1-қосымша. Құжаттар тізімі



жүктеу 66.97 Kb.
Дата17.07.2016
өлшемі66.97 Kb.

1-қосымша. Құжаттар тізімі


КИМЭП бағдарламаларына түсу мақсатымен қабылдау комиссиясына тапсырылған құжаттар қайтарылмайды білім туралы құжаттардың түпнұсқасын қоспағанда (аттестаттар, дипломдар; ҰБТ, КТ сертификаттары).
1.1 Бакалавриат бағдарламасына түсуші талапкерлер үшін

  • Оқуға түсуге өтініш

  • Төлқұжаттың немесе жеке куәліктің көшірмесі

  • 3x4 көлемдегі 6 фотосурет

  • Жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастапқы және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа)

  • 086-У үлгідегі дәрігерлік анықтама немесе шетелдік азаматтар үшін оның баламасы (9-қосымшаны қараңыз)

  • ҰБТ немесе КТ сертификаты

  • Мотивациялық эссе (талаптарды 6-қосымшадан қараңыз)

  • Бар болса: Ағылшын тілінің халықаралық тестері (IELTS, TOEFL, Cambridge English Exam және т.б.) бойынша жарамды нәтижелері

  • Талапкердің қалауы бойынша, ол құжаттар пакетіне қосу үшін лайықты деп санаған басқа құжаттарды тапсыруына болады. Оған сертификаттарының көшірмесі, соңғы 3 жыл ішінде ұлттық және халықаралық деңгейде алған талапкердің мүдделілік танытқан саласы бойынша грамоталары мен марапаттары кіреді.

1.2 Басқа жоғары оқу орнынан ауысып келетін бакалавриат студенттері үшін

Қазақстандық ЖОО-дан ауысып келетін және қайта қабылданатын студенттер үшін

  • Ауыстыру және қайта қабылдау туралы өтініш;

  • Төлқұжаттың немесе жеке куәліктің көшірмесі

  • 3x4 көлемдегі 6 фотосурет

  • 086-У үлгідегі дәрігерлік анықтама немесе шетелдік азаматтар үшін оның баламасы (9-қосымшаны қараңыз)

    • Жоғары оқу орнынан анықтама (оқу курсын, оқу бағдарламасын, оқу түрін көрсетумен);

    • Мотивациялық эссе (рәсімдеуге қойылатын талаптарды 6-қосымшадан қараңыз).

      1. КИМЭП-ке ресми тіркелгеннен кейін рәсімделген, алдыңғы жоғары оқу орны басшысының атына (басшының қолы қойылып, мөрі басылған) ауыстыру туралы өтініш;

      2. Алдыңғы ЖОО-дан оқу ведомсінің / транскриптінің ресми көшірмесі;

      3. Академиялық анықтама;

      4. Ұлттық біріңғай тестілеу (ҰБТ) немесе Ұлттық кешенді тестілеу (КТ) сертификаты;

      5. Қосымшасымен орта білімді аяқтағанын растайтын құжат (аттестат).

Кредиттерді аудару немесе жеделдетілген бағдарлама бойынша оқу мүмкіндіктерін қарау мақсатында (техникалық және кәсіптік оқу орындарының түлектері үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет):



        • Транскрипт түпнұсқасы (оқу сағаттары мен бағалау жүйесін сипаттаумен);

        • Жоғары оқу орнының лицензиясы;

        • ҚР Білім және ғылым министрлігінен аттестаттаудың растамасы;

        • Факультетте бекітілген пәндердің сипаттамасы.

Шетелдік жоғары оқу орындарынан ауысып келетін және қайта қабылданатын студенттер үшін

  • Ауыстыру туралы өтініш

  • Төлқұжаттың немесе жеке куәліктің көшірмесі

  • 3x4 көлемдегі 6 фотосурет

  • 086-У үлгідегі дәрігерлік анықтама немесе шетелдік азаматтар үшін оның баламасы (9-қосымшаны қараңыз)

  • Жоғары оқу орнынан анықтама (оқу курсын, оқу бағдарламасын, оқу түрін көрсетумен)

  • Алдыңғы ЖОО-дан оқу ведомсінің / транскриптінің ресми көшірмесі

  • Орта білімді аяқтағанын растайтын құжат (аттестат), қосымшасымен

  • Қазақстан Республикасында жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік білім алған тұлғалар шетелдік жоғары оқу орнынан ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде меңгерілген оқу бағдарламалары (академиялық анықтама, транскрип және т.б.) туралы құжат, белгіленген шекті балдан төмен емес балмен ұлттық біріңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу сертификатын тапсырады. Ұлттық біріңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу сертификаты болмаған жағдайда, студент ауыстыру туралы бұйрық шыққанға дейін кешенді тестілеу тапсырады.

  • Мотивациялық эссе (рәсімдеуге қойылатын талаптарды 7-қосымшадан қараңыз ).


