қажеттіліктердің неғұрлым қысқа мерзімде қанағаттандырылуымен ерекшеленеді. Дер кезінде тұтынушының сұранысына жауап қайтара білген өндіруші өзінің бәсекелестік мүмкіндіктерін арттырары сөссіз.
3. Өндірістің тиімділігін арттыруда маркетингтің кешенділік сипатын ұстану. Маркетингті біртұтас жүйе ретінде қарастыратын бұл қағида келесі бағыттыр арқылы жүзеге асады:
- ғылыми – техникалық жетістіктерге сай өнімнің тартымдылық қасиеттерін және оны өндіру әдістерін жетілдіру, жаңа сипаттағы өнімнің ассортиментін кеңейту;
- сұраныс пен ұсыныстың тепе – теңдігін қалыптастыру мақсатында тиімді баға саясатын жүргізу;
- өнімді өткізу әдістері мен тәсілдерін жақсарту;
- өнімді өткізу бағыттарының ара салмағын сақтау;
- өнімді өткізуді ынталандыру мақсатында тұтынушымен өзара тиімді байланыс жүйесін жетілдіру және әсерлі – жарнамалық құралдарды тиімді пайдалану.
Сонымен, аталған бағыт кәсіпорынның тарапынан басқаруға келетін, нақты нарыққа тиісті жауап қайтара алатын өзара тығыз байланысты жүйені құрайды.
Ұсынылатын маркетингтік бөлімді атқаратын қызметтеріне байланысты үш бағытқа бөліп қарастыруға болады. Бұл бағыттардың кәсіпорынның стратегиялық даму мақсаттарына сай болуын және оларды жүзеге асырудағы тиісті ықпалын басты назарда ұстанған жөн (2 – сурет). Маркетингтік бөлім бастығына қарасты бұл қызмет жүйесінің бірінші бағыты маркетингтік зерттеулер мен кәсіпорының дамуын болжау жұмыстарымен байланысты болуы тиіс.
Кәсіпорынның стратегиялық мақсаттары
Табысты-
лықты
арттыру
Өндіріс
көлемін
ұлғайту
Өнімдерінің
бәсекелетік
қабілетін арттыру
Нарықтын
жана бөлігін
иемдену
Нарықтағы
беделін
өсіру
Маркетингтік зерттеулер
мен кәсңпорынның
дамуын болжау
Тұтынушылар талғамын зерттеу және нарыққа жаңа өнімдер шығару мүмкіндіктерін бағалау
Өнімнің сұранысын қалыптастыру жолдарын табу және жанама қызметтер
Кәсіпорынның маркетингтік жүйесі және оның негізгі бағыттары
3 – сурет. Кәсіпорынның стратегиялық мақсаттары мен маркетингтік жүйенің өзара байланысы.
Кәсіпорынның нарықтағы даму мақсаттары мен міндеттеріне, алынған ақпараттық мәліметтерінің жеткіліктілігіне, болжамдық бағалаудың негізділігіне байланысты болжаудың тиімді әдісі анықталады.
Болжау әдістерінің қолданысқа көп енген түрі – кешенді болжау өзінің көлемділігі мен бірнеше фактордың ықпалын ескеру арқылы ерекшеленеді. Жалпы алғанда, маркетингтік жүйенің нәтижелі, әрі шынайы ақпарат беруі, көп жағдайда, осы болжау әдістерінің дұрыс таңдалуына байланысты.
Маркетингтік бөлімнің бұл бағытының негізгі міндеттеріне келесілерді жатқызуға болады:
-
өнім нарығын (сыйымдылығын, ішкі өндірісі мен экспорт және импорт тасымалын, сұранысы мен тұтыну ерекшеліктерін) кешенді және жүйелі түрде зерттеу;
-
нарықтағы өнімнің ұсынысын зерттеу (бәсекелестердің өткізу бағаларын және баға белгілеу ерекшеліктерін, олардың өнімдерінің тұтынушылық (сапалық, тартымдылық) артықшылықтарын талдау, кәсіпорынның баға саясатын ұйымдастыру);
-
кәсіпорындағы өнім ассортименттерін талдау (өмірлік кезеңдерін, әрбір түрінің өткізілу көлемін, өткізудің арту немесе төмендеу себептерін) және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;
-
кәсіпорын өнімінің өткізілуін (сұраныс көлемін, оны арттыру мүмкіншіліктерін, әрбір өнім бойынша өткізу стратегиясын) осыған байланысты жалпы өндірістің дамуын болжау.
Кәсіпорындағы маркетингтік бөлім қызметінің екінші бағыты тұтынушылар талғамын зерттеу және нарыққа жаңа өнімдер шығару мүмкіндіктерін бағалау жұмыстарына негізделуі тиіс.
Еліміздегі өндірістік кәсіпорындар әлемдік өзгерістерден тысқары қалмуы керек. Өзінің өнімдерінің бәсекелестік қабілетін арттыруға мүдделі кез – келген кәсіпорын жаңа заман қажеттіліктерін, шетелдік ұқсас өнім шығарушы кәсіпорындардың тауарлық стратегияларын, өнім өткізу әдістерін және оны қолдану мүмкіндіктерін, тұтынушылардың талғамын анықтау жолдарын басты назарда ұстағаны абзал.
Тұтынушылардың твлғамдарына сай өнім шығару және әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие бола бастаған өнімнің жаңа түрлерін ішкі нарыққа ұсыну мүмкіндіктерін бағалау маркетингтік жүйенің маңыздылығын арттырады. Зерттеу нәтижелері кәсіпорынның нарықтағы «икемділігін» қалыптастыруға, сұранысы жоғары өнімдердің өндірісін арттырып, өмірлік кезеңі құлдырау шегіндегі өнмдерді шектеуге , оның тұтынушылық қасиеттерін жақсарту арқылы жаңа сипатта ұсынуға негіз болады.
Ұсынылатын жаңа өнімнің тартымды келбеті мен сату мәдениеті тұтынушыға жағымды әсер ететіндей саясат қалыптастыру, оның сапалық белгілерінің негізгі сипаттарын көрсете білу маркетингтік жүйелі саясаттың маңызды буынына жатады.
Аталған бағыттағы маркетингтік қызметтің негізгі міндеттері мыналар болуы тиіс:
Тұтынушылар талғамының өзгерісінің және оның себептерін зерттеу;
-
Тұрғындардың ерекшеліктерін, ұстанымдарын ескере отырып, нарықта сұранысқа ие болатын жаңа өнімдерді анықтау (өндірістегі тиісті мамандардың кеңесіне сүйене отырып) және мұндай өнімдерге тұтынушылардың көзқарасын білу;
-
Кәсіпорынның мүмкіндіктеріне сай өнімнің жаңа түрлерін шығару қажеттілігін негіздеу (оның тиімділігін, мүмкін болатын өкізу көлемін және тұтынушылар);
-
Жаңа өнімді өткізу бағыттарын, оның тұтынушылық қасиеттерінің ерекшеліктерін тұтынушыға жеткізу әдістерін белгілеу;
Маркетингтік жүйені қалыптастыруда бұл бөлім жұмысының үшінші бағыты өнімнің сұранысын қалыптастыру жолдарын табу және жарнама қызметтерімен айналысуы тиіс.
Өнімнің сұранысын қалыптастыру және кәсіпорынның жарнама қызметін үйлестіру бағыты бойынша жұмыс істейтін маркетингтік бөлімнің негізгі міндеттері төмендегідей болуы тиіс:
-
өнімнің сұранысын қалыптастыру бойынша қолдануы тиімді әдістерді анықтау;
-
өткізуді ынталандыру шараларын ұйымдастыру және оны жетілдіру бағыттарын ұсыну;
-
жарнама құралдары арқылы тұтынушыға өнімнің тұтынушылық ерекшеліктерін жеткізу және оның нәтижелігін қамтамасыз ету;
-
өнімнің сұранысын қалыптастыруға мүмкіндік беретін жаңа нарық “қуыстарын” зерттеу;
-
кәсіпорынның мүмкіндігін ескере отырып, өндірушінің танымалдылығы мен сауда белгісінің беделін арттыру бағытында тиісті жұмыстар атқару;
Соңғы кездері кәсіпорындағы маркетингтік жүйенің тиіділігін өнімнің өмірлік кезеңіне сай, атқаратын жұмыстарына қарап анықтау жолдары қолданылуда.
Бірінші бағыт Екінші бағыт Үшінші бағыт
Нарыққа
шығу
Өсу
Жетілу
Төмендеу
|
1
Өнімнің нарыққа ену
Мүмкіндіктерін зерттеу
|
2
Тұтынушының өнімге
қатысты көзқарасын
анықтау
|
3
Кең көлемді жарнама
|
4
Бәсекелестердің ықпалы
мен сатуды ұлғайту
мүмкіндіктерін болжау
|
5
Өнімнің беделін арттырған қасиеттерін анықтау
|
6
Белсенді жарнама
|
9
Өнімнің табыстылығын
арттыру жодарын зерттеу
|
8
Нарықтағы ұқсас өнімдердің жетістіктерін ұдайы бақылау
|
9
Өткізуді ынталандырудың жаңа бағыттарын ұсыну
|
10
Өткізу көлемінің төмендеу себептерін зерттеу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау
|
11
Өнімнің жетілген жаңа түрлерін шығару саясатын қалыптастыру
|
12
Өткізудің барлық тиімді әдістерін қолдану
|
4 – сурет. Өнімнің өмірлік кезеңдерінде маркетингтік жүйенің атқаратын қызметі.
Маркетингтік бөлім қызметінің негізгі бағыттарын өнімнің өмірлік кезеңдеріне байланысты үйлестіру кәсіпорынға нарықтағы өзгерістерді дер кезінде ескере отырып, өнімдерінің бәсекелестік қабілетін арттыру қадамдарын анықтауға жағдай жасайды.
Жалпы алғанда, нарықтық экономикаға тән кәсіпорын маркетингін ұйымдастыру – қазіргі уақыт талабы. Әлемдік үдерістердің көшінен қалып қоймау үшін де, өндірістің тиімді дамуын қамтамасыз ету үшін де, отандық өнімдердің бәсекелестік қабілетін арттыру үшін де нарықпен жүйелі қатынастың тиімді құралы – маркетингті барынша кеңірек қолдану әрбір кәсіпорындағы шешілуі тиіс міндеттерінің бірі болғаны жөн.
Маркетингтік шаралардың көп қаржыны талап ететінін ескере отырып, оның қайтарымы да елеулі табыстарға жеткізетінін назарға алу керек. Сондықтан – да Кәсіпорынға маркетингтік жүйе құрылымы мен оны ұсынылған нақты бағыттары негізінде жұмыс жасау бәсекелі нарықта қарқынды да, нәтижелі болуына септігін тигізеді.
“Raimbek agro” ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін көтеруге мынадай ұсыныстар жасауға болады:
-
“Raimbek agro” ЖШС жарнамалық стратегиясын және танымалдылығын арттыру.
- Тұтынушылардың көңілін аудару мақсатында келесі каналдар тиімді болып табылады:
-
пресса (көптеп оқылатын газеттер, журналдар, бюллетендер және басқа да бұқаралық ақпараттық құралдар);
-
аудиовизуалдық құралдар (радио, кино, жәрмеңкелер мен көрмелерде арнайы видеоорнатулар, слайдтық фильмдер);
-
жарнама плакаттары ( халық көп жерлерге, жолдардың бойына әртүрлі бейнелік және мәтіндік жолдаулар);
-
транспорттағы жарнамалар;
Өнімнің сапасын жақсарту стратегиясын жүргізуде, сапа көрсеткіштерінің уақытқа байланысты өзгергіштігін ескеру қажет. Сапаны жақсарту стратегиясының элементі болып ИСО 9000 халықаралық стандарттар негізінде құрылатын, сапаны басқару жүйесі болып табылады.
Өнімнің сапасын жақсарту стратегиясының өткізудегі кері байланыс элементі, олардың сертификатталуы болып табылады. Сертификатталған тауарларды жарнамалауға, жаңа отандық сынақтыу және сертификаттау орталықтарын ашу қажет.
Өнімнің бәсекеге қабіліттілігін көтеруде жылдан – жылға таңдау мен жаңа өндіріс нарықтарына бейімделу мәселелері өсіп келе жатыр. Осыған байланысты кез – келген кәсіпорында осы облыс бойынша талдамалық ізденістер жасалу қажет. Жаңа өндіріс нарықтары өнімнің бәсекеге қабіліттілігін және өндіріс рентабельділігін өзгертіп жіберуі мүмкін.
Өнімнің бәсекеге қабіліттілігін жетілдіру үшін, оны жаңа нарыққы шығару қажет. Бірақ ол үшін алдымен жаңа нарықтың жөндеу және қызмет көрсетуде білікті жұмысшылармен қамтамасыз ету деңгейін анықтау қажет. Себебі кейін тұтынушылар өндірілетін өнімнің сенімділігін пе арттыруын талап етуі мүмкін.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келсек, өнімнің бәсекелестік қабілеті – бұл тұтынушылардың өнімге қоятын техникалық-функциялық, экономикалық ұйымдастырушылық деңгейін сипаттайтын талаптардың жиынтығы деп айтсақ болады. Бәсекеге қабілетті өнім болып тек қана әртүрлі табиғи көрсеткіштерді иеленетін және бәсеке жағдайында нарықта өз орнын иеленетін тауар ғана саналады.
Кез келген өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін қазіргі жағдайдағы маркетингтің әдістері арқылы нарықты кешенді зерттеу керек. Осының нәтижесінде тұтынушы өзінің қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын өнімді сатып алуға жағдай жасайды.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру нарықта өнім өндірудің негізгі шешуші факторларының бірі болатыны сөзсіз. Өнімнің бәсекелестік қабілеті сапа белгісімен қоса тұрғын халықтың өмірі үшін қауіпсіз және экологиялық таза өнім ұғымында қарастырады.
Тауардың бәсекеде жеңіске жетуі оның техникалық-экономикалық көрсеткіштері мен өнім өндірудегі технологиясынық сапасына және қолдану қасиеттеріне (сенімділігі, төзімділігі) байланысты болады. Ал соңғы кездері, әсіресе, тауардың айналадағы ортаға зиянсыздығына, кейбір эргономикалық, жалпы гигиеналық, антропометрикалық, психологиялық және басқа да талаптарға сәйкестігіне бас назар аударылуда. Бұған қоса, шетке шығарылатын өнімдер міндетті стандарттық сапаға сәйкес келуі тиіс.
Тауардың бәсекеге төзімділігін бағалағанда оның сату немесе сатып алу бағасы қарастырылады. Осыған қатысты мына жайттар ескерілгені жөн: нарықты және ақырғы тұтынушылардың сұранысын зерттеудің сапасы, тауарды нарыққа жеткізу мен оны сатуды ынталандырылып отыру, жарнама және тауардың өмірлік цикілін есепке алуға байланысты жүргізілетін жұмыстың тиімділік дәрежесі, баға стратегиясын таңдап алудың дұрыстығы, тауар өткізу мекемелері мен тауардың қозғалу бағаттарын белгілеу кезінде тауардың бәсекелік артықшылығы мен кемшіліктерін (маркетингтік құрастырушыларды) анықтау.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру кез келген кәсіпорының алға қойған мақсаттарының бірі екендігі сөзсіз. Курстық жұмысымда талдау жасаған “Raimbek agro” ЖШС Қазақстан нарығында сүт өнімдерін өндіретін танымал, алдыңғы қатарлы кәсіпорын болып табылады. Сонымен қатар оның өнімдері сапасы жағынан жоғары, нарықта үлкен сұранысқа ие, тұтынушы көңілінен шығатын, бәсекеге қабілетті өнім болып табылады. Алайда, отандық кәсіпорындардың өндірген өнімдері шетел нарықтарындағы бәсекелік күреске дайын еместігі анық байқалуда. Отандық кәсіпорындар жаңа стандарттарға сай келетін, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті бола алатын өнімдерді шығару үшін, әлі көп істер мен мақсаттарды жүзеге асыру қажет.
Қазіргі таңда мемлекет тарапынан кәсіпорындардың сапалы өнім өндіруіне көп көңіл бөліп, жеңілдіктер жасап, қаржы жағынан қолдау көрсетуде. Соның біріне Қазақстан Республикасы Президентінің “Сапа саласындағы жетістіктері үшін” сыйлығын алуға арналған конкурсы және “Алтын сапа” республикалық көрме конкурсы дәлел болады. Озық көрсеткіштерге жеткен өндірісшілерді, қызмет көрсетушілерді марапаттау тәжірибесі әлемнің 40 жуық елінде бар екен. Сонымен қатар Қазақстанның 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды - инновациялық даму Стратегиясында өңдеуші және ғылыми сыйымды жоғары технологиялық индустрияға аса зор көңіл бөлініп отыр. Инновацияның дамуы сапалы, бәсекеге қабілетті өнім өндіруге әсер ететін, бірден – бір факторы болып табылады,
Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына қосу міндетін қойып отыр. Егер болашақта алға қойған мақсаттарымыз бен міндеттерімізді уақытында іске асырсақ, біздің де бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіріп, әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің арасынан көрінетінімізге сөзсіз сенемін.
.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. “Сапалы өнімге берілген лайықты баға” С. Шайынғазы.// Егемен Қазақстан 2006 жыл 10 қараша.
2. “Конкуренция и конкурентноспособность” Лифиц И.М.// Минск: ООО "Новое знание", 2001г. стр 111 – 118.
3. “Бәсекелік экономика” О. Сәбден
4. “Маркетинг негіздері” Есімжанова С.Р.// Алматы: “Экономика” баспасы 2003жыл, 222 – 226 беттер.
5. “Оценка конкурентноспособности продукции” Нурмагамбетов К// Мысль 2002 г. № 5 стр. 108-111.
6. “Елулікке сапалы өніммен” Қ. Қайранбаев // Жетісу 2007жыл 24 ақпан.
7. “” Әмірбекұлы Е.//
8. “Қазақстан Республикасы Президентінің “Сапа саласындағы жетістіктері үшін” сыйлығын алуға арналған конкурсы және “Алтын сапа” республикалық көрме конкурсы туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы // Астана, Ақорда, 2006жылғы 9 қазандағы № 194 жарлығы.
9. “Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін анықтауда кәсіпорынның баға саясатын жетілдіру” Өмірзақов С.Ы. // Қаржы – қаражат 2007жыл, №2, 44 бет.
10. “Бәсекеге қабілетті өнім шығарудың тиімді тетігі – кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру” Әмірбекұлы Е // ҚазЭУ хабаршысы 2003жыл, №8, 42 – 48 бетер.
11. Вестник КазНУ экономики "Основные принципы конурентноапособности" - №6 (26) – 2003 г.
12.Белоуов В.Л. "Анализ конкурентноспобобности фирмы" Маркетинг в России и зарубежом – 2001, стр. 64-68.
13. ҚР Президентінің халыққа жолдауы. 4.04.04// Егемен Қазақстан 5 сәуір
2005 ж.
14
15. Лобанов М. "Конкурентноспособность и качества продукции" – Маркетинг №2 – 2002 г. стр.54.
1>
Достарыңызбен бөлісу: |