Дәстүрлі сыныптық-сабақтық технологияның ерекшелікері мыналар: - оқушылардың жас ерекшеліктері бір деңгейде болады және дайындық көлеміне қарай сыныпты құрайды. Бұл құрам негізінен мектептегі кезеңде еш өзгеріссіз сақталады; - сынып біріңғай жылдық жоспармен және бағдарламаға сай сабақ кестесімен жұмыс істейді.Осыған сәйкес балалар мектепке бір мезгілде және алдын ала белгіленген уақытта келулері тиіс; - оқудың негізгі бірлігі-сабақ; - сабақ бір пәнге, бір тақырыпқа арналған. Бір сыныптың оқушылары бір материалмен жұмыс жасайды; - сабақта оқушылармен жұмысты мұғалім жүргізеді.Ол жеке пәндер бойынша әр оқушының білімін жеке-жеке бағалап, жыл соңында сыныптан сыныпқа көшіру мәселесін шешеді: - оқулық негізінен үй тапсырмасын орындау үшін қажет; - оқу жылы, оқу күні, сабақ кестесі,оқу демалыстары,үзілістер, сабақтар арасындағы үзілістер – бұлардың бәрі сыныптық сабақтық жүйенің атрибуттары.