1 Қоршаған ортада химиялық процестерді зерттейтін біп қатар ғылыми пәндер кешені қазіргі заманда қалыптасқан. Оларды «Қоршаған орта химиясы» жалпы тақырыбымен біріктіреді. ҚО



бет18/57
Дата19.01.2022
өлшемі269.24 Kb.
#454685
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57
ЭКОЛ.ХИМИЯ КАЗ УМК

Биологиялық ластаушылар - экожүйеде бұрын болмаған немесе мөлшері қалыпты жағдайдан аспаған организмдер түрлері. Микрорганизмдермен ластануды бактериологиялық ластану деп атайды. Әсіресе кейбір елдердің қарулы күштерінің лабораторияларында жасалатын арнайы немесе кездейсоқ ауру тудырғыш микроорганизмдердің штаммдарымен атмосферанын ластануы өте қауіпті.Экожүйедегі өсімдіктер бөтен түрлермен өздері бөліп шығаратын фитонцидтер деп аталатын арнайы заттармен күресе алады. Кейбір фитонцид түрлері көп клеткалы организмдерге қатты әсер етіп тіпті жәндіктерді өлтіріп те жібереді. Олар әсіресе бактериялы және саңырауқұлақты флораға қатты әсер етеді. Емен ағашының фитонциді қашықтан дизентерия мен паратиф қоздырғыштарын өлтіреді. Эвкалипт ағашының жапырақтары бөлетін фитонцидтер стрептококты, май қарағай қылқандары - дифтерия қоздырғышын, қарағайдың қылқандары - өкпе - құрт ауруы қоздырғыштарын өлтіреді. 1 га арша тоғайы күніне 30 кг фитонцидтер бөледі. Олар зиянды микроорганизмдерді өлтіріп қана қоймай, шыбындарды және басқа да жәндіктерді жолатпайды.

Биосфераның ластануын локальды, региональды ж/е глобальды деп бөледі. Ластағыштардың түрлері өте көп: атмосфераға әр түрлі қосылыстармен қоспаларды лақтыру; сулы ортаға әр түрлі өнеркәсіптік ж/е өндірістік қалдықтарының, мұнай продуктлерінің түсуі, ландшафтардың мусормен ластануы, орман, шабындықтар, даланың, су қоймалардың пестицидтермен, минеральды тынайтқыштармен ластануы; радиацияның денгейінің көтерілуі; жылулықтың атмосферадағы жиналуы т.б. Адам мен экожүйелер үшін ең зиянды болып химиялық ластану болып келеді.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Биосфераның негізгі ластану турлері қандай?

  2. Биосфераның химиялық ластануының негіздері

  3. Қоршаған ортаның өндіріс қалдықтарымен ластануы және олардың жіктелуі қандай?

  4. Қазақстан аумағының химиялық ластануы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет