1 пән Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі



бет17/27
Дата27.05.2024
өлшемі117.77 Kb.
#501932
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
Моа ГОС нов

а3а2b ab2b3  (a3a2b)  (ab2b3 )  a2 (a b)  b2 (a b)  (a b)(a2b2 )  (a b)2 (a b). 2- тәсіл. а3а2b ab2b3  (a3b3 )  (a2b ab2 )  (a b)(a2ab b2 )  ab(a b)  (a b)(a2ab b2ab)  (a b)2 (a b). 3-тәсіл. а3а2b ab2b3  (a3ab2 )  (a2b b3 )  a(a2b2 )  b(a2b2 )  (a2b2 )(a b)  (a b)(a b)(a b)  (a b)2 (a b). Мұндағы басты мақсат есепті шешудің әр түрлі тәсілдерін табу, оқушы ұнағанын өзі таңдауы тиіс. Өздігінен есеп құрастыру арқылы оқушылардың математикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін арттыруға болады. Мысалы, 20 + 30 = 50 теңдігін қанағаттандыратын есеп құрастыру талап етілсін: а) Айгерім 20 төркөз және 30 жолды дәптер сатып алды. Ол барлығы қанша дәптер сатып алды? ә) Дәурен мен Ұлан бірінші күні 20 түп ағаш, ал екінші күні бірінші күнгіден 10 түп ағаш артық отырғызды. Олар барлығы қанша түп ағаш отырғызды? Оқушыларды есеп құрастыруға үйрете отырып, құрастыратын есептердің түрін өзгертіп беру дұрыс. Сонымен, әр түрлі есептерді шешу ойлау қабілетін тәрбиелеуге, ойын анық жеткізуге, қысқа сөйлеп, терең ойлауға ықпал жасайды.

  1. Математиканы оқытудағы пәнаралық байланыс.

Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесінің мақсаты мен міндеттері.
МОТжӘ ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.
Математиканы оқыту әдістемесі» курсы болашақ математика пәні мұғалімдерін оқушыларға сапалы математикалық білім беруге дайындау болып табылады. «Білім беру» ұғымы философияда, психологияда және педагогикалық ғылымда жиі қолданылатын ұғым болып табылады. Білім беру-алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа әлеуметтік тәжірибелерді тұрақты түрде жеткізіп отыру үрдісі. Қазіргі заманғы білім беру оқушыға көңіл аударуды, оның өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тануын күшейтумен, жалпы адамзаттық білімдерді берумен, оқушының қоршаған ортаға және өзіне көңіл аударуымен, оның өмірде өз орнын іздеуімен және табуымен сипатталады. Курстың объектісі: Математика мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес әдістемелік-математикалық білім, білік, дағдылар мен құзыреттіліктерді қалыптастыру барысы. Курстың пәні: болашақ математика мұғалімінің математиканы оқыту әдістемесінен білім, білік, дағды және құзыреттіліктерін қалыптастыру барысы. Курстың мақсаты: білім алушыларды жалпы білім беретін мектептерде математиканы оқытудың нақты жағдайларында туындайтын оқу-әдістемелік міндеттерді кәсіби тұрғыда шешуде қажет болатын білім, білік, дағды және құзіреттіліктер жүйесімен қаруландыру. Курстың міндеттері:
-математиканы оқыту барысындағы педагогикалық үдерістің оқушыларды дамытудың құралы мен факторы ретіндегі мән-мағынасын, заңдылықтарын, тенденденциялары мен даму болашағын оқып-үйрену; –жалпы білім беретін мектепте математиканы оқытудың әдістемелік жүйесінің негізгі компоненттерін оқып-үйрену; -математиканы оқытудың педагогикалық үдерістің жалпы әдіснамасынан туындайтын әдістерін, мазмұнын, құралдары мен формаларын іріктеумен байланысты ғылыми түсініктерді қалыптастыру; - математиканы оқыту үдерісінің мазмұны мен оны ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық негіздерін оқып-үйрену; - математиканы оқыту барысында техникалық құралдар мен заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері мен тәсілдерін оқып-үйрену; -мектеп математика курсын ізгілендірумен, саралаумен және оқу үдерісін ұйымдастырудың әрекеттік және технологиялық амалдары тұрғысынан алғандағы математиканы оқытудың қазіргі заманғы бағыттары туралы түсініктерді қалыптастыру; –білім алушылардың математика мұғалімінің кәсіби қызметінің негізгі түрлерін жүзеге асыруда қажет болатын тұлғалық және зияткерлік сапаларын дамыту. Пәнді оқып-үйренудің әдістері: ғылыми-педагогикалық әдебиетке, Мемлекеттік білім стандарттарына, оқу бағдарламаларына, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарға теориялық талдаулар жасау, озат педагогикалық тәжірибелерді бақылау, оқып-үйрену және жалпылау, әңгімелесу, сауалнама, анализ және синтез, аналогия, классификациялау, т.б. Математиканы оқыту әдістемесі ғылым ретінде қалыптасу мен даму- дың ұзақ кезеңінен өтті. Оның ғылым ретіндегі даму кезеңдері мектептегі математикалық білім беру ісін реформалаумен тығыз байланысты. Математиканы оқыту әдістемесіндегі маңызды өзгерістер XX ғасырдың 30- ыншы, 70-інші, сондай-ақ 90-ыншы жылдары жүзеге асты. Оның дамуының келесі кезеңі Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептер үшін математикадан отандық білім беру стандарттары мен оқу-әдістемелік кешендердің жасалуы мен енгізілуіне байланысты. «Математиканы оқыту әдістемесі» курсы мынадай оқу пәндерімен тығыз байланысты: 1) философия; 2)психология; 3)педагогика; 4)математика; 5)математика тарихы. Математика сабақтарының сапасы ең алдымен мұғалімнің кәсіби дайындығына байланысты. Мұғалімнің кәсіби дайындығы деп нені түсінеміз? Ол құрылымы жағынан өте күрделі, көп қырлы және шығармашылық еңбекті талап ететін үздіксіз процесс. Біздің ойымызша, қазіргі заманғы мұғалімнің математиканы оқыту бағытындағы еңбегі жемісті болуы үшін, оның төмендегідей құрылымдағы кәсіби дайындығы жоғары деңгейде болуы керек.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет