Гляциологиялық мониторингдеп атмосферадағы, гидросферадағы, литосферадағы табиғи мұздар, олардың даму динамикасы мен режимі, қоршаған ортамен қарым-қатынасы, жердің эволюциясындағы мұздың рөлін болжау, бақылау жүйесін айтады.
Импактылы мониторинг –қоршаған ортадағы ерекше қауіпті аймақтар мен қауіпті жерлердегі антропогендік әрекеттердің тигізетін зардаптарын зерттейді. Ластанудың мөлшері немесе өлшемі – табиғи ортаның жекелеген құрамдас бөліктерінің (топырақ, су, атмосфера) ластауды тудыратын себепті анықтау құралы, ауқымы, таралу көлемі және сапалы талдау кіреді качественный анализ.
Жергілікті мониторинг – атмосферадағы адамды улайтын химиялық заттардың уытты құрамын, табиғи судың, өсімдіктердің, топырақтың, нақтылы ластайтын ошақ көздерін (өнеркәсіп орындары, құрылыс нысандары, кен өндіру, мелиоративтік жүйені, энергетика өндірісі және т.б.) бақылайды. Сонымен бірге ластану себептерін, табиғи ортаның ластану дәрежесін анықтайды. Жергілікті мониторинг қоршаған ортаның жағдайын сол ортада өмір сүретін адамдардың ден-саулығына қарап бағалайды, ол дегеніміз табиғи ортаның ең маңызды, ауқымды және кешенді жағдайы. Жергілікті мониторингті табиғатты қорғау қызметтерін жасаушылар жүргізеді.
Бақылау сұрақтары:
Қоршаған табиғи орта мониторингі дегеніміз не?
Кеңістіктік және уақыттық бойынша мониторингтің жіктелуі?
Гляциологиялық мониторинг нені зерттейді?
Жергілікті мониторингтің зерттеу обьектісі?
Достарыңызбен бөлісу: |