1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет9/76
Дата03.01.2022
өлшемі1.47 Mb.
#450892
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   76
ТОКСИКОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ555

9.1.4. Тақырыбы: Өндірістік улардың организмге әсері

Сағат саны –1 сағат

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Тыныс алу мүшелерінің зақымдануы.

2. Қан жүйесіндегі өзгерістер.

3. Жүрек–тамыр жүйесінегі (ЖТЖ) өзгерістер.

4. Асқорыту жүйелеріндегі өзгерістер.

Дәріс тезисі:

Қандай да болмасын зиянды заттың тигізетін әсеріне организмнің қайтаратын жауабын организм мен у арасындағы өзара қатынастың нәтижесі деп қарастыру керек.

Өнеркәсіптік улар организмге әр түрлі және күрделі әсерлерін тигізе отырып, жалпы патологияларда белгілі: қабыну, дистрофиялық өзгерістер, аллергия, қызба, қатерлі ісік процестері, ұрық дамуының бұзылуы сияқты патологиялық процестерді тудырады.

Организмде әр түрлі патологиялық процестердің дамуы көбінесе эндогенді және экзогенді химиялық заттар арасындағы бәсекелік қатынастарға байланысты.

Экзогенді заттарды алмастыра немесе оларды табиғи қоспалар құрамынан ығыстыра отырып, бәсекелес экзогенді заттар биохимиялық реакциялардың қалыпты жүруін бұзады. Бұл жағдай клеткалар, тіндер, мүшелер мен бүтіндей организмнің құрылымдары мен қызметіне міндетті түрде әсерін тигізеді.

Мұндай өзара қатынастар өнеркәсіптік улардың тек жергілікті әсерінен ғана емес сонымен қатар, олардың организмнің ішкі ортасына түсуі нәтижесінде де байқалады.

Химиялық заттардың әсеріне организмның қайтаратын патологиялық реакциясының ең көп тараған және жақсы белгілі түрі қабыну процесі.

Қабыну процестерінің қарқындылығы химиялық заттардың активтілігі мен қоспалардың физикалық-химиялық қасиетіне және басқа да факторларға тәуелді болады.

Аталған факторларға байланысты қабыну процесі кезінде альтерация, экссудация немесе пролиферация сияқты оның компоненттерінің бірі болмаса, бірі айқын байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет