1. операциялық ЖҮйеге сипаттама



бет1/5
Дата29.09.2022
өлшемі23.81 Kb.
#461569
  1   2   3   4   5
Операциялық жүйе Танатов Абылайхан

1. ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕГЕ СИПАТТАМА

Операциялық жүйе — Компьютерді қосқан кезде ең бірінші жүктелетін және басқа бағдарламаларды қамтамасыз ететін жүйе. Жүйелік бағдарламаларды байланыстыратын жиыны, оның мағынасы- компьютерді қолданушымен байланысын ұйымдастырады және барлық басқа бағдарламаларды қамтамасыз етеді.
Операциялық жүйе көбінесе компьютердің сыртқы жадында- дискіде сақталады. Компьютерді қосқан кезде, ол дисктік жадтан тексеріледі де, ОЕС -да (ОЗУ) орналасады. Осы процесті операциялық жүйенің жіктелуі деп атайды.
Операциялық жүйенің функциясына кіреді:

  • Қолданушымен сұқбатты жүзеге асыру;

  • Еңгізу-шығару және деректермен басқару;

  • Бағдарламалардың өндеу процесін жоспарлау және ұйымдастыру;

  • Ресурстарды орналастыру (оперативтік жадпен кэш жадты, процессорді, сыртқы құрылымды);

  • Бағдарламаларды орындалуға еңгізу;

  • Бірнеше көмекші операцияларды қамтамасыз ету;

  • Әр түрлі сыртқы құрылымдар арасында ақпараттарды беру;

  • Перифериялық құрылымдарды бағдарламалық қолдау жұмыстары (дисплей, пернетақта, диск жинақтауыш, принтержәне т.б.).

Операциялық жүйені компьютердің құрылымдарың басқару бағдарламасының жалғасы дейміз.
ОЖ төрт негізгі түрі бар:

  1. Бір пайдаланушылық бір есептік, олар бір пернетақтаны қолдайды және тек бір есеппен жұмыс істей алады;

  2. Бір пайдаланушылық бір есептік фондық мөрімен, негізгі есеппен бірге қосымша есепті еңгізе алады және ақпаратты мөрге бағыттайды. Бұл көп көлемді ақпараттарды мөрге жіберу жұмысың тездетеді.;

  3. Бір пайдаланушылық көп есептік ,бір қолданушыға көп есептермен жұмыс жасап,өндей алады. Мысалы, бір компьютерге бірнеше принтерлер қосуға болады және әр қайсысы өз жұмысын атқарады;

  4. Көп пайдаланушылық көп есептік, бір компьютерде бірнеше қолданушылармен бірнеше есептер еңгізе алады.Осы ОЖ өте күрделі және бірталай машиналық ресурстарды керек етеді.

Компьютердің әр түрлі моделінде әр түрлі архитектуралық және мүмкіншілдік операциялық жүйелерді қолданады.Олармен жұмыс істеу үшін әртүрлі ресурстар қажет. Олар әр түрлі бағдарламалау сервис дәрежесін және дайын жұмыс бағдарламасын береді.
Дербес компьютерлер үшін операциялық жүйе, профессионалдық қолдану іске асыру үшін келесі негізгі компоненттердең түру керек:

  • Еңгізу/ шығару бағдарламаларын басқару;

  • Файлдық жүйемен және компьютер үшін жоспарланған тапсырмалармен басқаратың бағдарламалар;

  • Командалық тіл процессоры, ол ОЖ бағытталған камандаларды қабылдайды, талдау жасайды және орындайды.

Әр бір ОЖ өз командалық тілі болады, пайдаланушы ол арқылы бірнеше әрекеттер орындай алады:

  • Каталогтарды қарау;

  • Сыртқы жетек таңбаларды орындау;

  • Бағдарламаларды еңгізу;

  • басқа әрекеттер.

Талдау және пайдаланушы командаларының орындалуы, оған операциялық жадта файлдағы дайын бағдарламалардың еңгізуі және қосуы ОЖ-де командалық процессор арқылы жүзеге асырылады.
Компьютердің сыртқы құрылғылардың басқару үшін арнайы жүйелік бағдарлама қолданады — драйверлер. Стандарттық құрылғы драйверлер еңгізу-шығару базалық жүйе жиының құрайды. (BIOS).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет