1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері-emirsaba.org
13.Білім беру түрлері мен модельдері, білім беру жүйесінің компоненттері. Білім беру жүйесі- сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім
беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты- бәсекеге қабілетті маман
дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз
мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты
түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны
қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз
кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін
адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық
құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге
талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға
құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы
қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын
талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы,
кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Нәтижеге бағытталған білім беруді ұйымдастыратын жаңа мектепте:
-Денсаулық сақтау ортасын құру
-Ұлттық мәдени құндылықтарды қалыптастыратын
әлеуметтендіру ортасын құру
-Сапалы білім, саналы тәрбие беру
-Жеке тұлғаны қалыптастыруда қоғамдағы мұғалім- ата-ана оқушы арақатынасының тиімді нәтижеге жетуіне жағдай туғызу
-12 жылдық білім беруге көшу
Қазіргі заманғы білім беру моделінің талаптары
-Функциональдық сауаттылық
-Оқыту процесін ұйымдастыру мен нәтижелерін бағалаудың құралы мен
формалары
-Жаңа формация мұғалімі
-Мұғалімдердің кәсибі біліктіліктерін үнемі арттыруы (деңгейлік
курстар)
-”Оқушы- мұғалім- ата- ана” үштігі (қоғамдастық)
-ақпараттық- коммуникативті технологияларды сабақта пайдалану
-Қазіргі заманғы технологияларды сабақтарға енгізу (Сын тұрғысынан
ойлау т. б.)
-Үштілділік- қазіргі заман сұранысы.