1.3 КТ тапсыратын талапкерлер үшін. КТ қатысатын талапкерлер де тапсырулары қажет:

      • белгіленген үлгідегі бланкідегі өтініш

      • жалпы орта (орта жалпы) білімді аяқтағаны туралы аттестат немесе техникалық және кәсіптік (бастапқы және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білімді аяқтағаны туралы диплом (түпнұсқа);

      • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

      • тестілеуден өту үшін төлемі туралы түбіртек

      • 3 x 4 көлемдегі екі қосымша фотосурет

      • 086-У үлгідегі дәрігерлік анықтама немесе шетелдік азаматтар үшін оның баламасы (9-қосымшаны қараңыз)


1.4 Магистратура бағдарламасына түсуші талапкерлер үшін

  • оқуға түсуге өтініш

  • төлқұжат немесе жеке куәлігінің көшірмесі

  • 3x4 көлемдегі 6 фотосурет

  • жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі

  • кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін)

  • 086-У үлгідегі дәрігерлік анықтама немесе шетелдік азаматтар үшін оның баламасы (9-қосымшаны қараңыз)

  • ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса)

  • екі кепілдеме хат (тек LLM, MPA, MIR бағдарламалары үшін)

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технологиясы бойынша шетел тілінен қабылдау емтихандарын тапсырушы талапкерлер емтиханға дейін – ҰТО тесттілеуден өту үшін төлемі туралы түбіртектің түпнұсқасын және емтиханнан кейін – емтихан қортындылары көрсетілген сертификаттың түпнұсқасын тапсырулары тиіс

  • Бар болса: Ағылшын тілінің халықаралық тестері (IELTS, TOEFL, Cambridge English Exam және т.б.) бойынша қазіргі жарамды нәтижелері

Талапкердің қалауы бойынша, ол құжаттар пакетіне қосу үшін лайықты деп санаған басқа құжаттарды тапсыруына болады. Оған сертификаттарының көшірмесі, ұлттық және халықаралық деңгейде алған талапкердің мүдделілік танытқан саласы бойынша грамоталары мен марапаттары кіреді. Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыруды жүргізгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

Құжаттардың көшірмесі салыстыру үшін түпнұсқасымен бірге қабылдау бойынша маманға тапсырылуы керек. Құжаттардың түпнұсқасына салыстыру жүргізілгеннен кейін ол иелеріне қайтарылады1.
1.5 DBA докторантура бағдарламасына түсуші талапкерлер үшін

  • оқуға түсуге өтініш

  • төлқұжаттың немесе жеке куәлігінің көшірмесі

  • 3x4 көлемдегі 6 фотосурет

  • медициналық мамандықтар бойынша магистратура немесе резидентураны бітіргендігі туралы құжаттың көшірмесі

  • кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін); кәсіптік түйіндеме (резюме)

  • 086-У үлгідегі дәрігерлік анықтама немесе шетелдік азаматтар үшін оның баламасы (9-қосымшаны қараңыз)

  • мақсаттары туралы эссе (500 немесе одан да аз сөзбен), онда талапкердің академиялық және кәсіптік мүддесі; талапкер DBA бағдарламасында алған білімі мен дағдысын кәсіби түрде және жеке басына қалай пайдаланатыны; докторлық бағдарламаны нәтижелі өтуіне көмектесетін талапкердің күшті және ерекше қасиеттері; КИМЭП Университетін таңдау себептері көрініс табады.

  • ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса)

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технологиясы бойынша шетел тілінен қабылдау емтихандарын тапсырушы талапкерлер емтиханға дейін – ҰТО тесттілеуден өту үшін төлемі туралы түбіртектің түпнұсқасын және емтиханнан кейін – емтихан қортындылары көрсетілген сертификаттың түпнұсқасын тапсырулары тиіс

  • халықаралық тестер (TOEFL, GMAT немесе оның баламалары) бойынша қазіргі нәтижелері

  • Талапкердің қалауы бойынша, ол құжаттар пакетіне қосу үшін лайықты деп санаған басқа құжаттарды тапсыруына болады. Оған сертификаттарының көшірмесі, ұлттық және халықаралық деңгейде алған талапкердің мүдделілік танытқан саласы бойынша грамоталары мен марапаттары кіреді.



1.6 Тыңдаушылар үшін (академиялық дәреже тағайындаусыз)

  • Тыңдаушыларға арналған сауалнама

  • Төлқұжаттың немесе жеке куәліктің көшірмесі

  • Өтілген пәндер туралы қосымшасымен алдыңғы білімі туралы құжаттың көшірмесі (тыңдаушы (баға қойылмайтын) студенттерге тапсыруларына міндетті құжат емес)

  • 086-У үлгідегі дәрігерлік анықтама немесе шетелдік азаматтар үшін оның баламасы (9-қосымшаны қараңыз)




1 Қабылдаудың үлгілік ережелері (19 қаңтар 2012), 2-бет.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет