1 Педагогикалық бағдарламалық құралдардың дидактикалық мүмкіншіліктері


Интернет желісінде ақпараттық ресурстарды қолдан



бет23/70
Дата02.01.2022
өлшемі156.95 Kb.
#453911
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   70
Дәріс2

Интернет желісінде ақпараттық ресурстарды қолдану

Интернет желісінде жалпы білім беру жүйесіне мақсатқа сай тағайындалған ресурстарды жинақтайтын көптеген каталогтар жəне порталдар бар.

Интернет желісінде мұндай каталогтар мен ақпараттық ресурс-тарды қолдану төмендегідей мүмкіндіктер береді:

- педагогтар, оқушылар жəне ата-аналарды білім беру мақсаты мен мазмұнына сəйкес белсенді, өз кезегінде жəне жеткілікті ақпаратпен жедел қамтамасыз ету;

- білімді өздігімен меңгерумен байланысты оқушылар іс-əрекетінің түрлі формасын ұйымдастыру;

- қазіргі ақпараттық жəне телекомуникациялық технология-ларды (мультимедиа технологиялары, виртуалды нақтылық, гипермəтіндік жəне гипермедиа-технологиялар) оқу əрекетінде қолдану;

- оқытудың нəтижелілігін объективті өлшеу, бағалау жəне бақылау, оқушылардың оқу əрекетінің нəтижелерін мемлекеттік білім беру стандартының талаптарымен салыстыру;

- оқушылардың оқу əрекетін оның білім, білік жəне дағды деңгейіне бара-бар түрде, сонымен қатар олардың оқуға деген мотивациясының ерекшеліктеріне қарай басқару;

- оқушыларды дербес өзіндік оқыту үшін жағдай жасау;

- оқытудың тиімділігін арттыруға бағытталған педагогтар, оқушылар жəне ата-аналардың тұрақты жəне оперативті қарым-қатынасын жақсарту;

- жалпы білім беру мекемелеріндегі тиімді іс-əрекетті елдегі нормативті ережелер мен мазмұндық тұжырымдамаларға сəйкес ұйымдастыру;

Жалпы орта білім беруде интернет желісіндегі ақпараттық ресурстарды қолдану мақсатқа лайықты болуы мүмкін. Мұндай ресурстардың ішінде білім берудегі Интернет-порталдарды ерекше-леуге болады, олар өздері бір жағынан ресурстар каталогы, сервистік жəне компьютерлік программалық құралдардың құрылғылары, қағаздағы басылымдарды электронды түрде көрсету, электрондық оқу құралдары жəне оқытудың нəтижесін өлшеу құралдары, жаңалықтар, хабарламалар қамтылған ресурстар жəне білім беру үдерісінің қатысушыларының қарым-қатынасына арналған құралдар бола алады.

Ақпараттық ресурстардың көпшілігі оқытушылар мен оқушылардың оқыту үдерісі барысында қолдануына бағытталған. Мұндай ресурстардың бір бөлігі мемлекеттік білім беру стан-дартымен жəне əрбір оқу пəні бойынша бағдарламаларға сəйкес оқытудың дəстүрлі жүйесінде қолдануға арналған. Басқа білім беру ресурстары оқудан тыс жəне оқушылардың оқудан тыс жұмыстарына, білімі жəне білімді дербес меңгеруін тереңдетуге (оқушыларға жəне мектеп бітірушілерге) арналған. Анықтамалық жəне энциклопедиялық сипаттағы ресурстар, сонымен қатар өлшеу, бақылау жəне оқу əрекетінің нəтижесін бағалау құралдары ерекшеленеді.

Интернет желісінде ақпараттық ресурстарды қолдана отырып, педагогтар оқушылардың танымдық іс-əрекетін арттыруға, оқыту жəне тəрбиелеу нəтижесін оперативті бақылауға, оқыту деңгейін арттыруға арналған мақсатқа лайықты шешімдер қабылдауға жəне оқушылардың білім сапасын көтеруге, педагогикалық шеберлікті жетілдіру, оқу, əдістемелік жəне ұйымдастыру сипатындағы ақпаратқа адрестік қолжетімділікке тиімді басшылық жасай алады. Өзіндік ақпараттық ресурстарды жасаумен айналысатын педагог-тар авторлық құқықты сақтай жəне қажетті сілтемелер жасай оты-рып, желіде жарияланған білім беру ресурстарының фрагментін қолдануға қосымша мүмкіндік алады.

Оқушылардың Интернет желісіндегі ақпараттық ресурстарға кіру мүмкіндігі оқушыларды мектепте оқу үшін қажеттіні табуда, оқытушының берген тапсырмасын орындауда, өзіндік оқу жəне мəдени-тынығу жұмыстарын ұйымдастыруда негізгі жəне қосымша оқу материалымен қамтамасыз етеді. Осындай ресурстарға байла-нысты оқушыларда жаңалықтармен танысуға, өтетін олимпиадалар, сайыстар туралы білуге, қосымша мəліметтер алуға, педагогтармен, достарымен жəне басқалармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Мектеп бітірушілер Интернет желісіндегі ақпараттық ре-сурстардан білім беруді жалғастыруға қажетті – институт, универ-ситет жəне академия туралы, қабылдау уақыты мен шарты, түсуге арналған қажетті оқу жəне əдістемелік материалдарды таба ала-ды. Оқушылардың ата-аналары жəне қоғам мүшелері Интернет желісіндегі ақпараттық ресурстарды қолдана отырып, білім берудің федералдық жəн регионалдық жүйесінің дамуы жəне қызметі ту-ралы біле алады, оқу жоспарларымен, программалармен жəне оқытушылар нұсқауларымен танысады, жалпы білім беру сапасын арттыруға əсер етеді.

Интернет желісіндегі ақпараттық ресурстарды қолдана оты-рып, білім беру мекемелерінің администрациясы күшіне енген заң жəне нормативті құжаттар бойынша тиімді басқару шешімдерін қабылдай алады, оқытушылардың іс-əрекетін объективті бағалайды,оқу мекемелерінің əрекетін администрациялау жəне жалпы жоспар-лау деңгейін арттыру негізінде жұмыстастарымен оперативті əрекет жүргізеді.

Ақпараттық ресурстардың негізгі бөлігін барлық орта білім берудің пəндерінен бағдарлама негізінде оқушылардың оқу тиімділігін арттыру үшін қолдану қажет.

Интернет желісінде ақпараттық ресурстарды қолдану педа-гогтармен оқытудың əдістемелік жүйесінің – мақсаты, мазмұны, əдістері, ұйымдастыру формалары жəне оқыту құралдарымен сəйкестікте болу қажеттігін түсіну қажет. Қолданылатын ресурстар осы жүйеге оның компоненттеріне нұқсан келтірмейтіндей орналас-тырылуы тиіс.



Мұнда интернет желісіндегі ақпараттық ресурстарды қол-данумен оқыту əдістерін таңдау мен сипаттауға назар аудары-луы тиіс. Мұндай əдістердің құрамына оқытудың мақсатына, оқушылардың жоба-зерттеу əрекетіне сай интернет желісіндегі ресурстармен əрекетке негізделген, оқушылардың оқу ақпаратын іздеуі мен қолдануы, оқушылар мен педагогтардың оқу қарым-қатынасы үшін телекомуникациялық компоненттерін пайдалануы жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет