1. Основные тенденции развития тяжелого машиностроения в Казахстане


Основные тенденции развития диагностики и мониторинга состояния технологического оборудования



бет5/20
Дата02.12.2022
өлшемі87.08 Kb.
#466281
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
ЭССЕ жауаптары

4. Основные тенденции развития диагностики и мониторинга состояния технологического оборудования.
Технологиялық жабдықтың диагностикасы мен жай-күйін бақылау дамуының негізгі үрдістері.
Техникалық диагностика – қазіргі кездегі техниканың дамуына байланысты кейінгі онжылдықта пайда болған жас ғылым. Мұнай мен газды өндіруде, тасымалдауда, өндіруде қолданылатын күрделі және қымбат техникалық жүйенің әлі де өсіп келе жатқан маңызы, олардың қауіпсіздігіне, істен шықпай жұмыс істеуіне және жұмыс істеуінің ұзақтығына талаптар жүйенің күйін бағалауды, оның сенімділігін өте маңызды етеді.
Диагностика, оның ішінде бөлшектемей бақылау әдістерімен, пайдаланушы ұжыммен де, өндіріс қауіпсіздігі сарапшыларының құрамына арнайы ұжымды (сәйкес лицензиясы бар) шақырып та жүргізілуі мүмкін. Потенциальды қауіпті өндіріс объектілерін бақылауды мемлекеттік бақылау органдары: ШЖМ, прокуратура, Минэнерго, Минатом және басқалар, әрқайсысы өз бөлігіне қатысумен жүргізеді.
Техникалық диагностика – диагностикалық ақпаратты алумен және бағалаумен байланысты проблемалардың кең ауқымын қамтитын техникалық жүйенің күйін білу жөніндегі ғылым. Біздерді бұдан былай қызықтыратын объектілер: бұрғылау, мұнай-газ өндірісінің жабдықтары, мұнай-газ құбырлары және мұнай сақтау орындары.
Техникалық диагностиканың мақсаты – диагностика жасалатын жабдықтардың одан әрі пайдаланудың мүмкіндіктері мен шарттарын анықтау, ақырында олардың өндірістік және экологиялық қауіпсіздігін арттыру. Осы мақсатқа жетудегі техникалық диагностиканың міндеттері мыналар:
- ақаулар мен сәйкес келмеушіліктерді, олардың пайда болу себептерін анықтау және осылардың негізінде жабдықтың техникалық күйі жөнінде мәлімет алу;
- жабдықтардың техникалық күйлері мен қалдық ресурстарын болжау (жабдықтың жұмыс қабілеттілік күйі сақталатын уақыт интервалын берілген ықтималдылықпен анықтау).
Сонымен техникалық диагностика, көбісі басқа ғылыми пәндердің қарастыратын мәселелерімен сабақтас, мәселеллердің үлкен шеңберін шешеді. Техникалық диагностиканың негізгі проблемасы шектеулі ақпарат жағдайында техникалық жүйенің күйін анықтау.
Көрсетілген мәселелерді шешу, әсіресе күрделі техникалық жүйелер мен жабдықтар үшін, үлкен экономикалық тиімділікке қол жеткізуге және сәйкес қауіпті өндірістік объектілердің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жабдықтардың күйлерінің түрлері және техникалық диагностиканың жүйесі. МЕМСТ 20911-89 екі терминдерді қарастырады: «техникалық диагностикалау» және «техникалық күйді бақылау». Техникалық диагностикалау – бұл кезде ілгеріде көрсетілген техникалық диагностикалаудың мәселелері тең дәрежелі немесе негізгі мәселе ақау орнын іздеу және істен шығудың себептерін анықтау. Техникалық күйді бақылаудағы техникалық диагностикалаудың негізгі мәселесі – техникалық күйдің түрін анықтау. Берілген уақыт сәтіндегі объектінің параметрлерінің шамасымен сипатталатын техникалық күйдің мынадай түрлері бар:
- ақаусыз – объект нормативтік-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттардың барлық талаптарына сай келеді;
- ақаулы - объект нормативтік-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттардың талаптарының ең кем дегенде біріне сай келмейді;
- жұмысқа қабілетсіз – объектінің берілген функцияны орындау қабілетін сипаттайтын параметрлерінің ең кемінде біреуі нормативтік-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттардың талаптарына сай емес;
- шектік – қауіпсіздік талаптарына сай келмеуі немесе жұмыс тиімділігінің жөнге келмейтіндей төмендеуі себептерінен объектіні одан әрі пайдалану техникалық мүмкін емес немесе тиімсіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет