1 Педагогика-адам тәрбиесі туралы ғылым


) Тұтас педагогикалық процесс



бет2/4
Дата01.12.2023
өлшемі19.39 Kb.
#485097
1   2   3   4
Педагогика 27-35-2

27) Тұтас педагогикалық процесс – жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесу процесі (Н.Д.Хмель – Қазақстанда тұтас педагогикалық процестің теориясын қалыптастырушы ғалым).
Сонымен, тұтас педагогикалық процесс – ол мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесу процесі болып табылады, оның барысында әлеуметтік тәжірибе тұлғаның қасиеттеріне алмасады.
Тұтас педагогикалық процестің негізгі белгілері – мақсаттылық, екіжақтылық және тұтастық. Мақсаттылық – тұтас педагогикалық процесс әр уақытта белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталады, яғни нәтижесі алдын-ала болжанады.
Екіжақтылық – процестің нәтижесінің тиімділігі мұғалім мен оқушының әрекеттерінің өзара байланыстылығына және белсенділігіне байланысты. Тұтас педагогикалық процесс келесі компоненттерден тұрады: мақсат, мазмұн, әдіс-тәсілдер және формалар, нәтиже, мұғалім әрекеті, оқушы әрекеті.
Мақсат біртұтас педагогикалық процестің жүйе құраушы компоненті болып табылады, өйткені мақсатқа байланысты процестің мазмұны және оны іске асырудың формалары мен әдіс-тәсілдері таңдалады. Тұтас педагогикалық процестің негізгі қызметі білім алушылардың интеллектуалдық, эмоционалдық, әлеуметтік және физикалық аспектілерін қоса алғанда, жан-жақты және үйлесімді дамуын қамтамасыз ету болып табылады. Ол өзін-өзі дамытуға, шығармашылық ойлауға және табысты әлеуметтенуге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
28) Педагогикалық өзара әрекеттесу педагогикалық процестің негізгі сипатамасы болып табылады. Ол «субъект-субъектілік қатынастармен» сипатталады, яғни мұғалім де, оқушы да педагогикалық процестің белсенді қатысушылары болып табылады, бір-біріне әсер етеді.
Педагогикалық өзара әрекеттесу, «субъект-объектілік қатынастармен» сипатталатын педагогикалық әсер етуден әлдеқайда кең ұғым.
Педагогикалық өзара әрекеттесу өзіне келесі өзара әрекеттесулерді қамтиды: «оқушы – оқушы», «оқушы – ұжым», «оқушы – мұғалім», «оқушы –меңгеру объектісі». Педагогикалық процестің негізгі қатынас, ол «педагогикалық әрекет – тәрбиеленуші әрекеті». Осы процестің нәтижесін анықтайтын негізгі қатынас «оқушы – меңгеру обектісі». «Оқушы – мұғалім қатынасы» мұғалімнің оқушының белсенді әрекетін басқаруымен сипатталады, оның барысында оқушы әрекет тәсілдерін меңгере отырып, оның тұлғасы өзгеріске ұшырайды, яғни дамиды.
29) Оқыту, кең мағынада, білім, білік және дағдыларды игеру мақсатында оқушыларға жүйелі және мақсатты әсер етуді қамтиды. Педагогикалық процесс аясында бұл мұғалімдердің оқу жоспарларын әзірлейтінін, әртүрлі әдістерді қолданатынын, сабақ өткізетінін және оқушылардың үлгерімін бағалайтынын білдіреді. Оқыту оқу материалын қалыптастырумен, оқытудың қолайлы әдістерін таңдаумен және оқу процесінің тиімділігін бағалаумен тығыз байланысты. Осылайша, ол оқушылардың білімін сәтті игеруге және қажетті дағдыларды дамытуға ықпал ететін жағдай жасауда маңызды рөл атқарады.
30) Оқыту процесінің мәні мұғалімнен оқушыға білім, Дағдылар мен құндылықтарды беру және игеру болып табылады. Бұл процесс өзара әрекеттесуді, екі жақтың да белсенді қатысуын, оқушылардың жеке қажеттіліктеріне бейімделуді және олардың толық дамуы үшін жағдай жасауды қамтиды.
Оқытудың маңызды міндеттері:
- Оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру.
- Оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруіне керекті оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.
- Ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет