1. Основные тенденции развития тяжелого машиностроения в Казахстане


D-принтеры и аддитивное производство как первый проект цифровой трансформации промышленности



бет14/20
Дата02.12.2022
өлшемі87.08 Kb.
#466281
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
ЭССЕ жауаптары

15. 3D-принтеры и аддитивное производство как первый проект цифровой трансформации промышленности
Саланың цифрлық трансформациясының алғашқы жобасы ретінде 3D принтерлер және аддитивті өндіріс


Аддитивті технологиялар (AF – Additive Manufacturing) – бұл алдын ала 3D-модель бойынша графикалық редакторда жасалған, бағдарламалап қабаттап өсіру және объектіні синтездеу. 3D-басып шығару – бұл аддитивті технологиялардың ауызекі атауы, ол өндірістің жаңа түрінің бөлігі болып табылады (нысан өндірісін бастиекпен, шүмекпен немесе басқа баспа технологиясының көмегімен материалды түсіріп басып шығару). 3D принтер – 3D басып шығару машинасы. Бұл әдістің мәнін жақсы түсіну үшін, міндетті түрде бір нәрсе өндірудің негізгі екі тәсілі бар екенін түсінуіміз керек. Біріншісі – механикалық өңдеу арқылы, бірте-бірте артық іс-әрекеттен арылу: кесу, шыңдау, бұрғылау. Екіншісі – аддитивті, материалды біртіндеп қосып, қажетті пішінге ұлғайту. Аддитивті технологиялар және олармен ажырамас цифрлық технологиялар өндірістік технологияларды түбегейлі өзгертіп, ХХІ ғасырдағы өнеркәсіптің дамуындағы үлгісі болып табылады [4]. Дәстүрлі технологиялар «азайтатын», аддитивті – «қосушы» болып табылатын өнеркәсіптік идеология қайта құрылып жатыр [5]. Бұйым 3D-модельдеуге сәйкес металлдан немесе металл емес ұнтақтан қабаттап өсіру арқылы жасайды. Аддитивті технологияларды пайдаланған кезде өндіріске керек материал қажетті мөлшерде пайдаланылады, оның экономикалық тиімділігі 85% дейін болуы мүмкін. Аддитивті технологияның айрықша ерекшелігі дәстүрлі жолмен алынбайтын, атап айтқанда дәнекерлеу, құю, деформациялау, қысымдау және т.б. сияқты бұйымдарды ең аз өндірістік шығындармен және қоршаған ортаға теріс әсерін тигізбей шығаруға мүмкіндік береді. Аддитивті технологиялар технологиялық прогрестің маңызды элементі болып табылады. 1-кестеде қолданыстағы өндірістердің артықшылықтары мен кемшіліктері көрсетілген. Кесте – 1 қолданыстағы өндірістердің артықшылықтары мен кемші-ліктері көрсетілген Өндіріс түрі Бұйымдарды әзірлеу әдістері Технология түрлері Артықшылықтары/ кемшіліктері 17 1 – кестенің жалғасы Өндіріс түрі Бұйымдарды әзірлеу әдістері Технология түрлері Артықшылықтары/ кемшіліктері Дәстүрлі өндіріс Дәстүрлі бұйымды әзірлеу Дәстүрлі технологиялар – өндіріс циклының ұзақтығы; өндірістік шығындарының артуы; – адам факторының болуы; – ақаудың айтарлықтай үлесі; – қауіп-қатердің артуы Жылдам прототиптер Сандық жобалау Дәстүрлі технологиялар – өндіріс циклының қы-қаруы; – өндіріс шығындарының азаюы; – қатердің айтарлықтай бөлігі; – адам факторының бо-луы; Аддитивті өндіріс Сандық жобалау Аддитивті технологиялар – қателіктердің болмауы; – нарықты жылдам игеру; – бұйым жасаудың жоғарғы дәлдігі; – транзакциялық шығындардың азаюы. Аддитивті өндірісінің алгоритмі 1-суретте көрсетілген. Өндірістік процестерге аддитивті технологияларды енгізудің негізгі деңгейлері [7]: 1 – ші деңгей-жарақтар мен үлгілер өндірісі; 2 – ші деңгей-прототиптеу; 3 – ші деңгей-сериялық бұйымдарды анықтау. Сурет – 1 Аддитивті өндірістің алгоритмі ДАЙЫН БҰЙЫМ МӘРЕЛІК ӨҢДЕУ 3D-БАСПА ҚАБАТТАРҒА БӨЛУ STL- ФАЙЛЫН ҚҰРУ CAD-ҮЛГІЛЕРІН ДАЙЫНДАУ АДДИТИВТІ ӨНДІРІС 18 Осылайша, аддитивті технологиялар (АТ) ұғымының мазмұнына мынадай мағыналық бірліктер кіреді: 1) Технология; 2) Күрделі форманың бөлшегі; физикалық объект; үш өлшемді физикалық объект; 3) Материалды қабаттап жағу; материалды дәйекті жағу; материалды қосу; 4) Сандық модель; CAD-модель; CAD-жүйеден түсетін деректерді түрлендіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет